Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-14457388527 %73 %
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16433263247 %53 %

Қандай тоқаш жеп жүрсіз? | «Жас Өркен» танымдық порталына қош келдіңіздер!



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жас-өркен торабы

Жолданған уақыты: 15:20 - 2019/02/14



Тəтті тоқаштарды жақсы көрмейтін адам аз. Əсіресе, шəймен тəтті тоқаш керемет
үйлесім табады. Оқушы кезімде үзілісті тəтті тоқашпен шəй ішу үшін асыға күтетінмін. Сананы емес, асқазанды тойдыру – əр адамның басынан өтетін жағдай. Ал қазір студент болғандықтан, тəтті тоқаштар сүйікті асыма айналды. Қарынды тез тойдырып, күні бойы сергек жүресің. Бірақ тəттінің ағзаға зиян келтіретінін ұмытпау керек. Оқуға алғаш түскенімде тəттіні шектен тыс жеп, салмақ қосып алдым. Қазір артық салмақпен күресіп жүрсем де, тəтті тоқаштарды жегім келеді. Гүлнұр Əлімтай құрбымның əзірлеген тоқаштарының дəмін татқанда, тəттіге құмарлығым арта түсті. Ол спирулина балдырын ұн өнімдеріне қосып, пайдалы нан өнімін ойлап тапты. Қанты аз нан өнімдері барлық асханада толып тұрса керемет емес пе?!. Тəтті тоқаш пісіру сырын Гүлнұр əдемілеп əңгімелеп берді.

– Тараз өңірінің тумасымын. Биотехнология мамандығын игеріп жатырмын. Отбасының кенжесімін. Əлі күнге дейін аға-əпкелеріме еліктеймін. Бала кезімде əр заттың ішінде не бар екені қатты қызықтыратын. «Мынау неден жасалады?» деген сұрақты ата-анама көп қойған шығармын, – деп бастады əңгімесін он саусағынан бал тамған бойжеткен.

Мектепте белсенді болдым. Биология пəнін жақсы көргеніммен, олимпиадаға түрлі пəндерден қатысып жүрдім. Алған жүлдем мен мақтау қағазымды құшақтап жүретін болыппын. Ағаларым бала кездегі қызықтарымды əлі күнге дейін айтып ұялтады, – дейді өзі.

– Кішкентай кезімде өсімдіктер мен жануарлар əлемі қызықтыратын. Теледидардан да табиғат туралы бағдарламаларды үзбей көретінмін. Есейе келе, тұтынып жүрген тұрмыстық заттардың құрамы туралы зерттегім келді. Күнделікті жеп жүрген тағамдарымыздың құрамын білгім келгендіктен, биотехнология саласын таңдадым. Күн сайын ғылыми жаңалықтарды оқып, бактерияларды зерттеу қиын болса да, мамандықты жақсы көремін. Мына əлемнің жұмбағы тым көп екенін осы саланы игеріп жатқанда
түсіндім. Кез келген дүниені микроскоппен қарағанда, көзге көрінбейтін улы бактериялар өріп жүретіні анық. Адамның көзіне көрінбейтін микробтар мен балдырлар қаншама?!. Бірақ пайдалы жағын да көре білу керек. Бактерияның бəрін зиян деу қате түсінік. Оларды ағзамыз қажет ететін мөлшері бар. Сондықтан қарапайым гигиеналық ережелерді сақтаған дұрыс.

Тазалық сақтамау қатерлі ісікке шалдықтырады. Асқазан ауруының қозуына
əкеліп соғуы мүмкін. Əсіресе, балалар жеміс-жидекті жумағандықтан, жиі ауырады. Сосын қытырлақ чипстер, газдалған сусындар, тəтті кəмпиттер көптеген ауруды қоздырады. Зиянды тағамдардың құрамын көзбен көргеннен кейін, бірден бас тарттым. Сіздерді де соған шақырамын, – деп білгенімен бөлісті.

Гүлнұрдың сөзімен келіспеске амал жоқ. Ағзаға зиян екенін білсек те, тəттіден бас
тартпаймыз. Ал құрамына балдыр қосып дайындайтын тоқаштың дəмі де өзгеше
екен.

– Былтыр дипломдық жұмысымда ұн өнімдеріне микробалдырларды қосудың пайдалы екенін зерттеп, дəлелдедім. Объект ретінде спирулина микробалдырын таңдап алдым. Бұл балдырды биологиялық белсенді зат ретінде қолданып, тағам өндірісіне пайдалануға болады. Ұннан жасалған өнімдердің ішінде нан-тоқаш өнімдеріне қосқан кезде темірдің мөлшері артады.

Дүниежүзінің ғалымдары да спирулина балдырын нан өнімдеріне қосуға болатынын айтып жүр. Қалай жасайтынын айтып берейін: Алдымен спирулина балдырын зертxанада əзірлеп аламыз. Арнайы ыдыста балдырды өсіріп, оны кептіріп, құрғақ биомасса əзірлейміз. Дайын болған балдырды нан-тоқаш өнімдеріне ұнтақ күйінде, əртүрлі концентрацияда қосамыз. Қамырдың құрамы: ұн (жоғары сұрып), ашытқы, қант, сүт, ас тұзы, жұмыртқа, спирулина құрғақ биомассасы. Алдымен жұмыртқаны қантпен араластырып, кейін маргарин майын ерітіп, суытып, ас тұзы мен сүтті араластырып, орташа температурадағы суды құямыз. Дайын болған қамырды бақылаймыз. Өйткені, əр тоқашқа тəжірибе жүзінде əртүрлі деңгейде балдыр қосылған. Пеште əзірленген нан-тоқаштардың дəмі жағынан күнделікті жеп жүргеннен айырмашылығы жоқ. Бірақ, өте пайдалы.

Спирулина құрамында ақуыздар, дəрумендер жəне басқа пигменттер бар. Бұл
балдырдың бірнеше түрі кездеседі. Қант диабеті мен қатерлі ісікке шалдыққан
адамдардың күнделікті ішетін тамақтарына қосуға болады. Тоқаштарды үйде пісіруге болады. Тіпті балдырды күніне үш грамм тамаққа қоссаңыз, күні бойы асқазаныңыз сергек жүреді. Бұл тоқаштарды мейрамханалар мен асханаларға да
ұсынуға болады. Қарапайым тоқаштарды жегенде, салмақ қосып аламыз. Семіздік те қатерлі дерт. Болашақта семіздік ауруын болдырмайтын тағамдарды көп зерттегім келеді. Еліміздің жерін зерттеп, өсімдіктерден дəрі ойлап тапқым келеді.

Жазып алған
Назым САПАРОВА,
«Ұланның» жас тілшісі

«Ұлан» газеті, №7
12 ақпан 2019 жыл

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=10&id=950373
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Оралда қос бірдей жасөс 5 min
Британдық дәрігерлер си 8 min
Нұр-Сұлтаннан Шанхай ме 11 min
Ыстықкөлде жоғалып кетк 14 min
Димашпен салыстыру, өм 19 min
Хилұңжяң: емдеу арқылы 19 min
Оқу-ағарту істеріне таб 19 min
Тоқаев Мемлекеттік қызм 19 min
Астанада аптап ыстықтан 20 min
Бүрітбай Аяған: Ғылымға 23 min
Қазақстан ыстық десеңі 24 min
Ирак ДАИШ балаларын алы 28 min
Оралда туристер мінген 29 min
Ыстықкөлде скутермен жү 1 sagt
Партя орталық көмитетін 1 sagt
Чанжоудағы студент өлім 1 sagt
Ең сүйікті өрт өшіруші 1 sagt
Алматыда көлік өртенді 1 sagt
Үйленуге дәнекер болу – 1 sagt
Павлодар облысы әкіміні 1 sagt
Павлодар облысы әкіміні 1 sagt
«халық гәзеті»: кәдрләр 1 sagt
Атакентті жаңғырту жоба 1 sagt
«Құдайы қонақ» дегенімі 1 sagt
Арыс қаласында 1 172 үй 1 sagt
Жаңа iPhone-да қандай 1 sagt
Ас ішіп, аяқ босатар, е 1 sagt
Азық-түлік хәуіпсіздігі 1 sagt
Қазақстан Президенті Ме 1 sagt
Оралда суға батуға әрек 1 sagt