Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171131356739 %61 %

Арыстағы балалар үйінің тәрбиеленушілері Молдовада жүр



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 14:00 - 2019/09/11


Арыстағы балалар үйінің тәрбиеленушілері Молдовада жүр

Арыс балалар үйінің төрт тәрбиеленушілері 8 қыркүйекте Молдова астанасына ұшып келді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық жасөспірімдердің дүниетанымын кеңейтіп, рухани байытуға ықпал ететін осы іспеттес семинарды оқу жылының басында өткізу бастамасын Сыртқы істер министрлігінің «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының үйлестіруімен Қазақстанның Кишинев қаласындағы Бас консулдығы көтерген.

Бастама авторларының қайырымдылық акциясына демеушілік білдіру ұсынысын «KMG International» компаниясының бөлімшелері: «Rompetrol Молдова», «KAZROM FLOUR» ЖШС, «Cricova-vin», «SupremaLex» компаниялары және Гагаузияның атқарушы комитеті көтерді.

Бас консулдық пен «Rompetrol Молдова» компаниясының өкілдері тур қатысушыларын Кишиневтің халықаралық әуежайында қарсы алып, ұзақ жолға қарамастан, бірден қалалық турды бастады.

Кейінірек, балалар жаңа піскен жемістер мен көкөністерге бай ұлттық тағамдардан дәм татып, дастарқан басында сапар туралы алғашқы әсерлерімен бөлісті, жергілікті салт-дәстүрлер туралы құныға тыңдап, қазақстандық өмір салтынан ерекшеліктері жайында өз пікірлерімен бөлісті.

Болашақта эстрада жұлдызы болуды армандайтын Оралбек Жүсіпов сапар туралы үлкен әсермен әңгімелейді. «Біз үшін, әрине, Молдавияға шақырылғанымыз туралы хабар күтпеген жерден келді. Естіген күннен бастап біз ұшаққа отыруды асыға күттік. Жол өте жақсы өтті, ұшақ қонған кезде біз қаланы терезелерден сәл көре алдық. Біз әуежайдан шыққан кезде ауа-райы тамаша болды. Маған Молдованың ұлттық музыкасы өте ұнады. Мен онымен болашақта жақынырақ танысамын деген үміттемін, мүмкін бір әнін үйреніп алармын. Мен бұл сапардан көп нәрсені күтемін», дейді Оралбек.

Әңгіме барысында балалар өздерінің өмірлері мен болашаққа жоспарлары туралы ықыласпен айтты. Олар ересек өмірге оптимистік көзқараспен қарап, таңдаған мамандықтары бойынша жоғары маман болуды армандайды. Мысалы, Толғанай Масалиева математика пәнінің мұғалімі болуды жоспарлаған, ал Бексұлтан Әлібек Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қызметкерінің жолын таңдаған.

Белгілі хирург болуды армандаған Карина Сулайманова шетелге алғашқы сапары жайлы есте қалған сәттері туралы баяндап берді. «Молдова бізге өте ұнады – климаты сондай жылы, ауа да таза. Кишиневтің өзі өте жасыл және әдемі қала екен. Біз осы елдің тарихы туралы, оның халқы туралы мүмкіндігінше көп білгіміз келеді, оларға біздің Қазақстан туралы айтып бергіміз келеді», дейді кішкентай Карина.

«Мен біздің бүлдіршіндеріміз үшін өте қуаныштымын. Олардың бақытты, шабыттанған жүздерін, сапардан, өздеріне деген ықыластан, ересектердің жылы лебізі мен мейіріміне бөленгеннен үлкен әсер алғанын көру мен үшін үлкен қуаныш. Бұл сапар біздің оқушыларымыздың ғана емес, сонымен бірге осы жазда үлкен сынақты бастан кешкен Арыс қаласының барлық тұрғындарының жүрегіне жол табатынына сенімдімін», - дейді балалар үйінің директоры Меруерт Сүйіндікова.

«Бізді қолдаған барлық қазақстандықтарға алғысымыз шексіз. Молдавияға балаларға арналған тур ұйымдастыруға көмектескен Қазақстанның Бас консулдығына, Сыртқы істер министрлігіне және«Нұр Отан» партиясына ерекше алғыс білдіргім келеді», - деп қосты М.Сүйіндікова.

13 қыркүйекке дейін жалғасатын саяхат барысында арыстық жеткіншектер Молдавияның мұражайларын, мәдени және тарихи орталықтарын, аквапаркті, ойын-сауық орталықтарын, Еуро-2020 іріктеу кезеңінде ойнайтын Молдова-Түркия футбол матчын көруді және Қара теңізге баруды жоспарлап отыр.

Дүйсенбі күні балалар Молдованың оңтүстігіндегі Гагаузия автономиялық-территориалдық бөлігінің астанасы Комраттағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсіні орналасқан Даңқ аллеясына барды және оның аумағындағы өзге де белгілі нысандарда болды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1046570
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Бас инспектор ақау шыққ 4 min
Бокстан әлем чемпионаты 9 min
Тоқаев: СҚО-ны газданды 9 min
Бас инспектор ақау шыққ 13 min
Ақтөбе мен Орынбор шека 19 min
Қазақстанның бірқатар а 19 min
ҚР Президенті отандық а 22 min
Жол апаты кезінде оқиға 28 min
Нұр-Сұлтанда Қазақстан- 29 min
Президенттік жастар кад 29 min
Шамалғандағы апат: Поли 1 sagt
Аз ұлттардың 11 – кезек 1 sagt
Қасым-Жомарт Тоқаев СҚО 1 sagt
Күрес түрлерінен әлем ч 1 sagt
Елордаға әлемдік діндер 1 sagt
Президенттің Петропавлғ 1 sagt
Әйелдер күресінен әлем 1 sagt
Қазақстан мен АҚШ байыт 1 sagt
Қазақстан құрамасының б 1 sagt
Жүңгөнің өз жолы жөнінд 1 sagt
KASE қорытындысы: $1 = 1 sagt
Алматыға жер сілкінісін 1 sagt
Нарынқол ауылына бір жы 1 sagt
Қазақстанға автокөлік ә 1 sagt
Алматыға жер сілкінісін 1 sagt
Қуандық Шамахайұлы. Ұял 1 sagt
Жаңа жүңгө құрылғандығы 1 sagt
Әлемдік және дәстүрлі 1 sagt
ЖИҺАД ЕМЕС, ТЕРАКТ R 1 sagt
«Жаңа латын әліпбиін ен 1 sagt