Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-18518216236 %64 %
2019-07-19552224339 %61 %
2019-07-208342330 %70 %

Бүкіләлемдік саяхатқа шыққан қазақстандықтар | «Жас Өркен» танымдық порталына қош келдіңіздер!



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жас-өркен торабы

Жолданған уақыты: 11:40 - 2019/02/22



Жер көріп, ел танығысы келмейтін жан жоқ шығар. Бірақ бəрімізді ішімізде бір нəрсе тоқтатады. Бай болу керек, тіл білу керек деген себептеріміз толып жатыр. Зобар мен Надежда есімді қазақстандық саяхатшылар ешқандай кедергіге
қарамай, жер шарын аралауға шығыпты. «Осыған дейінгі саяхатымызда Қазақстан деген елдің бар екенін білмейтіндерді кезіктірдік. Мақсатымыз – біздің қандай ел екенімізді таныту», – дейді өздері. Екі жылға жоспарланған бүкілəлемдік саяхаттың бүгін 153-ші күні. Қазіргі аялдама – Аргентина.

Зобар Ядигаров пен Надя Войцеховская əлемнің жиырмадан астам елінде болған. Көбіне бірге саяхаттайды. Ең алғаш əлеуметтік желі арқылы 2013 жылы танысыпты. Ортақ қызығушылығы көп жұп 2018 жылдың 19 қыркүйегінен бастап бүкілəлемдік саяхатқа бірге шықты. Екеуі де Қарағандының тумасы. Зобар аудармашы мамандығын бітіріп, фото-видео саласында жұмыс істейді. Ал Надя Химия жəне жаратылыстану
ғылымдары мамандығы бойынша дипломын былтыр алған екен.

– Надямен саяхатты бірге бастадық деуге болады. Алғаш барған еліміз – Қырғызстан. Одан кейін Үндістанға, Еуропаға бардық. Бір елде бір ай тұрып келетінбіз. Біраз елді аралаған соң көп адамның саяхаттаудан қорқатынын байқадық. Əлеуметтік желіде де біздің осылай қыдырып жүргенімізге таңғалып, қызығатындар көп. Шетелде біздің елді танымайтындар бар. Сондықтан «Еркіндік гені» деп аталатын жобаны бастап, əлемді тоқтаусыз аралауды бастадық.

Жүрген жерімізде Қазақстан туралы, оның көрікті жері мен тарихы жөнінде айтамыз, көк туымызды тастамаймыз. Елімізге шақырамыз. Əрі адамдарға саяхаттаудың аса қиын емес екенін көрсеткіміз келеді. Бұл жобаның Оңтүстік Америкада жергілікті халықпен өз тілдерінде сөйлесу, Тынық мұхитының жағасында таңды қарсы алып, йогамен айналысу, əлемнің əр түкпірінен дос табу секілді əзірге 55 мақсаты бар. Бірнеше мықты демеуші тауып, жобамызды өткіздік. Еуропа, Оңтүстік Америка, Орталық Америка, Солтүстік Америка, Аустралия мен Азиядағы шамамен 26 елге барамыз. Бұған дейінгі саяхатта талай рет «аузымыз күйген» сəттер болды. Ал қазір кез келген елде бір футболка, бір шалбармен қалсаң да өмір сүріп кетуге болатынын білеміз. Біраз елге бару үшін безгекке қарсы екпе ектірдік. Онсыз ауру жұқтырып алуымыз мүмкін. Екпе салдырғаның жөніндегі сертификатсыз виза да бермейді. Автостоппен саяхаттаймыз.

Бұл саяхат түрі үшін адамның жүргізушімен тез тіл табысып кетуі міндетті емес. Жол ақысын қызықты, пайдалы əңгімемен өтеуге болады. Жүргізушімен келіспеушілік болған бір сəт қана есімде. Əзербайжанда айтқан жеріме жеткізген соң, менен ақша сұрағаны бар. Басында тегін апара жатқанын түсінбеген сияқты. Кешірім сұрап, көліктен түсіп кеттім. Blablacar деген саяхатшыларға арналған такси бар. Жүргізуші белгілі бір жерге жету үшін өзіне жолсерік іздеп, бағасын қояды. Салыстырмалы түрде осы көлікпен жетіп алу арзан. Кейде ақысы қымбат көрінсе де, ойланбай брондай беріңіз. Қашанда саудаласуға болады. Жүрген жерімізде ақшаны картада ұстаймыз. Қолма-қол ақша картаны жиі пайдаланбайтын немесе əр сатып алған затыңа көп ақша ұстайтын елде керек. Мысалы, Еуропаға 360 еуромен келдік. Бірақ барлық жерде карта қабылдайтын болғандықтан, еуромыз сөмкеміздің түбінде жатыр. Ал Аргентинада картамен төлейін десек, комиссиясы көп. Əрі карта туралы барлық мəліметті алып қалады. Демек, картадағы ақшаны пайдалануы мүмкін деп қауіптенуге болады, – дейді Зобар.

Надя алғашқы саяхатын үш жыл бұрын бастаған. Америкада Work and travel бағдарламасы бойынша төрт ай болған. Ал Зобар сол кезде Түркияға аттанады. Саяхаттаудың каучсерфинг деген жаңа түрі бар. Couchsurfi ng.com арқылы адамдар саяхатшыларды үйіне тегін қондырады. Сайтқа кіргенде өзіне қонақ ететін адам туралы пікірлер мен фотоларға көп мəн беру керек. Каучсерфинг бойынша үлкен қиындыққа кезіккен кездері жоқ. Өйткені əлемде ниеті таза адам біз ойлағаннан да көп дейді.

– Чилиге автостоппен бара жатырмыз. Бір қалаға жетіп қалдық. Түнейтін жеріміз жоқ. Дүкенге кіріп,өте нашар испаншаммен дүкендегі əйелден бір түнге қондыруын сұрадым. Бізді үйіне апарып, пиццаға тапсырыс берді. Ағасымен бірге тұрады екен. Өздері асханаға матрас төсеп ұйықтады да, бізге кереуетін босатып берді. Тегі үнділер екен. Таңертең рақметімізді айтып, ары қарай жылжыдық. Чилиде бір ауылға тоқтадық. Артымызда біреу ысқырады. Басында шляпасы бар, ковбой екен. Каучсерфинг арқылы талай туристі қонақ қылыпты. Үйінен бір апта бұрын қонақ болған қазақстандықтың дəптерін тауып алдық. Бұл
кісіге алғысын білдіріпті. Таңертең жұмысына кетіп бара жатып, пəтерінің кілтін бізге ұстатты. Сенесіз бе, кеше ғана танысқан адам бізге бүкіл бір үйін сеніп тапсырып отыр, – дейді Зобар. – Тура осындай жағдай Францияда болды, – деп Надя сөзге қосылды. – Парижге ұшып келдік. Үйіне қондыратын қыз соңғы сəтте бас тартты. Ұшақта саяхатшы жігітпен таныстық. Баратын жеріміз жоқ екенін білген соң, досының каучсерфинг бойынша қонақ қабылдайтынын айтып қалды. Нөмірімізді алып, келесі ұшаққа мініп кетті. Бірнеше сағаттан соң байланысқа шығып, əлгі досы бізді қабылдауға дайын екенін айтты. Қуанып кеттік. Нəтижесінде Париждің қызылды-жасылды ауданындағы өте жайлы пəтерде тұрдық. Саяхат біздің күнделікті айналысатын ісімізге кедергі болмауы керек. Зобар екеуміз жүгірумен, йогамен айналысамыз. Велосипед тебеміз. Былтыр бүкілəлемдік саяхатқа шыққанда Париждегі бұл досымыз бізді тағы қарсы алды. Рио де Жанейрода досы бар екен. Біз туралы айтыпты. Солайша кейін Риода жақсы адамның жайлы пəтерінде тұрдық.

Зобар жалғыз саяхаттағанның жақсы екенін, алайда өзің сияқты серігіңнің болғаны одан да жақсы екенін айтады.

– Жиырмадан аса елде болдым. Жалғыз немесе Надямен бірге саяхаттаппын. Кеше танысып, бүгін саяхатқа бірге шығып кетуге болмайды. Надя екеуміз вегетарианбыз. Ақша үнемдеу үшін əрі етсіз дайындалатын дəмді тағамды табу оңай бола бермейтіндіктен, үйде тамақ пісіреміз. Саяхат алдында менің сөмкем 15 келі болса, Надянікі 14 келі болды. Қазір жүгіміздің салмағы аса өзгере қоймады. Ағылшын тілін білемін. Əзербайжан тілінде аздап сөйлей аламын, орысшаға жетікпін. Қалған тілдерде гугл-аудармашы «көмекке келеді», – деді Зобар.

Зобар мен Надя үшін ең қымбат ел – Швейцария. Мұндағы ең төменгі баға – 10 доллар. Екі саяхатшы да Үндістан сапарын ерекше еске алады. Адамдары қонақжай, тағамдары өте дəмді əрі өмір сүру де арзан дейді. Халқы қонақжай елдерге Аргентина, Грузия, Бразилия мен Ұлыбританияны жатқызады. Ал Таиландтың тамағын тойынып жей алмапты. Тұрғындары туристерге көмекке асықпайтын ел ретінде Испанияны атауға болады екен.

Зобардан саяхат кеңестері:

1. Егер тез арада киім кептіру керек болса, оны орамалға орап, жақсылап сық.
2. Қаланы аралап жүргенде тамаққа ақша үнемдеу үшін үйден контейнерге тамақ салып шық.
Пакеттегі шəй мен құрғақ кофені алып шығып, асханадан қайнаған су сұрауға болады.
3. Ақшаны туристер көп жүретін аудандар мен вокзал, əуежайдан басқа жерде ауыстыру керек. Бұл жерлерде курс қашанда жоғары.
4. Ұшаққа кірерде жаныңа алатын сөмке үлкенірек болса, оны тексере бермейді. Жүгіңді жеңілдету үшін қабат-қабат киініп, қалтаға сыйғанынша керек затты салып тастаған дұрыс. Бастысы, мұны рейске тіркелуге дейін жасап қойыңыз.
5. Кəдесыйға кететін ақшаңызды əсер алатын нəрсеге жұмсаңыз.
6. Аяқ киімің міндетті түрде ыңғайлы болсын. Бұл қымбатын сатып ал деген сөз емес.
7. Сол елде бір емес, бірнеше рет болған адамнан ғана кеңес сұра.
8. Автостопты көрші қалаға барудан баста. Африкадан Антарктидаға бір-ақ тартудың қажеті шамалы.
9. Қаржыңды жоспардан тыс құртпа. Не болса соған қызығып сатып ала берме.
10. Фото-видеодан бір күнге толықтай демалып, саяхаттың лəззатына ен.
11. Адасып кетсең немесе телефон мен интернет желісі қажет болса, адамдардан көмек сұраудан қысылма. Адамдар сен ойлағаннан да мейірімді!
12. Ылғи бос бөтелке алып жүр. Оған таза суды толтырып алатын жер табылады.
13. Иығыңды күнге күюден сақта. Əйтпесе, рюкзак асына алмай қаласың.
14. Жоғалып кетпе. Тым болмаса аптасына бір рет елдегі жақындарыңмен байланысқа шық.
15. Алба-жұлбаң шығып жүрмесін. Ал егер ылғи қырынып, шаш кесуге мүмкіндік болмаса, мен сияқты шашыңды да, сақал-мұртыңды да өсіріп қой. Аяқ киім мен тырнағың таза болсын.
16. Сыртта саяхаттап жүргенің үшін көп алғыс айт!

Автостоппен саяхаттаудың 5 ережесі

1. Қаладан шығу, екінші қалаға жетуден əлдеқайда қиын. Жолға шығу үшін картадан май құю бекетін тауып алып, оған қоғамдық көлікпен жету жолын іздеңіз. Сонда арзан болады. Ал май құю бекеті – көліктердің ең көп тоқтайтын нүктесі.
2. Көлікті май құю бекеті мен жолда жүру құнын төлейтін терминал орналасқан жерлерден ұстау керек. Олай болмаса көшеде «қартаюға» дайындалыңыз.
3. Көліктен де тек май құю бекетінен түсіп қалыңыз. Тіпті тапқан жүргізушіңіз келесі май құю бекетінен 20 шақырым бұрын бұрылатын болса да, ол көлікке мінбеңіз. Келесі бекеттен өтетін жүргізуші іздеңіз.
4. Жүргізушімен сөйлесіңіз. Бұл əдетте шет тіліңізді жақсартады. Жергілікті тұрғыннан келген қалаңыз туралы көп нəрсе білесіз. Жүргізушіге ұнасаңыз, ол тіпті үйіне де шақыруы мүмкін.
5. Автостопқа тегін жол жүру деп қана емес, түрлі адаммен танысу құралы ретінде қара.

Үздік он елдің артықшылығы мен кемшілігі

1. Америка Құрама Штаттары. Жақсы жағы:
– мүмкіндіктер елі;
– табиғаты əдемі;
– əлемде бар барлық нəрсені тек бір елден табуға болады.

Кемшілігі:
– денсаулыққа пайдалы тамақ ішу үшін көп төлейсің;
– Америкаға бару виза, жолақы мен өмір сүру жағынан өте қиын.

2. Бразилия. Жақсы жағы:
– адамдары қайырымды;
– жемістің түр-түрі бар.

Кемшілігі:
– өте қымбат ел;
– күн өте ыстық;
– қылмыс жасаудан алдыңғы орында.
3. Аргентина. Жақсы жағы:
– мəдениеті саналуан;
– адамдары көмекке асығып тұрады.
Кемшілігі:
– картамен төлеудің комиссиясы көп;
– көкөніс аз;
– көлік қозғалысы қымбат əрі жолы нашар.
4. Грузия. Жақсы жағы:
– əлемдегі ең қайырымды жандар осында тұрады;
– тамағы өте дəмді;
– автостоп жақсы дамыған.
– бəрі арзан.
5. Үндістан. Жақсы жағы:
– ешқандай мемлекетке ұқсамайтын ел (киімі, дəстүрі, өмір салты);
– вегетариандар үшін тамақтың саналуан түрі бар.

– өмір сүру арзан.

Кемшілігі:
– лас;
– жағымсыз иіс шығып жатады;
– үйін сарайдан салған бай адамның қарама-қарсы лашықта тұратын кедей көршісі бар. Қарама-қайшылығы көп ел.

6. Таиланд. Жақсы жағы:
– джунгли дегенді осы елден көрдік;
– өте дəмді, арзан көкөніс түрі көп.
Кемшілігі:
– тағамдары өте нашар;
– жағымсыз иіс шығып тұрады.
7. Нидерланды. Жақсы жағы:
– бəрі велосипедпен жүреді;
– архитектурасы əдемі ел;
Кемшілігі:
– жолы нашар.
8. Түркия. Жақсы жағы:
– автостоп жақсы дамыған;
– тамақтары дəмді;
– əдемі ел.
– аса қымбат емес.
9. Италия. Жақсы жағы:
– елдің атмосферасы жағымды;
– барлық жерде жақсы музыка ойнап тұрады;
– қалалардың өзіндік стилі бар.
Кемшілігі:
– автостоп дамымаған.
10. Польша. Жақсы жағы:
– арзан;
– архитектурасы əдемі ел.

Р.S. «Саяхаттан ешкім бұрынғы адам болып оралмайды». Дүниетанымың
кеңейіп қана қоймай, саяхаттай алғаның үшін өзіңе құрметің артады. Жаңалыққа құштар адам үлгі тұтуға лайық! Зобар мен Надяның елге аман-есен оралуына тілекшіміз!

Таңшолпан
БЕГАЛЫҚЫЗЫ

«Ұлан» газеті, №8
19 ақпан 2019 жыл

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=10&id=955207
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Қазақстанның 4 қаласынд 26 min
Атырауда заңсыз қызмет 1 sagt
Аялдамалар алып тастала 2 sagt
Биыл 3200 адам қажылық 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Республика даңғылында қ 3 sagt
Елордалық полицейлер қа 3 sagt
«Қазақтану» пәні енгізі 3 sagt
Ұлттық кеңестен не күте 3 sagt
Астаналық нарық – жақс 4 sagt
Қазақстанның бірқатар о 4 sagt
Алты жастан мектепке ба 4 sagt
Жылу беру маусымына дай 4 sagt
ҚАЛДЫҚТЫ ДА КӘДЕГЕ ЖАРА 4 sagt
Президент кубогы: Финал 4 sagt
Иран АҚШ санкциясынан қ 4 sagt
Ілгерлеу бар, бірақ бая 4 sagt
Мүгедектерге нысандарды 5 sagt
Пәкістанда экс-премьер 5 sagt
Қарағандыда «Бақытты от 5 sagt
Қиын жасөспірімдер «Жас 5 sagt
19.07.2019 - Parasat ma 5 sagt
Қолды болған құндылықта 5 sagt
Қазақстандық дзюдошылар 5 sagt
Көне дәуірден сырт тарт 5 sagt
Тіл ортақ болмай, қоғам 6 sagt
Муфаса мақалдап сөйлейд 6 sagt
Зеленскийдің партиясы ж 6 sagt
Теннис: Александр Бубли 6 sagt
Тыныштықбек Әбдікәкімұл 6 sagt