Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-1713149249 %51 %

Алты жасар Анара | «Жас Өркен» танымдық порталына қош келдіңіздер!



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жас-өркен торабы

Жолданған уақыты: 15:20 - 2019/02/12



Редакциямызға алты жасар биші қызын ертіп Раушан есімді апай келді. Баспалдақтан көтеріліп келе жатып əңгімесін бастап кетті. «Қырықтан асқанда туып алған кенжем ғой» деп қояды. Есімін Анара деп əкесі қойған екен. Отбасындағы бес адамның бас əрпін қосыпты. Ақжол – ағасы, Нұржан – əкесі, Айбинұр – əпкесі, Раушан – анасы, Асыл – кіші ағасы. АНАРА. Алты жасар қыз талай республикалық би байқауының жеңімпазы.

– Жолдасым екеуміз де Жамбыл облысынанбыз. Балалар Алматыға оқуға түсті
де, біз де осында көшіп келдік. Анара №42 мектепте оқиды. Төрт жасынан бастап youtube-тан бишілерді қарап жүретін. Байқасақ, биге икемі бар. Аққу биін өзінше үйреніп алды. Бір танысымыз «Атамұра» республикалық байқауы туралы айтты. «Қыздарыңды апарып көрсеңдерші» деді. Оған аққу биімен қатысып, 2-орын алдық, – дейді анасы.

Анара Алматыны жақсы көретінін айтады. Неге жақсы көресің десек, «ата-анам осында ғой» дейді. Алты жасар қыздың ақылына сүйсіндік. Əлгі байқаудан соң анасы би
үйірмелерін іздей бастайды. Анара бір айдың ішінде 7-8 хореографқа барыпты. Раушан
апай би залына кіргізсе, қызы ұнатпай шығады екен. Соңында Жанар Иманбаева есімді
хореографқа тоқталыпты.

– Маған алдыңғы апайлар ұрса беретін. Бұйрық береді. Ал Жанар апай сыпайы сөйлеседі. Анамның айтуынша, Инстаграмда көп апайлар қызыңызға хореограф болайын дейді екен. Бірақ мен биді Жанар апайдың ғана үйреткенін қалаймын, – дейді биші қыз.

– Иə, Жанар апайы сондай мұқият. Баланың көңілін тауып, биді тез үйретеді. Сол үшін де ол кісіге ризамыз! Анара – өте белсенді бала. Байқауға дайындалсақ, түске дейін биге, одан сабаққа, сабақтан шығып қайта биге барамыз. Би десе, көзі жайнап кетеді. Астанаға «Дарындар əлеміне» барып, 1-орын алып келдік. Апайы үш күнде испан биін үйретіп шықты. Марат Омаров елордада «Бала шабыт» фестивалін ұйымдастырып жатыр дегенді естідік. Оған үнді биімен қатысып, тағы 1-орын иелендік. «Мен жұлдызбын» байқауында жеңіске жетіп, Түркиядағы байқауға қатысуға 40%-дық жеңілдік алдық. Бірақ бармадық. Өйткені сол кезде Астанада «Рейтинг успеха» атты байқау өтетін болды да, соған қатыстық. Анара бас жүлдені алды. Бір күнде екі байқауға бардық. Түске дейін осы байқауға, түстен кейін «New star.kz»-ке қатыстық. Алматыға келіп, пойыздан түсіп жатқанда Жанар апайы хабарласты. Сағат үште «Мұрагер» атты республикалық байқау өтетінін айтты.

«Шаршамадыңыздар ма, қатыса аласыздар ма?» – деді. Қызыма қарасам «қатысайық» деп тұр. Түстен кейін барып, бас жүлдені жеңіп алдық. «Атамұрадан» Париждегі Наурыз мерекесінде билеуге жолдама алдық. Бірақ барлық шығыны өз мойнымызда. Парижбен қатар Грузия шығып тұр. Францияның астанасына бару қымбат. Мерекеге қатысу ақысы 80 еуро, Грузиядағы Наурыз тойына қатысу 60 еуро екен. Демеушілер болса, Парижге барғымыз-ақ келеді, – деді Раушан апай.

Анараның əкесі əр байқауға қатысуға кем дегенде 15 мың теңге төлейді.
Астанаға жүрер болса, анасы екеуінің жолы, тамағы бар. Бір костюмі 15-20 мың теңгеге шығады. Хореографқа төлейтіні тағы бар. Қалай болғанда да балаң əртіс боп кеткенше, аямай тер төгу керегін түсіндік. Анара болашақта мың бұралған танымал биші болады деп сенеміз!

Таңшолпан
ТӨЛЕГЕН

«Ұлан» газеті, №7
12 ақпан 2019 жыл

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=10&id=948946
Пікірлер

Көрші сілтемелер