Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-14457388527 %73 %
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16433263247 %53 %

Ришат және сән әлемі | «Жас Өркен» танымдық порталына қош келдіңіздер!



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жас-өркен торабы

Жолданған уақыты: 12:00 - 2019/02/19



Ришат Ишанғали шалғайдағы шағын ауылдан шыққан. Батыс Қазақстан облысының Бөкей Ордасы ауданындағы Саралжын ауылының түлегі. Технология сабағынан бастау алған қолөнерге қызығушылығы оны сəн əлеміне алып келді. Кесте тігу, гобелен тоқу қыз балаға тән іс десеңіз, қателесесіз. Бүгінгі кейіпкеріміз сол таптаурын пікірді бұзып, сəн əлеміне үлесін қосып жүрген дарындардың бірі.

– Мектепті 2014 жылы аяқтап, ҰБТ-дан бар-жоғы 86 балл жинадым. Орыс тілін алып тастағанда 69 балл болды. Дизайнер мамандығына тапсыру үшін қазақ тілі мен тарих пəнінен жинаған балл ғана маңызды болатын. Екі пəннен 50/40 балл жинап, шығармашылық емтиханнан 50 балл алдым. Емтиханның бірінші бөлімі кескіндеу болса, екінші бөлімде сəндік өнерді жасадық. Бірінші бөлім біраз қиынға соқты. Себебі дизайнер болу үшін арнайы сурет мектебінен сабақалу керек. Ауылдық жерде оқыған соң ондай мүмкіндік болмады. Қазақстан бойынша сəн өнері мамандығына төрт университетке 6 грант бөлінді. Алла сəтін салып, 90 балмен Орал қаласындағы Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне оқуға түстім. Группада грантта оқыған жалғыз студент болдым, – дейді Ришат.

Орал қаласындағы оқу ордасына көңілі толмаған Ришат жоғары деңгейде білім ала алмағанын айтады. Кейіннен үшінші курста жүрген кезінде Болон үрдісімен оқуға мүмкіндік болып, Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында «көркем тоқыма» мамандығы бойынша үшінші курстың екінші семестрін аяқтайды. Осы сəттен бастап бала Ришаттың арманы болашақ мақсаттарын нақтылайды. Жастардың қаласына айналған Алматы Ришатқа көп мүмкіндік сыйлайды. Дизайн саласында белгілі, Қазақстанның еңбек сіңірген тұлғаларымен танысады.

– Бағдарлама аяқталған соң Оралға барып, «Сырмақ» тақырыбында диплом қорғадым. Кəдімгідей жүннен киіз бастым. Өлшемі 3.5х2.5 метр. Осы өлшемде болу үшін оны екі есе үлкен қылып жасау керек. Университеттегі үлкен холға, бүкіл кафедраға иісін шығарып бір ай жасадық. Сөйтіп жүріп оқуды да аяқтадық, – дейді күліп.

Жадо, Дана Нәби, Аида Қауменова, Берік Смайылов, Динара Сәтжан…

Дипломын қолға алып, сəн саласының маманы болған Ришат мынадай ойға келген: «Қазақстанның алдыңғы қатарлы 4-5 дизайнерінің қоластында жұмыс істеп көремін деген шешім қабылдадым. Əрқайсысынан өзіме керегін аламын».

Шешім қабылдап, іске қызу кіріскен кейіпкеріміз ең алдымен қазақстандық белгілі
дизайнерлердің бірі Жадоға жұмысқа тұрады. Кейіннен бұл іскерлік қабілетін Дана Нəбиде шыңдайды. Содан соң Астана қаласына барып, Аида Қауменовамен жұмыс істейді. Тек қана тəжірибені аз деп білген Ришат осы салада Берік Смайыловтан курс алады. Динара Сəтжанмен де іскерлік байланыс орнатады.

Ришаттың айтуынша, сол кез үлкен тəжірибе мен нағыз өнер мектебі болған.

– Бойымдағы мүмкін жаман, мүмкін жақсы қасиет – бір жерде ұзақ уақыт тұрақтай алмаймын. Барған жерімде айналадағы адамдарға үйрете бастасам, тоқтату керек деп білемін. Бір жерде біраз уақыт отыру дағдарысқа ұшырататындай көрінеді. Үшінші курсты аяқтайтын кезде М.Мұқанов дейтін дизайнерде жұмыс істедім. Ол кісінің жасаған жұмысына көшірме жасап, өзімді сынап көргім келді. Жоғары баға алдым. Жасаған жұмысымды сыйлыққа берді.

«Нəзік» салаға қадам басқан кейіпкеріміз алғашқы сəттен бастап гобеленнен болсын, дизайнерліктен болсын ақша табуды мақсат тұтпайды. Ең бастысы – осы саланың ең мықты деген мамандарының алдынан өтіп, əріптестік қарым-қатынас орнатуды көздейді. Осы саланың нағыз мамандарымен байланыста болу, үйрену, көру, білу Ришаттың тек мамандық бойынша емес, тұлға ретінде қалыптасуына да айтарлықтай үлес қосқан.

Өнер – ұйықтап жатқан сәби секілді

– Атақты адамдармен жұмыс істеу қорқыныш туғызбады ма?

– Жоқ. Мысалы, сіз үлгі тұтатын тұлғаңыздың алдына барып, «Сізбен жұмыс істегім келеді» деген кезде, «Жоқ, мен сенімен араласпаймын, бірге жұмыс істеуге лайық емессің» десе, онда ол кісінің пікірі, таңдауы. Бірақ нағыз шығармашылық тұлға ондай менмендікке бармайды. Ол кісілерге де адам керек. Байланыс керек. Ондай адамдар сенімен деңгейлес сөйлеседі. Əрбір тұлға мен үшін жаңа кітап секілді. Көремін. Оқимын. Керегімді алғаннан соң, жауып тастап, өзім үшін жаңа кітап жазуға дайындаламын.

– Қазір немен айналысасыз?

– Қазақстанда гобеленнің негізін салған белгілі гобеленшілер бар. С.Бапанова, Б.Зəуірбекова, М.Мұқанов деген есімдердің гобелен өнерінде ерекше орны бар. Солардың бірі атақты гобеленші Құрасбек Тыныбековтың шəкірті – Бəтима Зəуірбекова. Сол кісінің шеберханасында үйренумен қатар, əріптес болып, гобелен саласы бойынша арнайы жұмыстар істеп жатырмыз.

– Қазақстанда гобелен өнеріне сұраныс қалай?

– Қазақстан гобелендері əлемдік деңгейде жақсы бағаланады. Осы салада қазақстандық туындылардың шетелде танылуына Мəлік Мұқанов үлкен үлес қосып жатыр деп айта аламын. Əлемдік деңгейдегі көрмелерде талай мəрте туындылары қойылып, бағасын алған болатын. Қазақ гобеленінің тоқылу техникасы ерекше əрі өте əдемі.

– Өте қатты шыдамдылықты қажет ететін жұмыс қой. Кей кезде шаршайтын шығарсыз?

– Əрине, кейде жіпті мүлдем көргің келмей кететін кездер болады. Шыдамдылық қажет. Гобеленмен айналысатын адамдардың көзі ерте көрмей қалады екен. Себебін өзіңіз де білесіз. Өнімділігі аз. Бəтима Зəуірбекова айтқандай, гобелен тоқу – инемен құдық қазғандай. Дизайнерлерге байланысты мынадай мысал айтқан болар едім. 100 көйлекті махаббатпен тігесіз, 1000 көйлекте шаршайсыз, 10000 көйлектен кейін қарғайсыз. Бірақ екінші күні ешнəрсе болмағандай қайта жұмыс істейсің. Міне, бұл жұмысыңа деген адалдық пен махаббат.

– Бұл салаға келген кезде қандай қиындық болды?

– 1-курста сурет салудан қатты қиналдым. Үш күн салған суретіңді мұғалімдер аяғына таптап тастайтын. Бағаланбайды. Сол сəтте қалай сынбайсың. Бір группаласым мектеп қабырғасынан суретті жақсы салады. Менің үш күн салған суретімді үш сағатта салып береді. Осы кезде қалайша көзден бұршақ-бұршақ жас шықпайды (күліп).

– Ришат, бұл салаға қызығушылық қайдан пайда болды?

– Жапон халқында сакура деген ағаш бар. Кез келген жапонның шығармашылыққа деген көркемдік талғамын қалыптастырады. Біздің ауылда шие ағашы болатын. Олар көктем мезгілінде гүлдейді. Гүлдеген кезде жапырақтары жерге үзіліп түседі. Үзіліп түскенше жарты сағаттай болады. Сол құбылысқа қарап отырып, ерекше əсер алып, демалып қалатынмын. Өнер ұйықтап жатқан сəби секілді. Бала кездегі əдемі көрініс ішімдегі «сəбиді» қытықтап оятқандай болды. Мектепте қатты тұйық болған едім. Ең алғаш кесте тігуді Айсезім дейтін сыныптас қыздан үйрендім. Сол кезде ең бақытты жандардың бірі болдым. Бір қызығы, кестені үйренген сəттен бастап, күні-түні тынбай тігетінмін. Ілулі тұрған пердені алып, қақ ортасынан қиып, ойық жасап қойғаным бар. Ол үшін ұрыс та естігенмін (күліп).

«Кесте тігіп, отбасыңды асырайсың ба?»

– Ұрыс естідім деп қалдыңыз ғой. Ата-анаңыз қарсы болған жоқ па?

– Басында қарсы болды. «Грантқа түссең оқисың, түспесең қой бағасың», – деді. Əлі күнге дейін: «Оралда бол. Үй бар. Бəрі дайын. Басқа не керек? 60 мың теңге жетеді», – деп айтады. Шынымен дəл қазір көп ақша таппаймын. Бірақ мен үшін бұл жұмысты істеу үлкен қуаныш пен бақыт сыйлайды.

Мектепте оқып жүргенімде кестенің жіптерін салып қоятын шағын сөмкем бар болатын. Соны отқа жағып жіберіпті. Мен оны таба алмай, қиналғаным бар. Сол кезде жарты жылдай кестеге жоламай кеткен едім. Ағам: «Кесте тігіп, отбасыңды асырайсың ба?» – деп ренжиді. Жақсы ақша тауып, жұмысыңды жек көргеннен, аз ақша тапсаң да махаббатпен жасаған артығырақ деп ойлаймын. Мысалы, біз көйлек тігіп, тұтынушыға ұсынамыз ғой. Сонда киген адамға энергиямыз, ынтамен жасаған жұмысымыз сезіліп тұрады.

– Сапалы дүние жасау үшін алғашқы қадамды неден бастау керек?

– Ең бірінші – идея. Идея деген адамға ұйықтап жатқан кезде келеді. Ұйқыдан тұрып, салып тастауға кей кездері ерінесің. Оны келесі күні ұмытып қаласың. Сондай қызықтар болады. Сапалы дүниеге тынбай еңбек ету керек. Бұл жұмыстың ерекшелігі де сол – 5 шаршы сантиметр жер үшін бір күн отыруың мүмкін.

– Бұл сала сізге не берді, не бере алдыңыз?

– Не бере алатынымды білмеймін. Барымды саламын. Бір дизайнердің: «Киімнің барлық дизайн үлгілері табылды. Енді басқа үлгі шықпайды», – дегені бар болатын. Бірақ мен өзгеріс əкелуге тырысамын.

– Ришаттың брендін қашан көреміз?

– Бұйырса, ол күн де болып қалар. Этнодизайн үлгісіндегі əдемі, кестелі орамалдар жасағым келеді. Ондай орамалдың əр қыздың жасауына қосылуы тиіс бренд болғанын қалаймын. Қазақы нақыштағы, кестеленген əдемі орамалды жаңа түскен келіндер тақса, керемет болушы еді. Дегенмен, алдағыны уақыт көрсетеді.

– Дизайн сөзін үш сөзбен қалай сипаттар едіңіз?

Тəрбие. Мəдени тұрғыдантəрбиелеу. Дизайнерлер қоғамға «осыны кию керек» деп ұсынады. Болашақ. Кез келген мода шыққан күннен бастап киілмейді. Ол болашақта киіледі. Суретшінің картинасы да солай. Картина бүгін салынып, қалып қоймайды. Олар жылдан-жылға құндылығын жоғарылата береді. Үміт. Дизайнер əр жасаған дүниесіне үмітпен қарайды. Өзінің көзімен мода болады деп тапқан сəн үлгісі мода болмауы мүмкін.

– Ал идея?

– Идея барлық адамзатқа тəн. Дизайнерге идея мен армандау аздық етеді.

– Оқырманға айтарыңыз…

– Көп арманда. Қолыңнан келгенін істе. Қорықпа. Өзіңе сенімді бол. Жасамай өкінгеннен, жасап өкінген дұрыс. Сондай-ақ кейбір мамандықтарды 4-5 жыл
оқып қажет емес. Сол оқудың орнын тəжірибе толтыратын кездер болады. Бұл əсіресе шығармашылық мамандықтарға қатысты.

– Рақмет, Ришат! Сəнді, ғажап туындыларыңыз көп болсын. Шабытыңыз шарықтай берсін. Əңгімелескен

Нарқыз ЕРЕС,
СДУ студенті

«Ұлан» газеті, №8
19 ақпан 2019 жыл

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=10&id=953088
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Бүркітбай Аяған: Ғылымғ 2 min
Ма чаушұй сыртқы істер 9 min
Арыс қаласында 1 172 үй 9 min
Ислам дінінде адамдар 3 14 min
Елордадағы үлестік құры 14 min
Оралда суға батуға әрек 19 min
СҚО-да учаскелік инспек 20 min
Өмірзақ Шөкеев комбайнм 23 min
KASE: Доллар бағамы тағ 26 min
Атырау тұрғындары төрті 29 min
Астанада аптап ыстықтан 29 min
Жяңсу: байлықтан бірге 29 min
Партя құрылысының негіз 29 min
Көкшетауда ең ұзын құра 29 min
Оралда қос бірдей жасөс 1 sagt
Британдық дәрігерлер си 1 sagt
Нұр-Сұлтаннан Шанхай ме 1 sagt
Ыстықкөлде жоғалып кетк 1 sagt
Димашпен салыстыру, өм 1 sagt
Хилұңжяң: емдеу арқылы 1 sagt
Оқу-ағарту істеріне таб 1 sagt
Тоқаев Мемлекеттік қызм 1 sagt
Астанада аптап ыстықтан 1 sagt
Бүрітбай Аяған: Ғылымға 1 sagt
Қазақстан ыстық десеңі 1 sagt
Ирак ДАИШ балаларын алы 1 sagt
Оралда туристер мінген 1 sagt
Ыстықкөлде скутермен жү 1 sagt
Партя орталық көмитетін 1 sagt
Чанжоудағы студент өлім 1 sagt