Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-1713149249 %51 %

PR деген – қызмет көрсету емес | «Жас Өркен» танымдық порталына қош келдіңіздер!



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жас-өркен торабы

Жолданған уақыты: 13:20 - 2019/02/18



Ақнұр Айтбекова – «Болашақ» бағдарламасының стипендианты. Жезқазған
өңірінің тумасы. Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Қазіргі таңда Америкада оқиды. Колумбия университетінің магистранты. Елімізде кенжелеп дамыған PR саласын меңгеріп жатыр. Ақнұр алғашында түсе алмай, екінші мəрте сынақтан өткенін жəне шетелдегі білім алудың артықшылығы мен кемшілігін айтып берді.

– Ата-анам Жаңаарқа өңірінен. Кейін Астанаға көшіп келдік. Еуразия университетінің шығыстану факультетінде парсы тілін үйрендім. Тіл үйрену үшін Иранда оқыдым. Астанадағы №38 қазақ мектеп-лицейін бітірдім. Мамандығым бойынша жұмыс табылмаған соң, мемлекеттік қызметке ауыстым. Екі жылдан бері Астана қаласы əкімдігінің Қоғамдық даму істері басқармасында ақпараттық саясат жəне БАҚ мониторингі бөлімінің жетекшісі қызметіндемін, – деп бастады əңгімесін Ақнұр. – Маған білімнен басқасының бəрі жеткілікті еді. Бəсекеге қабілетті болғым келді. «Болашаққа» тапсыруды ойладым. Арманым – Колумбия университетіне түсу.

Бірақ, «Болашақтың» сынағынан өткеніммен, армандаған білім ордасының емтиханынан өтпей қалдым. Қазір «Стратегиялық коммуникация» мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Осы жылдың мамыр айында магистрлік дипломды аламын, – деп қуанышымен бөлісті. – Шетелде оқу да, өмір сүру де оңай емес. Колумбия университеті əлемдегі таңдаулы сегіз университеттің қатарына кіреді. Гарвард университетімен бір қатарда тұрған беделді университет. Барак Обама, Билл Клинтон секілді саясаткерлер білім алған. Мықты университеттің оқу талабы да қатал. Екінші мəрте тапсырғанда түсуімнің сырын айтайын: Алғашқы дайындығым сəтсіз болғанын жасырмаймын. Ағылшын тілін білетініңді растайтын сертификат жеткіліксіз. Мен жазбаша турдан сүріндім. Қабылдау талабынан бөлек, автобиографиялық жəне кəсіби эссе жазу тапсырылады. Жазған ойыңыз бен идеяңыз оқып отырған адамды бірден баурап алуы керек. Осы мамандықты игергеннен кейін, немен айналысқың
келеді, бұл мамандықтың қоғамға қажеттілігі қандай деген сауалдың төңірегінде жазу тапсырылды. Біздің елде эссеге көңіл бөлінбейді ғой. Талапкердің ойы мен идеясы онша қызықтырмайтыны рас. Шетелде жазбаша тапсырмаларды мұқият орындау керек. Алғашқы сəтте барлығын дұрыс орындап, түсетініме сенімді болдым. Бірақ эсседе ойымды аша алмадым. Келесі жылы тағы дайындалып, түсіп кеттім, – дейді.

Қолында – кітап, қолтығында – жастық

Ақнұр шетелдегі білім жүйесінің қатал екенін тағы бір мəрте еске салды. Оның
мамандығы – стратегиялық коммуникация. PR саласының бір тармағы.

– Бір күні ресейлік тележүргізуші Познердің Мəскеу мемлекеттік университетіндегі журналистика факультетінің студенттеріне оқыған дəрісін тыңдадым. Ол
Колумбия университеті туралы біраз мəлімет айтты. Журналистика мен PR саласы бойынша ең үздік білім ордасы екенін естіп алып, оқуды армандадым. Содан кейін университет туралы мəліметтер жинай бастадым. Колумбияда оқымасам, басқа университетке түспеймін деген мақсат қойдым. Менің мамандығымның мəні – кез келген жаңа өнімді таныстырып, жарнамалау ғана емес. Қоғамдық жұмыспен шектелмей, дағдарыс мəселелерімен де айналысамын. Оның ішіне адам, идея, əртүрлі құндылықтар кіреді. Қоғаммен тығыз байланыста болу міндеттеледі. Осы мамандықта оқығалы еліміздегі PR саласымен көп салыстырдым. Бізде PR саласына сұраныс əлі дұрыс жолға қойылмаған. Бұл мамандық иелеріне «қиын кезде» ғана хабарласады. Мысалы, мемлекеттік мекемелер, кəсіптік ұйымдардың беделі түсе бастағанда пиаршылардың көмегіне жүгінеді. Аяқ астынан жоспарсыз баспасөз мəслихаты мен ашық есік шарасын ұйымдастырады.

Негізі олардың жұмысы үздіксіз болуы керек. Сонда біздің мамандыққа қоғамның көзқарасы өзгеретін еді. Қазір «қара пиардың» дəурені жүріп тұр. Біздің қоғам пиаршыларға қызмет көрсетуші ретінде қарайды. Ал PR деген – қызмет көрсету емес. Кəсіби пиаршылар аз. Қазір қоғаммен байланыс емес, түсініспеушілік басым. Бұл коммуникациялық жүйенің жоқтығынан, – дейді Ақнұр.

Кейіпкеріміз болашақта ұлттық құндылықтар мен ұлттық брендтерді əлемдік деңгейде кəсіби түрде жарнамалағысы келетінін айтып қалды:

– Елде жүргенде байқай бермейміз. Біздің ұлттық құндылықтардың барлығын əлемге жарқыратып көрсетуге болады екен. Шетелдік достарым «Қазақстан» шоколады мен тəттілерінің дəмі тіл үйіретінін айтады. Ал оны өз елімізде кейбіреулер ұнатпайды. Бір жылдан бері тапсырыс қабылдай бастадым. Шетелдіктер үшін елден тапсырыспен алдырамын. Бізге имидждік жарнама мен кəсіби қызмет жетіспейді. Мен сол олқылықтың орнын толтырғым келеді, – дейді бойжеткен.

Ақнұр бір жылдан бері шетелде тұрса да, қаланы жақсы білмейтінін айтты.
«Оқудан қол босамайды», – деп жымиды.

– Нью-Йоркте тұрып жатқаныма бір жылдан асты. Əлі күнге дейін көрікті жерлерін араламадым. Сабақтан бос кезде кітапханада отырамыз. Екі үлкен кітапханамыз бар. Біреуі тəулік бойы істейді. Студенттердің қолында кітап, қолтығында жастығы жүреді. Түнеп оқитындар бар. Менің топтастарымның дені – Гарвард пен Стэнфорд университетінің түлектері. Солардан қалмау үшін демалыс, мереке күндері де сабақ оқуға тура келеді, – дейді ақылды қыз.

Əңгімелескен
Гүлдана НҰРЛЫХАНОВА

«Ұлан» газеті, №8
19 ақпан 2019 жыл

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=10&id=952417
Пікірлер

Көрші сілтемелер