Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-01-241670648361 %39 %
2020-01-25980317759 %41 %
2020-01-26455130253 %47 %

Дәурен Абаев: Биыл 43 телехикая эфирге шығады деп жоспарланып отыр



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 14:10 - 2019/09/11


Дәурен Абаев: Биыл 43 телехикая эфирге шығады деп жоспарланып отыр

Бұл туралы министр Дәурен Абаев елордада өтіп жатқан Astana Media Week шарасында айтты.

«Медиа саласындағы азаматтар мұны жақсы біледі.  Сонда да айтып өтейін, телесериалдар бюджет есебінен қаржыландырылады. Жалпы, 2016 жылы мемлекеттік тапсырыспен 16 сериал түсірілді. Осы жылы бұл көрсеткіш айтарлықтай артты. Мысалы, биыл 43 телехикая эфирге шығады деп жоспарланып отыр. Үш есе өскен. Алайда біз мемлекеттік телеарналарға ғана емес, жекеменшік арналарға да көп көңіл бөлеміз», деді министр.

Министрдің айтуынша, 15 отандық сериалға 9 елге лицензиясы берілген.

«Сан артқан жерде шығармашылық бәсекеге де жол ашылады. Оны білесіздер. Осылайша, сериалдар индустриясын қалыптастырудағы мүмкіндік пайда болады. Бұрын біз отандық  сериалдарды аз дедік. Енді түсірілген сериалдарды сыртқа сатуды бастадық. Мысалы  көршілес мемлекеттерге, 15 отандық сериалға 9 елге лицензиялық құқықтар берілді. Бұл жұмысты одан ары жалғастырамыз», деді Д. Абаев.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1046576
Пікірлер

Көрші сілтемелер