Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-18518216236 %64 %
2019-07-19552224339 %61 %
2019-07-20345155438 %62 %

Роналду бастаған туриндік «Ювентус» «Атлетикоға» есе жіберді | «Жас Өркен» танымдық порталына қош ке



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жас-өркен торабы

Жолданған уақыты: 12:01 - 2019/02/21



Бүгін түнде Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы алғашқы ойындар өтті. Роналду бастаған туриндік «Ювентус» командасы мадридтік «Атлетикоға» 2:0 есебімен есе жіберді.

Алаң иелері екінші таймда екі гол соғып, туриндіктерді есеңгіретіп тастады. 8 минутта Хосе Мария Хименес есеп ашса, араға 5 минут сала Диего Годин нәтижені еселеді. Ал оған дейін Альваро Мората соққан гол видеоқайталаудан кейін есепке алынбаған еді.

«Ювентустың» бас бапкері Массимилиано Аллегри ойын туралы пікір білдірді.

«Екінші тайм өте нашар ойнадық. Олар алғашқы голды салғаннан-ақ біз қателік жібере бастадық. Бірнеше мәрте қарымта шабуыл ұйымдастырып көрсек те, бір де бір гол соға алмадық. Ойын тағдырын өзгертуге мүмкіндігіміз бар, біз өзімізге сенуіміз керек. Оңай соқпасын білдік. «Атлетико» баяу ырғақпен ойнап жүріп, қарсыластың ойын өрнегін нашарлататын команда. Бірінші таймда тез қиылдасақ, екінші таймда ойдағыдай ойын көрсете алмадық. Бұл әрине өте нашар нәтиже, бірақ біз барлығын өзгертуге мүмкіндік бар. Оңай болмасын білсек те, тамаша ойын өрнегін көрсетуіміз керек», – деді Аллегри.

Айта кетейік, қарымта кездесу 12 наурыз күні Туринде өтеді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=10&id=954525
Пікірлер

Көрші сілтемелер