Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-111970784544 %56 %
2019-12-121633409037 %63 %
2019-12-13756201740 %60 %

Ұлттық экономика министрі қай облыстар артта келе жатқанын айтты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 18:40 - 2019/08/13


Ұлттық экономика министрі қай облыстар артта келе жатқанын айтты

Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов өңірлердің 2019 жылдың қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін айтты. Бұл туралы BAQ.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

"Өнеркәсіп бойынша 3 облыс артта қалып келе жатқан өңірлердің қатарында. Атап айтсақ, Қызылорда (-9,6%), Батыс Қазақстан (-3,8%) және Маңғыстау (-1,4%) облыстары. Бұл өңірлерде мұнай және газконденсатын өндіру қысқарған. Ауыл шаруашылығы бойынша барлық өңірлерде өсу қамтамасыз етілген. Айтарлықтай ұлғаюды Ақмола облысы (11,1%) көрсетіп отыр. Құрылыс бойынша теріс серпін Шымкент қаласында(-34,4%), Маңғыстау облысында (-30,4%) және Нұр-Сұлтан қаласында (-12,5%) сақталуда", - дейді Дәленов.

Оның айтуынша, бірқатар өңір бірнеше көрсеткіш бойынша жақсы серпін көрсетуде. Бұл өнеркәсіп, өңдеу, кен өндіру, ауыл шаруашылығы, құрылыс, тұрғын үйлерді пайдалануға беру және инвестициялар салалары бойынша.

"Қостанай облысында 6 көрсеткіш, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында – 5 көрсеткіш, Атырау, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында – 3 көрсеткіш жоғары өсуді көрсетуде. Маңғыстау облысы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары бойынша бірнеше көрсеткіш бойынша төмендеу байқалады", - дейді министр.

Бұған дейін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов биылғы жылдың 7 айында жалпы ішкі өнімнің өсуі 4,2%-ға дейін жеделдегенін айтқан болатын.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1033975
Пікірлер

Көрші сілтемелер