Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-21488310821 %79 %
2019-07-22557193641 %59 %
2019-07-23315106937 %63 %

Домбыра үні күмбірлеген күн



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 13:00 - 2019/07/11


Домбыра үні күмбірлеген күн

Өткен жексенбіде елімізде Ұлттық Домбыра күні тойланды. Шілденің алғашқы жексенбісін ұлттық аспабымыздың төл мерекесіне айналдыру туралы шешім ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен өткен жылы қабылданған еді. Бұл Жарлық Ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және қайта жаңғырту идеясының төңірегінде қоғамды одан әрі топтастыру мақсатында шығарылған болатын.

Атаулы мереке елордада биыл да ерекше тойланды. Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық Домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтті. Осыған орай «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаң былтырғыдай үлкен сахнаға айналып, елорда тұрғындары мен қонақтары күмбірлеген күй, әуелеген ән тыңдады. Мерекелік концертті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та көппен бірге тамашалап, жиналған жұртты Ұлттық Домбыра күнімен құттықтады. «Төл мәдениетімізге деген қамқорлық әрқашан мемлекеттің айрықша назарында болады. Біз қазақтың дәстүрлі әнін, күйін елімізге ғана емес әлем жұртшылығына танытып жүрген өнерпаздарымызға лайықты қолдау көрсете беруіміз керек. Олар – халқымыздың ұлттық болмысын сақтау үшін еңбек етіп жүрген өнер тарландары. Домбыра бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін теңдесі жоқ мәдени мұра. Ұлттық руханиятымызды  дәріптейтін мереке  домбыраның мәртебесін  биікке көтере берсін!», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы Қазақстан бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан ұлт пен ұлыстардың мекені екенін баса айтты. Елімізде түрлі халықтардың мәдениеті өсіп, өркендеп отырғандығына назар аударды.

Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы ұйымдастырған жаппай концертке қатысуға ниеттілер орындайтын 6 күй алдын ала таңдалды. Олардың қатарында «Сарыарқа», «Адай», «Әлқисса», «Көңіл толқыны», «Балбырауын» және «Көроғұлы» күйлері бар. Мереке барысында күмбірлеген күйден басқа көпшілік назарына «Жастар» театрының актерлері тарихи қойылымын ұсынды, елордалық музыка мектептерінің шәкірттері өз өнерлерін ортаға салды. Қонақтар ақындар айтысын тамашалауға да мүмкіндік алды. Ал ақындар ұлттық музыкалық аспабымыз – домбыраны жырға қосты. Айтулы шара өткен алаңға бірнеше ақшаңқан үйлер де тігілді. Көрме ұйымдастырылып, музейде көздің қарашығындай сақталған құнды жәдігерлер қойылды. Арасында сал-серілер өз дәуірінде ұстаған көне домбыралардың көшірмелері болды.

Домбыра күнінде көпшілік алдында өнер көрсетуге іргедегі елді мекендерден келгендері де бар. Бұл мереке елді осылай ұйыстырды.

 

Әсел ӘНУАРБЕК

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1021849
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Осы араны басып көріңіз 5 min
БАӘ-де қазақстандық қой 8 min
Құрылыста отандық матер 14 min
Арасанда шяңзысу саяхат 14 min
Аптап ыстық қашанға дей 14 min
Еліміз жаратылыстық бай 15 min
Ержан Жиенбаев ҚР Премь 15 min
Ресей реваншистері туы 15 min
Ши жинпиңның жаңа ٴдауы 15 min
Еліміздің бірқатар өңір 17 min
Ақмолада киікті қорғаға 21 min
Осы араны басып көріңіз 25 min
Үй жағдайындағы тырнақ 29 min
Елімізде қанша көл мен 29 min
Шымкент жастарының құқ 1 sagt
Автономялы райондық әйе 1 sagt
Тоғызыншы қабаттан құла 1 sagt
Қазақстан 60-тан аса ел 1 sagt
Алғашқы нәтижеге қараға 1 sagt
”шинжяңның ауыл шаруашы 1 sagt
Бұл Президент сынын ха 1 sagt
Жас босанған әйелдің өл 1 sagt
Жерді сату және жалға б 1 sagt
Ардақ Назаров жастарды 1 sagt
Ақмолада киікті қорғаға 1 sagt
Шетелдік жұмыс күші бар 1 sagt
Желтоқсанда жаңа Эколог 1 sagt
Үлкен наншан халықаралы 1 sagt
Сыртқы сауда дамуының с 1 sagt
Линжың юе – ы зорлықты 1 sagt