Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-14457388527 %73 %
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16433263247 %53 %

Cыйлыққұмарлықтың сыры не?



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 10:20 - 2019/07/11


Cыйлыққұмарлықтың сыры не?

Абай сынаған теріс әдеттен тыйыла аламыз ба?

Бәріміз мектепте оқып жаттап алған және күні бүгінге дейін есімізден шықпайтын Абай өлеңдерін есімізге түсіріп көрейікші, мәселен, «Әсемпаз болма әрнеге». Соның ішінде мынадай жолдар бар еді ғой:

Пайданы көрсең бас ұрып,

Мақтанды іздеп, қайғы алма.

Мініңді ұрлап жасырып,

Майданға түспей бәйге алма.

 

Өзіңде бармен көзге ұрып,

Артылам деме өзгеден.

Күндестігін қоздырып,

Азапқа қалма езбеден.

Өсем деген, болашағымды көркейтем деген адамның есінен бір сәт те шықпауы тиіс, саналыға нағыз рухани құбыланама болатын сөз емес пе осы? Бірақ Абай айтты екен деп, сөздің дұрысы осы-ау деп, шындыққа басын ауыртып жүрген жұрт бар ма бүгінде? Мәселен, сыйлыққұмарлар...

Сыйлық – қайсыбір салаға лайықты еңбек сіңірген тұлғалардың қызметін бағалап, рухани тұрғыдан марапаттау құралы ғой. Адамзат қоғамында қауымдасып өмір сүру басталғалы бар сыйлық деген нәрсе, бәлкім, о баста жұрттың бәрі жақсы көрген бір тұлғаның дәрежесін көтеру үшін ойлап табылған болар. Алайда уақыт өте келе ол жарамсақтықтың құралына айналып кеткендей. Жай сыйлық беріп, тілектестігін білдіру немесе жұрт алдында лайықты тұлғаның мәртебесін көтеру үшін сый жасаудың жылдар өте келе мемлекеттік марапат деңгейіне көтерілуі – өскен қоғамның белгісі болса, біреудің жолын кесу арқылы дегеніне қол жеткізуге ұмтылушылардың сыйлықты пара деген пәлеге айналдырып жіберуі адамзат қоғамының қасіреті...

Бір нәрсе бар, ешкім ешкімнің ниетіне тосқауыл, қызыққанына кедергі болуға хақысы жоқ. Бірақ қоғамда сыйлыққұмарлықтың өршуі – адам санасынан парасаттың шегінуіне, ұсақтық пен іріліктің арасындағы айырманың жоғалуына жеткізбей қоймайды.

Әрине, сыйлықтың түрі көп, бірақ елге белгілірегі – әдебиет пен өнерге қатысты берілетін сыйлықтар. Жұрттың сыйлық мәселесінде айтар әңгімесінің көбі де осы маңайда.

Жасыратын несі бар, кеңестік кезеңде әдебиет пен өнер саласындағы бәсекелестік, тіпті, саяси сипат алып кеткені бар. Бір мемлекет құрамындағы қайсы республика мемлекеттік дәрежені көп иеленгені, қайсысына сыбаға аз бұйырғаны жайындағы көрсеткіш сол елдердің мәртебесінің биіктігіндей, абыройының асқақтығындай көрінгені рас.

Басқаны былай қойғанда, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы үшін КСРО Мемлекеттік және халықаралық Лениндік сыйлықтың лауреаты болған қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов ұлттық әдебиеттің ғана емес, Қазақстанның абыройын көтерген тұлға болды. Сол сияқты Жамбыл Жабаев, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Жұбан Молдағалиевтай қаламгерлерімізге КСРО Мемлекеттік сыйлығының, Олжас Сүлейменов, Мұхтар Шахановтай ақындарымызға Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының берілуі – сол тұста үлкен абырой болғаны рас. Өйткені ол кезде сыйлық, өте сирек жағдайда болмаса, негізінен талантты, лайықты қаламгерлерге берілетін. Орталықтан ғана емес, республикалық деңгейде берілетін сыйлықтарға да беру кезінде қатаң талап қойылатын. Мәселен, қазақ ақын-жазушыларына 26 жыл бойы (1964-1990)  берілген Қазақ­стан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаттарын қарап көрейік:

Олжас Сүлейменов, Әнуар Әлім­жанов Саттар Ерубаев (қайтыс болған соң берілді), Қадыр Мырзалиев (Қадыр Мырза Әли), Жұмекен Нәжімеденов, Тұманбай Молдағалиев, Надежда Лушникова, Мұхтар Шаханов, Төлеген Айбергенов (қайтыс болған соң берілді), Сағат Әшімбаев, Оралхан Бөкеев (Оралхан Бөкей), Күләш Ахметова, Роллан Сейсенбаев,

Баққожа Мұқай, Асқар Егеубаев, Ұлықбек Есдәулетов (Ұлықбек Есдәулет), Бақытжан Қанапянов, Байбота Серікбаев (Байбота Қошым-Ноғай), Ерік Асқаров, Есенғали Раушанов,  Тұрсынжан Шапай.

Қарап отырсаңыз, кілең қазақтың талантты қаламгерлері. Бұл ол тұстағы сыйлық мәселесінде қатал сұрыптаудың ғана емес, әділ бәсекелестіктің де көрінісі секілді. Әрине, бұл сыйлыққа ілінбей қалған таланттар аз емес, десек те, алғандарды осал дей алмаймыз.

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері әдеби сыйлықтардың аты да, дәрежесі де өзгерді. Бұрынғы республикалық сыйлықтар Мемлекеттік сыйлықтарға айналды. Алайда бір кездегі қатал сұрыптау мен іріктеулер адыра қалып, мемлекеттік сыйлық беру жөніндегі комиссияның шешімімен (онда комиссия құрамына кіретін белгілі бір саланың білгірлері мен басқа саланың мамандарының дауыс күші бірдей) беріліп жатқан сыйлықтарда жыл сайын бедел қалмай бара жатыр. Тіпті, Мемлекеттік сыйлықтың екі жыл сайын пайда болатын жаңа лауреаттарын халық мысқылмен қарсы алатын жағдайға жетті. Бұған түрлі сайттар мен әлеуметтік желідегі жазбаларды оқысаңыз көз жеткізесіз...

Жалғанда сыйлықтан қашқан қадірден жаман нәрсе бар ма?

Бір кезде екі жылда бір берілетін сыйлыққа, сала бойынша алғанда, бір не екі адам ғана ие болатын. Ал қазір ше? Кезінде мәртебесі жоғары болған Халық­аралық «Алаш» сыйлығының» бір ретте 42 адамға, тағы бір ретте 19 адамға бірден берілуі, сол сияқты Атырау облыстық Махамбет атындағы сыйлықтың осыдан аз ғана уақыт бұрын жиырмаға жуық адамға бір мезгілде үлестірілуі марапаттың қадірін кетіргеннен басқа не болсын? Бүгінде тіпті, лауреат емес қалам­гердің өзі жоқ сияқты...

Сыйлықты талантты мойындаудың бірден-бір жолы секілді көргеніміз сондай, халқына сөзі белгілі, ешбір ресми мойындаусыз-ақ ұлты ұлы деп таныған Мұқағали Мақатев пен Асқар Сүлейменовке, Жұмекен Нәжімеденов пен Шәмші Қалдаяқовқа қайтыс болғаннан кейін бәлен жыл өткенде Мемлекеттік сыйлық бергіздік. Сол керек пе еді? Бала-шағасына азы-кем тиын-тебен берілді демесек, материалдық байлықтың бақилық болған кісіге не пайдасы бар? Қайта олардың төрдегі басын есікке сүйреп, мәртебелі марапатты пысықтықпен алған кейбіреулермен дәрежесін теңестірдік те қойдық...

«Байдың асын байғұс қызғанады» дейді ғой, біз жұрттың неше рет сыйлық алғанында, қалай алғанында шаруамыз жоқ, бірақ сыйлыққұмарлардың өзде­рі­нің абыройын көтерер марапаттың қадірін өздері кетіріп жатқанына жанымыз ашиды. Пысықтықпен лайықты адам­ның жолын кесіп, біреуге тиісілі игілікті орынсыз иемденіп кету арқылы, таланттарды танытуға арналған – ізгі ниеттен туған марапаттың құтын қашыру адамдыққа жат емей не? Соның кесірінен лайықты тұлғалардың пәлен жыл қалам тербеген еңбегін бағалап берілген сыйлықты ол жұртқа көрсетіп мақтана алмаса, сыйлықтан не қайыр?

Жалпы сыйлықтың аз болғанынан, көп болғаны дұрыс та шығар. Бірақ сол сыйлықтардың әрқайсысының өз дәрежесі болса... Лайық еместерге берілмей, барынша қатал талаппен, жоғары талғампаздықпен берілсе... Бірақ ол әзірге арман болатын түрі бар.

Жалпы қазақтың сыйлыққұмарлығы қызық құбылыс. Бізде әр кітабы сайын сыйлықты қалпақпен ұрып алатындар бар, сол сияқты жазғандары мықты бола тұра кім көрінгенге берілетін қадірсіз сыйлықтарды қанағат тұтуға мәжбүр болатындар, тіпті, ешбір сыйлыққа ілінбей өтетін таланттар да бар. Ал бұл – соқыр емес көздің бәрі көруге тиіс әділетсіздік қой.

Осыдан отыз-отыз бес жыл бұрын сыйлықтың, ғылыми дәреже мен атақтың салмағы болды. Академик, еңбек ері, мемсыйлықтың лауреаттары барлық жерде құрметке ие болды. Сондықтан жұрттың оған деген қызығушылығын түсінуге болады. Алайда уақыт өте келе сыйлық пен марапаттың құны түсіп, қадірі кете бастады. Оны кетірген өзіміз...

Бүгінде әдебиет пен өнер, ғылым мен БАҚ саласында екі жылда бір, жыл сайын беріліп жататын сыйлықтар аз емес. Шын мәнінде оған қол созғандарды сыйлықтың аты емес, ақшасы қызықтырады. Таластың көп болатыны да содан. Алайда әділ беріліп, еңбегіне қарай марапаттап жатса қане?!

Жалпы «мемлекеттік» деген дәрежесі бар марапаттар талантты адамдарға, көркемдігі жоғары шығармаға, БАҚ саласында мемлекеттік идеологияны насихаттап, еңбек сіңіріп жүргендерге беріліп жатса, оның елге де қадірі болмас па еді? Өкінішке қарай, бізде оның бәрі керісінше сияқты...

Тағы да Абайға үңілуге тура келеді... «Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық».  Өткенде жазушы Қуандық Түменбайдың газеттен бір сөзін оқып қалдым: «Осы жерде алпысқа келген қаламгер інім Қалидың (Сәрсенбай)  баспасөзде жарияланған «Аға деген ауру бар» деген тәмсіл сөзі жанымды қалай тілгілегенін айта кетейін. Бұл – артық айтылған сөз емес, мергеннің мүлт жібермеген «снайпер» сөзі. Қазір өзіңнен үлкенді «аға» деп алға салсаң, ол шала боп бықсиды да жатады. Жаға болу қаперіне кірмейді, «талқанды мен бірінші жеймін» деп бас салады, ініге «же!» деп иек қақпайды. Ізімді басқан інімнің қарны ашады-ау деп әсте ойламайды», – депті қаламгер. Иә, кезінде мемлекеттік марапатты иелеуде «үлкендер алдымен алсын» деген принциптің болғанын да ешкім жоққа шығармас. Бірақ қазір ондай «сарыла күтуден»  арылсақ та, неге соншалық қуанбайтын болдық?

Шымкент қаласындағы бір кездесуде көрнекті қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлен Әбдіков ағамыз сөздің ретіне қарай «Мемлекеттік сыйлықтың иегері болғанға мақтанатын заман өтіп кетті ғой. Жұрттың сынына жиі ұшырап жүрген сол құрғыр сыйлық... менде де бар» деген екен. Еліміздегі ең үлкен марапат туралы халқына сыйлы, жазғандарының көркемдігі жоғары санаулы жазушымыздың бірі солай деуге мәжбүр болса, басқаларына не жорық?

... Өткенде 19 адамның бірі болып «Алаш» сыйлығына қолы жеткен бір ақын ағамызбен сыйлық алған күні таксиде бірге қайтқанымыз бар. Сонда,   лауреат болғанымен құттықтап, лебі­зі­мізді білдіргенімізде: «Қадірі кетіп қалған сыйлық қой... Тек елге барғанда «пәлен сыйлықтың лауреаты» деген аты үшін керек демесең...» деп қойды салқын ғана. Айта берсек, бұдан басқа да мысал көп. Бірақ... осының бәрі неге осылай? Шынымен қадірімізді кетіре түсетін пәлеге қол созудан арыла алмаймыз ба? Сыйлық – қадірлі болса ғана сыйлық емес пе? Ал оның қадірін кетіріп жүрген тағы өзіміз болсақ...

...Егер Абай тірі болғанда, «сабырсыз, арсыз, еріншек, сыйлыққұмар жалмауыз» деп өлеңін қайта жазар ма еді, қайтер еді?

P.S.

Соңғы жүз жылдықта тән дертінің түрі көбейсе де, оны емдеудің де жолдары табылып жатыр. Бірақ қазаққа сіңісті болып бара жатқан түрлі теріс әдеттердің қасына «сыйлыққұмарлық» деген жан дерті қосылып, онсыз да ынтымағы аумалы-төкпелі аз елді жікке бөлудің құралына айналса, одан қауіпті нәрсе жоқ. Елдің ертеңі үшін сыйлыққұмарлықтан арылу да бір жақсылық шығар...

Ахмет ӨМІРЗАҚ

«Тúrkistan»

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1021750
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Оралда қос бірдей жасөс 5 min
Британдық дәрігерлер си 8 min
Нұр-Сұлтаннан Шанхай ме 11 min
Ыстықкөлде жоғалып кетк 14 min
Димашпен салыстыру, өм 19 min
Хилұңжяң: емдеу арқылы 19 min
Оқу-ағарту істеріне таб 19 min
Тоқаев Мемлекеттік қызм 19 min
Астанада аптап ыстықтан 20 min
Бүрітбай Аяған: Ғылымға 23 min
Қазақстан ыстық десеңі 24 min
Ирак ДАИШ балаларын алы 28 min
Оралда туристер мінген 29 min
Ыстықкөлде скутермен жү 1 sagt
Партя орталық көмитетін 1 sagt
Чанжоудағы студент өлім 1 sagt
Ең сүйікті өрт өшіруші 1 sagt
Алматыда көлік өртенді 1 sagt
Үйленуге дәнекер болу – 1 sagt
Павлодар облысы әкіміні 1 sagt
Павлодар облысы әкіміні 1 sagt
«халық гәзеті»: кәдрләр 1 sagt
Атакентті жаңғырту жоба 1 sagt
«Құдайы қонақ» дегенімі 1 sagt
Арыс қаласында 1 172 үй 1 sagt
Жаңа iPhone-да қандай 1 sagt
Ас ішіп, аяқ босатар, е 1 sagt
Азық-түлік хәуіпсіздігі 1 sagt
Қазақстан Президенті Ме 1 sagt
Оралда суға батуға әрек 1 sagt