Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-221435476533 %67 %
2019-10-237823143 %57 %

Медициналық қызмет: сан мен сапа не дейді?



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 10:40 - 2019/10/10


Медициналық қызмет: сан мен сапа не дейді?

Соңғы жылдары денсаулық сақтау саласына бөлініп жатқан көңіл де түзу, қаржы да көп. Соған қарамастан елі­міздің медицинасында шешімін тап­паған мәселе де, қордаланған түйткіл де азаяр емес. Әсіресе, әлі күн­ге өңір­дегі емханалар мен ауру­ха­на­лардың заманауи құралдармен жаб­дықтал­мауы, дәрігерлердің қағаз­бас­ты­лықтан құтылмауы, тегін меди­ци­налық қыз­мет­тің сапасыздығы, тағы­сын тағы.

Қоғамның кез келген өкілінен «Отандық медицинаға көңіліңіз тола ма?» деп сұрасаңыз, иығын қиқаң еткізуі мүмкін. Себебі, тегін меди­ци­на­лық көмекке жүгінген бұқараның көңілі пәс. Таңнан кешке дейін кезек күту, қабағы қатулы дәрігер, одан қала берді әрі-бері сандалыс. Жергілікті ем­ханаға тегін қараламын һәм емделемін деп келген науқас бәрібір ақылы ем­хананың есігін қағады. Неге десеңіз, кейбір мемлекеттік емханалар жаңа медициналық құралмен жабдықтала қоймаған. Оның үстіне дәрігерлердің салғырттығы мен біліксіздігі көзге ұрып тұрады. Диагнозды дұрыс қой­ма­ғанның салдарынан ажалын жақын­датып алған сырқаттардың мұңы бір бөлек. Статистикалық көрсеткіші тө­мендемей тұрған ана мен бала өлімі жабулы қазан жабулы күйде қалады. Содан кейін де ақ халаттыларға қара күйе жиі жағылып жататыны жасырын емес.

Бір мысал. Былтыр қыста туысым ауылдан Алматыға арнайы жол­да­ма­мен ота жасатуға келді. Дәрігер жас жігіт. Жоғары оқу орнын бі­тір­геніне де көп болмаған. Сөйлесе ке­ле, әлгі хирург-дәрігер «Ауылда тұ­рады екенсіз, бір соғым әкеп бе­ріңіз...» деген талабын төтесінен қойыпты.

Қазақ «Малым – жанымның са­да­ғасы» демей ме, екі сөзге келмей, басын изей берген туысым жағасын ұстап, айтқанда «Бұл пара беру, жемқорлық дерті тереңге тамырлап кетіпті, тіпті кейінгі буын да ауызданып үлгеріпті-ау» деген ой маза­лаған-ды. Бұл ой көмейде тұншыққан күйі қалды. Себебі, туысым да бұл дәрігер туралы жа­рия етпеуімді өтінді. Біз жаны­мы­з­дың аман қалуы үшін әуелі Алладан медет етіп, сосын дәрігерге имандай сене­міз. «Адам өмірінің арашасы – ақ халатты абзал жандар» деп ерекше құрметтейміз. Шын мәнінде, өз ісіне адал, жауап­кер­шілікпен қарайтын кәсіби ма­мандар көп, бір өкініштісі «бір құмалақ­тың бір қарын майды шірітетіні» жаман.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында үш жылдық бюджет аясында денсаулық сақтау са­ласына – 2,3 трлн теңге көзделетінін жет­кізді. «Медициналық қызметтерге қол­же­тім­ділікті қамтамасыз ету маңызды. Бұл ретте денсаулық сақтау саласындағы көр­сеткіштерде, әсіресе ана мен бала өлімі жағынан аймақтық дисбаланстар айқын байқалады. Иә, соңғы атаған көрсеткіш дамыған елдерге қарағанда әлі де нашар. Үкімет әрбір аймақ үшін басым­дық тізімін әзірлеуі және соның негізінде бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз етуі тиіс», – деді Президент. Бұ­дан бөлек, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қа­зақ­станда міндетті әлеуметтік медици­на­лық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Бұл тұрғыда Мем­лекет басшысы: «Әрбір аза­матқа айтарым: мемлекет тегін меди­циналық көмектің кепілдендірілген көле­мін сақтап қалады. Оның қаржы­лан­дырылуына алдағы үш жылда 2,8 трлн теңге бөлінеді. Үш жылдық бюджет ая­сын­да 2,3 трлн теңге денсаулық сақтау сала­сын дамытуға жұмсалады. Үкімет меди­­циналық әлеуметтік сақтан­ды­ру жүйесін іске асыруға баса маңыз беруі тиіс. Ендігәрі қателік жіберуге қа­қымыз жоқ», – дегенді қадап айтты.

МӘМС: жаңа жүйе жарылқай ма?

Бұған дейін халық арасында жиі тал­­қыланған Мемлекеттік әлеу­мет­тік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйе­сіне 2020 жылдан бастап түбегейлі көше­тін болдық. Денсаулық сақтау ми­нис­трі Е.Бір­танов Үкіметте міндетті әлеу­меттік меди­ци­­налық сақтандыру жүйесі мен кепілден­діріл­ген тегін меди­ци­налық көмек шең­бе­рінде көрсетілетін қызмет­тердің жаңа пакеттерімен таныс­тырып, медициналық көмекті кімнің тегін алу құқы бар, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген кө­ле­міне не кіреді, жар­на төлегендерге көр­сетілетін қыз­мет­тер несімен ерекше­ле­не­тінін тәптіштеп бер­ді. Оған сай тұрғындар екі түрлі меди­ци­налық пакет бойынша кө­мек алады. Яғни, келер жылы кепіл­дендірілген меди­ци­­налық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтан­дыру жүйесі қатар жүреді. Бірінші пакет бо­йынша Үкімет жар­налардан түскен қар­жыны өз мой­нына алады. Яғни, Үкімет 15 категория бо­йын­ша жарнаны өзі төлеп отырады. Оның ішінде балалар, мүгедектер, ҰОС ардагерлері, зейнеткерлер, батыр аналар, үш жасқа дейін баламен отырғандар ке­­піл­ден­ді­ріл­ген медициналық пакет ар­қы­­лы тегін көмек алады. Бұрын­ғы­дай ал­ғаш­­қы меди­ци­налық көмек, же­дел жәрдем шақыру, санитарлық авиа­ция көмегі, басқа да науқастың өмірін құтқаруға қажетті дәрігерлік көмектің барлығы те­гін көрсетіле береді. Екіншіден, науқас­тың дертін анық­тау мен толықтай емдеуге қажетті шығынды жабу ендігі жерде МӘМС жүйесі арқылы іске асы­рыла­ды. Бұған маман дәрігердің кеңесінен бастап, дертті анықтау мен емдеуге қа­жетті шараның барлығы кіреді. Стацио­нар­лық ем алу түрі мен дәрі-дәрмек тізбесі ұлғая­ды. Қажетті диагностикалық құрылғылар мен қондырғылар қызметі де қолжетімді болмақ. Яғни, қазіргі күні тұр­ғын­дар қо­сым­ша қаржы шығындап отыр­ған меди­циналық қызметтердің барлығы міндетті сақтандыру жарнасы есе­бінен төленеді. Азаматтар өз табы­сы­нан тиісті мөлшер­де­гі соманы «Міндетті әлеуметтік меди­ци­налық сақтандыру қоры» коммер­ция­лық емес акционерлік қоғамының есебіне аудара алады. Жи­нақ­тау жүйесіне төлей­тін жарна мөлшері сатылап өсетіні тағы бар. Мысалға, 2017 жыл­дың 1 шілде­сінен бастап міндетті жарна табыстың 1 пайы­зын құраса, 2018-2019 жыл аралы­ғында 1,5 пайызға өзгерді. Ал алдағы жыл­дан бастап жарна 2 пайыз­ға көбейіп, 2022 жылдан 3 пайызды құ­рауы тиіс. Бұл емдеу мекемелеріне қойы­ла­тын талапты күшей­тіп, бәсекелестікті арттырады. Тек жарна уақы­тылы төленуі тиіс. Мәселен, меди­ци­налық сақтандыру жарнасын тө­леуден Ал­маты қаласы көш бастап тұр. Қорға жиналған жалпы қар­жы­ның 20 пайыздан астамы мегаполис тұрғын­да­рына тиесілі.

Алматы облыстық Денсаулық сақ­тау басқармасының басшысы Бауыржан Ыс­қақтың айтуынша, 2020 жылы толық қол­данысқа енгізілетін жүйе 1 қыр­күйек­тен бас­тап Қарағанды облысында пилот­тық жоба ретінде іске қосылды. «1996 жы­лы тәжірибе ретінде енгізілген меди­ци­налық сақ­тандыруға енді дайын бол­дық. Ол кез­де қа­­­зіргідей тә­жірибе болған жоқ, қағаз­бас­тылық көп еді, мүмкін сон­дықтан да қа­телік болған шығар. Меди­ци­налық сақ­­тандыру тәсілі мен оны жү­зеге асы­ратын теті­к­тері жұмыс істе­меді. Кім білсін, мамандардың жауап­сыздығы мен білігінің төмен болуы да жобаның іске аспауына әкелген шығар. Сондай-ақ, қаржыны жинақтау мен төлем желісі нақ­тыланбады және жинақтау жүйе­сінде ашық­тық болмады. 2016 жыл­дан бері мін­детті әлеуметтік медици­налық сақтан­ды­руды енгізу бойынша ме­дициналық қауым­­­дастық арасында және жұмыс беру­ші­л­ер мен тұрғындарға да кең көлемді ақ­параттық-түсіндіру жұмыс­та­ры жүр­гізіліп келді» дегенді жеткізді.

Демек, медицина да жаңарып, өсіп, қай­­та жабдықталып отыруы керек. Бұл әл­­бет­те қаржыны қажет етеді. Осы уа­қыт­қа де­йін тұрғындардың денсаулы­ғын сақ­тау­ға мем­ле­кет қана жауапты болып кел­ді. Қазір өмір үшін күрес тым қымбатқа түсу­де. Дерек бойынша, елі­міз­де тәулік бойы ем алудың құны 1,5 есеге, ал күндізгі станционар бо­йын­ша 2,5 есеге өскен. Неге? Маман­дардың айтуын­ша, медицина саласына қатысты техно­логия­ның қыз­меті қымбат. Қазір қол­да­нысқа озық ме­ди­циналық тех­но­логия­ның жемісі саналатын диагностиканың 450 түрлі әдісі мен құрылғысы еніп үлгерді. Мемлекет қаржысы медициналық қыз­мет­ті ре­фор­малауға міндетті бол­ға­нымен, науқастың ем-дом алуына қажетті шы­ғынды өтей алмай­ды. Адамдар сол се­беп­тен де ақы­лы қыз­метке жү­гі­нуге мәж­бүр. Соңғы 5 жыл ішін­де адам­­­дардың түр­лі мен­шік тү­рі­н­дегі емха­на­лар мен ау­ру­ханаларға жұм­саған қар­жысы 680 млрд тең­ге­ні құ­­рап­ты. Бұл – же­ке адам жұм­сауға тиіс­ті шы­ғын­ның 42 пайы­зы­на же­тіп отыр. Ал Дү­ние­жү­зі­лік ден­саулық сақтау ұйымы талабы бо­йын­ша мұн­дай шы­ғын 20 па­йыз­дан ас­па­уы тиіс. Де­­­­­мек, ме­ди­ци­­на са­­л­асына мін­дет­­­ті сақ­тан­­­ды­ру жү­й­е­сін ен­гізудің қа­жет­тілігі де, тиім­ділігі де осы.

Bloomberg аг­ент­­тігі: Қазақстан 44-ор­ында

 Қа­зақ­стан­­ның әр­бір аза­­маты те­гін ме­ди­ци­на­лық кө­мек алу­­ға құ­қы бар. Алай­да, тегін­нің са­пасы ой­дан шыға бермейді. Сондықтан да қалтасы қалың азамат­тар басы ауырып, бал­ты­ры сыздаса ақылы қыз­метке жү­гі­неді. Мұн­да­ғы дәрігердің де жалақысы тәуір, сенімен адам жанын емдеуші маман ретінде сөйлеседі. Жалпы, дәрігердің жылышырай танытып, тіл табысуы да науқастың кө­ңіл-күйін едәуір көтереді. Осы жағынан алғанда тегін медициналық қызмет көрсететін ме­кемеде жұмыс істейтін кейбір қызметкерлердің мәде­ниеті де, білігі де төмен екенін жасырып қайтеміз. Ал мұның бәрі еліміздің әлем алдындағы көрсеткіштеріне кері әсерін тигізуі әбден мүмкін.

2018 жылдың күзінде американдық Bloomberg агенттігі ден­саулық сақтау саласы­ның сапасы мен тиім­ділігі жөнінде әлем­дік рейтинг жүргізді. Мұнда негізінен адам­ның өмір сүру жасының ұзақтығы, денсаулық сақ­­­тау саласына бөлі­нетін бюджет шы­ғыны, әр тұрғын басына шақ­қан­да кететін меди­ци­налық қызмет құны есепке алынған. Бұл тізімде көшті Гонконг, Сингапур, Испания үштігі бастап тұр. Ал Қазақстан тізімдегі 56 мемлекеттің ішінде 44-орында. Мәселен, Гонконгта өмір сүру ұзақ­тығы 84,3 жас болса, денсаулық сақтау саласына кететін шығын ЖІӨ-нің 5,7 пайызын құрайды, бір тұрғынға кететін медициналық қызмет 2,2 АҚШ долларына жетеғабыл. Ал Сингапурде өмір сүру ұзақтығы – 82,7 жас, ЖІӨ-нің 4,3 пайызы осы салаға жұмсалады. Тіпті, биыл медицинаға 11,7 АҚШ доллары (4,5 трлн теңге) бөлінген көрінеді. Үштікті аяқтаған Испания тұрғындарының ұзақ жасы – 82,8.  Мұнда ЖІӨ-нің 9,2 пайызы осы салаға бағыт­талады. Енді өзімізге келсек, Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы – 72 жас, медицинаға бөлінетін шығын ЖІӨ-нің 3,9 пайызын құраса, бір адамға 379 АҚШ доллары жұмсалады. Былтыр денсаулық сақтау саласына мемлекеттік бюд­жеттен шамамен 1,17 трлн теңге бөлінсе, биыл – 1,18 трлн теңге, келер жылға – 1,15 трлн теңге көзделмек. 2018 жылы елімізде 6,8 мың мемлекеттік, 113 ведом­ства­лық және 1,4 мың жеке­мен­шік ұйымдары (194 ау­рухана, 11162 амбула­тор­лық-емха­на­лық, 44 меди­ци­на­лық орта­лықтар мен ұйым­дар) жұмыс істеген.

Әрине, әлемнің эконо­ми­касы дамыған, әлеуметтік жағ­дайы жоғары, білім мен медицинасы бірізге түскен ел­дерімен салыстыру, оларға таяу уақытта жетеміз деу әбестік шығар. Алайда, ахуал өзгерсін де­сек, бәрін өзімізден бастау керек. Дә­рі­гер маман­ды­ғына адал, ісіне жауап­кер­шілікпен қа­раса, оларға тиісті мөл­шерде жоғары жалақы төленсе, одан бергіде медициналық мекемелер соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталса, нау­қас­тың диагнозы дұрыс қойылса, сонда ғана қызмет көрсету сапасы жақсарып, халықтың өмір сүру жасы ұзарар ма еді, кім біл­сін?!

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1058016
Пікірлер

Көрші сілтемелер