Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-092218827250 %50 %
2019-12-102001851947 %53 %
2019-12-1126666650 %50 %

«Қайратқа» Кореядан келген Хан | «Жас Өркен» танымдық порталына қош келдіңіздер!



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жас-өркен торабы

Жолданған уақыты: 11:01 - 2019/02/19



Алматының «Қайрат» клубы  қысқы трансферлік үзіліс аралығында Хан Чжон Ву есімді футболшымен толықты. Бұрын-соңды Қазақстан премьер-лигасына Оңтүстік Кореядан легионер болмаған екен. 21 жастағы футболшы қазақстандық жанкүйерлерге өзін толығырақ таныстырған еді.

– «Қайрат» клубына ауысқаныма бақыттымын. Командадағы танымал әріптестермен бірге жаттығып, солармен алаңға шығатыныма қуаныштымын. Өзімді көрсеткенше асығып жүрмін. Чемпионат басталғанын асыға күтушілердің бірімін. Маған сенім артқандардың үмітін ақтағым келеді. Қазақстанға тезірек бейімделіп, тұрақты түрде негізгі құрамға ойнау үшін барымды саламын. Әрбір матчта гол соғып, әріптестеріме нәтижелі пас беруді армандаймын. Жалпы алғанда, «Қайраттың» әрбір ойында жеңіске жетуі үшін аянып қалмасым анық.

– Бұған дейін Қазақстан футболында Оңтүстік Кореядан легионер болмаған еді. «Таңғы жұпар» елінен келген алғашқы ойыншы ретінде тарихқа еніп отырсың.

– Бұл мен үшін үлкен абырой. Енді осы құрметке лайықты болу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Бойымызда күш бар кезде, «Қайратқа» неғұрлым көбірек пайдамды тигізсем деймін. Сол кезде жергілікті жанкүйерлер Корея футболының деңгейін де байқайды.

– Әлемдік футболда Оңтүстік Корея футболының беделін «Тоттенхэмде» ойнайтын Сон Хын-Мин асқақтатып тұрғаны жасырын емес.

– Маған Сон Хын-Мин қатты ұнайды! Оған деген құрметім шексіз. Сон қазірдің өзінде керемет жетістіктерге жетіп үлгерді. Өзінің қайталанбайтын стилі бар ойыншы. Жылдамдығы да керемет, екі аяқпен де соққы жасай алады. Оған қоса халықаралық аренада тәжірибесі мол. Бундеслигада қалай ойнағанын футболдың көрермендері жақсы біледі. Ал қазір Англия премьер-лигасында одан да жақсы ойнап жүр.

– Футболға қызығушылық қалай басталды?

– Әкем жақсы футболшы болған. Бірақ әкемдікі хоббиден аспады. Әдетте, демалыс күндері тұрақты түрде ойнап тұратын. 5-6 жасымнан бастап мені де ертіп алып жүрді. Содан ала допқа деген қызығушылығым оянып, өзім де айналыса бастадым. Ал 9 жасымда тұрақты түрде дайындалуды әдетке айналдырып, мамандардың көзіне түстім. Сөйтіп осы кәсіптің жолына түсуге шешім қабылдадым.

– Биылғы жылы «Қайрат» сапында Еуропа лигасында ойнайтын мүмкіндігің бар…

– Еуропа лигасы – үлкен турнир. Әлем бойынша назар аударатындар өте көп. Мен де осы жарыста өз бағымды сынағым келеді. «Қайратқа» іріктеу кезеңінде өз үлесімді қосып, топтық кезеңге жолдама алуды пайдам тиіп қалады деп үміттенемін. Егер сол ойымыз жүзеге асса, шексіз бақытты болушы едім.

Туған күні: 1998 жылдың 26 желтоқсаны
Бойы: 172 см.
Салмағы: 65 кг.
Алаңдағы орны: жартылай қорғаушы
Азаматтығы: Оңтүстік Корея

– Футболдағы басты арманың қандай?

– Ла-лигада ойнап көруді армандаймын. Испания футболының жанкүйерімін.  Сондай-ақ Чемпиондар лигасында бақ сынау. Бәлкім, «Қайраттың» жейдесімен сол арманымды жүзеге асырып қалармын. Бұл жоспарларымның орындаулы өзіме байланысты.

– Қандай музыка тыңдайсың?

– Американың әншілерін тыңдаймын. Хип-хоп ұнайды. Мысалы, Кендрик Ламар.

– Ал қандай фильмдер ұнайды?

–Сүйікті фильмім – британиялық кинотуынды About Time («Болашақтың Бойфренді»). Сондай-ақ Джоан Роулингтің «Гарри Поттері» де қызықты.

– Поттер сиқыршы болғаны үшін қызық па?

– Сиқыр, фэнтези элементтері бар картиналар ұнайды. Оған қоса, Эмма Уотсон өте сұлу.

– Сүйікті тағамың?

–Пицца.

Спортшылар үшін аса пайдалы емес тағам…

– Түсінемін. Сондықтан анда-санда ғана 1-2 кесегін жеумен шектелемін. Маған пиццаның дәмі ұнайды. Сырды жақсы көремін.

– Кешкі аста команда алдында Оңтүстік Кореяда шыққан Gangnam Style әнін орындағанда қобалжымадың ба?

– Қатты ұялып, абыржыдым. Осынша көрермен алдында бұрын-соңды ән айтып көрмегенмін. Оның үстіне, олар өз клубтастарым. Әрине, жақсырақ орындауға тырыстым. Ән командамен бір болуыма, ұжымға тез сіңісіп кетуіме көмектеседі деп ойлаймын. Солай секілді.

– Командалас әріптестерінің арасында кіммен тіл табысып үлгердің?

– Бауыржан Исламхан, Елдос Ахметов, Айбол Әбікендермен. Олар маған көп көмектесіп жатыр. Нұрәлі Әліп оның ағасына қатты ұқсайтынымды айтты. Керемет команда. Бәрі де ұнап жатыр.

Айта кетейік, Хан Чжон Ву Оңтүстік Кореяның Сауль қаласының тумасы. Футболмен 9 жасынан айналыса бастаған. 2014-2016 жылдары «Йонгвун» командасында өнер көрсетті. Былтырғы маусымда жартылай қорғаушы «Сунгсиль» футбол клубының намысын қорғаған.

Хан Чжон Ву сол аяқпен тебетін жойқын соққыларымен танымал. 2016 жылы әмбебап футболшы Оңтүстік Корея жасөспірімдер құрамасының (U-18) көзіне түсіп, Хан бұл командада екі ойынға қатысты. Екі кездесуде де ол ағылшын жасөспірімдеріне қарсы ойнады.

Қазіргі таңда «Қайраттың» жас ойыншысы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін үлкен мүмкіндікке ие. Хан Чжон Ву өнер көрсететін Оңтүстік Кореяның олимпиадалық құрамасы 2020 жылғы Олимпиадаға берілетін жолдаманың басты фавориттерінің бірі саналады.

Хан Чжон Вумен келісімшарт 2+1 жүйесімен жасалды. Осылайша, кореялық ойыншы «Қайрат» сапында қатарынан екі маусым өнер көрсетіп, кейін еңбек келісімін тағы бір жылға соза алады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=10&id=953020
Пікірлер

Көрші сілтемелер