Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-02-22736167358 %42 %
2020-02-231681640664 %36 %
2020-02-24827246942 %58 %

Винокуров жарты жылға сотталуы мүмкін



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 11:00 - 2019/09/11


Винокуров жарты жылға сотталуы мүмкін

Бельгия прокуратурасы қазақстандық және ресейлік бұрынғы велошабандоздар Александр Винокуров пен Александр Колобневты жарты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бүгінде спортшыларға қатысты сыбайлас жемқорлық бойынша іс қаралуда, деп хабарлайды «РИА Новости».

Екі спортшы 2010 жылы өткен «Льеж-Бастонь-Льеж» жарысында өзара келісіп алған деп айыпталды.

10 қыркүйекте мемлекеттік айыптаушы оларды 6 айға бас бостандығынан айырып, Винокуровқа 100 мың еуро, Колобневке 50 мың еуро айыппұл салып, оның банктегі есепшотынан 150 мың еуро тәркілеуді сұрады.

Льеж соты үкімнің 8 қазанда шығатынын мәлімдеді.

Бұған дейін БАҚ-та Винокуровтың ресейлік спортшыға мәреде берілгені үшін 150 мың еуро бергені туралы хабарланған еді. Алайда екі спортшы да аталған ақпаратты жоққа шығарды.

Колобнев 2017 жылдың басында карьерасын тәмамдаған. Ал Винокуров бүгінгі таңда «Астана» велокомандасының бас менеджері болып табылады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1046482
Пікірлер

Көрші сілтемелер