Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-111970784544 %56 %
2019-12-121633409037 %63 %
2019-12-1312325433 %67 %

Болат Кальянбеков – «Nur Media» холдингінің бас директоры



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 11:50 - 2019/07/11


Болат Кальянбеков – «Nur Media» холдингінің бас директоры

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында: «Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев «Nur Media» холдингінің жұмысын қайта қалыптастыруды алдымызға міндет етіп қойды. Бұл бағытта партия ресурстарының жұмысын «жаңа» медиаға басымдық бере отырып жүргізудің маңызы зор. Осыған байланысты Болат Кальянбеков холдингтің бас директоры қызметіне тағайындалды. Жаңа қызметте табыс пен сәттілік тілеймін!» деп жазды.

Болат Кальянбеков 1979 жылы туған. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Саясаттану» және Қазтұтынушылародағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Құқықтану: экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мәдениет және ақпарат минис­трлігінде әр жылдары қатардағы маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы, сондай-ақ, Ақпарат және архивтер комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің ақпараттық сала секторының инспекторы әрі жетекшісі болды. Қарағанды қаласының Ішкі саясат департаментінде және Ақпарат басқармасында еңбек еткен. Қарағанды облысының Саран қаласы әкімдігінде жастар саясаты мәселесімен айналысқан.

ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз хатшысы, 2019 жылдың 5 наурызынан бері «Алматы» телеарнасының бас директоры қызметтерін атқарды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1021809
Пікірлер

Көрші сілтемелер