Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-181098330835 %65 %
2019-10-19685218738 %62 %

Көктөбеге 40 мың түп алма ағашы отырғызылады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 17:00 - 2019/10/09


Көктөбеге 40 мың түп алма ағашы отырғызылады

Көктөбеге 35-40 мың Сиверс алма ағашы және «Атакент» аллеясына 3 мың көшет отырғызылады. Бұл туралы Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының Жасыл қорды мониторингілеу және басқару бөлімінің басшысы Олжас Жанысбаев мәлімдеді. 

«Биыл күзде жасыл экономика департаменті Алматы аумағына 139 мыңға жуық ағаш отырғызуды жоспарлап отыр. Оның ішінде 50 мың ағашты өткен сенбіде Мохнатка тауына отырғыздық. Осы сенбіде, 12 қазанда Көктөбе тауына 35-40 мың түп Сиверс алмасы отырғызылады. 19 қазанда «Атакентте» 3 мыңға жуық ағаш отырғызылады. Одан әрі көгалдандыру жалғасады, Атлетикалық ауылда 4 мыңға жуық ағаш, Саялы мөлтек ауданында 2 мың ағаш, Алатау ауданындағы «Алатау» театрының жанында 700 ағаш, Зерделі және Жас қанат ықшам аудандарында тиісінше 700 және 3500 ағаш отырғызылады», - дейді Жанысбаев.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1057749
Пікірлер

Көрші сілтемелер