Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-16532315249 %51 %
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-189343834 %66 %

Ақтөбе облысынан ҚХР-ға мұздатылған сиыр етінің бірінші партиясы жөнелтілді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 19:00 - 2019/08/13


Ақтөбе облысынан ҚХР-ға мұздатылған сиыр етінің бірінші партиясы жөнелтілді

«АкТеп» ЖШС-мен 20 тонна мұздатылған сүйексіз сиыр еті вакуумдық қаптамада Қытай Халық Республикасына жөнелтілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, аграрлық несие корпорациясы етті тұқымды ірі қара малды сатып алу арқылы асыл тұқымды шаруашылық-репродукторды қаржыландыруды жүзеге асырды. Қарыз сомасы - 9,3 млрд теңге. Сондай-ақ Аграрлық несие корпорациясы мал бордақылау алаңын толтыру үшін тауарлық мал сатып алуды да қаржыландырды.

Айта кету керек, ол ҚХР-ға жеткізіледі. Тауарлық мал сатып алу 2,13 млрд теңгеге жүзеге асырылды. «Актеп» ЖШС үш жыл бойы Аграрлық несие корпорациясының адал клиенті болып табылады. Осы уақыт ішінде корпорация 13 мыңнан астам асыл тұқымды – төлдейтін мал басын сатып алуды қаржыландырды.

Тек ағымдағы жылдың өзінде-ақ Австралиядан, АҚШ пен Ресейден 5 мыңнан астам асыл тұқымды ірі қара мал басы сатып алынды. Аграрлық несие корпорациясы қаржыландыратын жоба қуатты Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында төлдейтін ірі қара мал басын ұлғайтуды көздейді. «Ақтөбе ет кластері» ЖШС - бұл жоғары сапалы сиыр етін өндіруге маманданған экспорттық-бағытталған ет комбинаты. Кәсіпорын ет кластері өндірісінің толық циклындағы соңғы аяқтаушы нысан болып табылады. Комбинат ет өңдеу саласына толық қызмет көрсетеді және өзінің бордақылау базасы бар «АкТеп» ЖШС-мен айрықша жеткізу шарты бар. Сатып алынған мал ІҚМ бағуда тәжірибесі бар ауылдық кооперативтерге жалға берілетін болады. Орта есеппен бес шаруа қожалығынан тұратын бір кооперативке 1000 бас ірі қара мал беріледі. Осылайша, «АкТеп» ЖШС тарапынан репродукторларды салуға күрделі жұмсалымдарсыз-ақ облыста жыл бойы бордақылау алаңына және ет комбинатына ет бағытындағы сапалы малдарды жеткізетін асыл тұқымды шаруашылықтар құрылатын болады.

Бүгінгі күні «Алашанкоу фуксин трейд», «Ситик», «Шенчжень Вей Джиа интернейшенел Трейд» компаниялармен ет жеткізу бойынша меморандумдарға қол қойылған. Болжамды жеткізу көлемі жылдың соңына дейін 4000 тонна сиыр етін құрайды.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1033984
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


ШҚО-да ақын Абайдың тағ 5 min
Тұңғыш рет БАҚ өкілдері 17 min
Хоккей: «Барыс» Швейцар 1 sagt
Францияда егіздерге арн 1 sagt
Пара алған Қызылжар орм 2 sagt
Аманқос Ершуов | Әдеби 2 sagt
Тағы бір қазақстандық G 3 sagt
Украинада өртенген қона 3 sagt
Гүлбақыт Қасенова | Әд 3 sagt
Кезекті қазақстандық Go 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Аты аңызға айналған бок 3 sagt
АҚШ-та компьютердегі ақ 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Даниал Ахметов көпбалал 4 sagt
Гонконгте мұғалімдер ше 5 sagt
Ыстамбұлда нөсер салдар 5 sagt
Түркістан облысында АӘК 5 sagt
Бұлбұл Қартаңбаева АҚШ 5 sagt
Теннистен Азияның коман 5 sagt
Қарқаралының ұлттық пар 5 sagt
Көліктегі көп ойлар 5 sagt
Қазақстан «Танк биатлон 5 sagt
Мемлекеттік кеңестің ақ 6 sagt
Қарқаралы ұлттық паркін 6 sagt
Түлкібас ауданында жаңа 6 sagt
Атырау облысында бетон 6 sagt
Исламдық қаржыланды 6 sagt
Индонезияда кеме өртені 6 sagt
Еліміз шеберлері қазан 6 sagt