Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-181098330835 %65 %
2019-10-197719138 %62 %

«Túrkistan» тойы Қырғыз жерінде аталып өтпек



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 11:30 - 2019/07/11


«Túrkistan» тойы Қырғыз жерінде аталып өтпек

12-14 шілде аралығында Қырғызстанның Ыстықкөлінде осымен жетінші мәрте ұйымдастырылып отырған халықаралық журналистика және коммуникация жазғы мектебі «Túrkistan» халықаралық газетінің 25 жылдық мерейтойына арналып отыр.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық уни­верситеті Журналистика факультетінің ұйым­дастыруымен өтетін халықаралық журналистика және коммуникация жазғы мектебінде басылым қызметкерлері дәріс оқып, өз тәжірибелерімен бөліспек. Атап айтқанда, «Түркістан» халықаралық газеті» ЖШС директор-бас редакторы Қуат Әуесбай, бас редактордың орынбасары Бейбіт Тоқтарбай, жауапты хатшы Динара Мыңжасарқызы, шолушы Ахмет Өмірзақ жазғы мектеп қатысушыларына газет шығару, ақпараттық-сараптамалық талдамалы материалдарды бүгінгі талапқа сай әзірлеу, өңдеу мәселесі, конвергентті журналистика қағидалары туралы баяндайтын болады. Аталған іс-шараға сонымен қатар, еліміздің және көршілес шет мемлекеттердің үздік медиа мамандары, ҚР БҰҰ Ақпараттық бюро жетекшісі, шетелдік ЖОО оқытушылары мен Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің өкілдері  қатысады.

«Түркістан-ақпарат»

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1021795
Пікірлер

Көрші сілтемелер