Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-14457388527 %73 %
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16372242649 %51 %

Белгілі ақын Ибрагим Исаның туғанына 70 жыл (өлеңдер) | «Жас Өркен» танымдық порталына қош келдіңізд



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жас-өркен торабы

Жолданған уақыты: 15:00 - 2019/02/19



Балалар, ақын Ибрагим Иса аталарыңның есімі халыққа
көптеген ән мәтіндерінің авторы ретінде жақсы таныс. Оның өлеңдеріне жазылған таңдаулы әндерден тұратын «Әнаға» атты альбом жарық көрген. Ақынның «Алтын сырға», «Таң алдындағы ән», «Тербеледі «Тербеледі қайыңдар», «Жанымның жарығы», т.б. жыр жинақтары мен екі томдық шығармалар жинағын кітапхана сөрелерінен тауып оқуға болады. Сондай-ақ Ибрагим Иса көркем аудармамен шұғылданып, коми ақыны И.Куратов, орыс ақыны Н.Рубцов өлеңдерін қазақша сөйлеткен. Өмірінің соңына қарай ақын аталарың «Балдырған» журналының белсенді авторларының бірі болды.
АҚПАН
Біле білсең, достар-ау,
Ақпанда ғой бар қызық.
Сыры мұның басқалау,
Көкейіңе ал тізіп.
Тыңда, кәне, балақай,
Ештеңе емес қалғаны.
Ақпан өтсе, алақай,
Онда көктем болғаны!

Біз сүйеміз бұл айды,
Мейлі отызға толмасын,
Басқа айлардан былайғы
Жасы кіші болғасын.
АНАМ МЕНІҢ
Мейіріміңнен маған деген
Қуанышқа бөленген ем.
Ешбір жаннан сезілмейтін
Жылылықты сенен көрем.
Өшпейтұғын атың мәңгі,
Жүрегімде отың қалды.
Бұл дүниеден таба алмаспын
Жаны сенен жақын жанды.
Аяздардан алып өткен
Кім бар сендей жаны көктем?
Шуақ шашып отырасың,
Келген кезде сағынып мен.
Атың әсем Ана деген,
Бас иеді саған әлем.
Тамырыңды иітетін
Сәбиің боп қала берем.
КЕТІК ДӘУРЕН
Қандырады ұйқыны,
Тыңдамайды ертекті.
Мамасынан күн-түні
Ұрлап жейді кәмпитті.
Не демекпіз тап мұны?
Мүмкін білмей істеді.
Жей берген соң тәттіні,
Түсіп қалды тістері.

Дәурен өсіп келеді,
Жетіге де толды енді.
Тісі бүтін бала еді,
«Кетік бала» болды енді.
«ҚОЙШЫ»
Айтпаушы еді бұрында,
Сөз тауыпты жаңа бір.
Екі сөздің біріндЕ
«Қойшы» дейді Данагүл.
«Қойшы» дейді жасқа да,
«Қойшы» дейді кәріге.
«Қойшы» дейді досқа да,
«Қойшы» дейді… бәріне.

Алмайды айтқан тіліңді,
Неткен қисық бала бұл?
Аты қалып бұрынғы,
«Қойшы» болды Данагүл.
БАҚА
Бақа, бақа, бақ-бақ,
Білмейсіңдер тақпақ.
Қашасыңдар көлге,
Әр жерден бір аттап.
Бақа, бақа, бақ-бақ,
Алқымдарың аппақ.
Тақпақ айтып берейін,
Мен сендерді мақтап.
Бақа, бақа, бақ-бақ,
Кеттіңдер ғой қаптап.
Біздерде көп тақпақ,
Алсаңдаршы жаттап.
ШАТТЫҚ ШУАҒЫ
Кел, билейік бәріміз,
Асқақтасын әніміз.
Біз – өмірдің гүліміз,
Біз – өмірдің сәніміз.
Қандай әсем айнала,
Қуаныштар қайда да.
Туған елдің төсінде
Шаттанбайды қай бала?!
Сенбесеңіз сұраңыз,
Көп қой бізде қуаныш.
Қуанышпен жатамыз,
Қуанышпен тұрамыз.
Шашады күн шуағын,
Жағады түн шырағын.
Бейбітшілік – ұраным,
Қазақстан – тұрағым.
АЛТЫН ТҮСТЕР
Алтын бұйда, ботам болып,
Ойнақтайсың, қашасың.
Алтын қамзол, апам болып,
Алтын қақпа ашасың.
Алтын балық ұстап жүрем,
Күміс көлді жағалап.
Алтын қырау қыста жүрем,
Алтын бақты аралап.

Түсім нұрға боялғанда,
Шақырады әтешім.
Алтын ертек, оянғанда
Қайда қашып кетесің.
«Балдырған» журналы, №1
Қаңтар, 2018
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=10&id=953249
Пікірлер

Көрші сілтемелер