Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-14457388527 %73 %
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16372242649 %51 %

«100 кітаптың» арасындағы «тəтті кітап» | «Жас Өркен» танымдық порталына қош келдіңіздер!



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жас-өркен торабы

Жолданған уақыты: 12:40 - 2019/02/12



Ақтаулық оқушылардың бастамасы мектепте технология пəнінен түрлі салат жасайтынымызды еске түсірді. Күзгі салаттардың саналуан түрін жасағанымызбен, торт пісіріп көрмеппіз. Ал Ақтаудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары оқыған кітаптарының желісінде «Тəтті кітап» акциясын ұйымдастырғанын желіден көріп, қуанып қалдық. Қанша торттың дəмін татып, атын естісек те, «Тəтті кітап» тортын алғаш естуіміз. Оқушылардың бастамасы басқа білім ошақтарында да жалғасса игі еді. «Тəтті кітап» акциясы өзге шарадан
ерекше. Ұйымдастырушылар мен қатысушылардың алған əсері тіптен бөлек екен.

Ақгүл САРМАНОВА, педагог-тəлімгер:

– Бұл жобаның мақсаты – қазақ, орыс, əлем əдебиетіндегі классиктердің аса құнды еңбектерімен оқушыларды таныстыру. «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «100 кітап» жобасының танымалдығын арттыру. Əр сыныптан бір ата-ана, екі оқушы өздеріне берілген үш кітапты оқып, талдап, сол кітап желісі бойынша тортты безендіруі керек болды. Мектебімізде «DARA» оқырман клубы бар. Балалар мен ата-аналар арасында кітап оқуды насихаттап, шығармаларға жарнама жасауды, ата-ананы мектеп өміріне белсенді араластыруды көздейді. Тұңғыш рет өткізіліп отырғандықтан, басқа мектептерде жалғасады деп сенеміз. Əрбір шаңырақ екінші тоқсан соңында жеребе арқылы оқитын үш кітапты анықтады. Кітапты оқығаннан
кейін, сынып болып талқылау жүргізеді. Соңында бір кітапты таңдап алып, өз идеяларымен тортты безендіреді. Қазылар алқасы үздік жұмысты анықтайды, – дейді Ақгүл Амандосқызы.

Оқушылар жазушы Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша», Александр Бектің «Волоколамск тас жолы», Чарльз Диккенстің «Oliver Twist» жəне басқа да
танымал кітаптардың мұқабасын торт бетіне түсірді. Арасынан əлем классиктерінің шығармаларын табуға болады. Қатысушылар тортты қалай
жасағандарын жіпке тізді.

Қуаныш БЕАТРИСС: «Тамшалы» шаңырағының қатысушысы:

– Біз «Ай мен Айша» кітабының желісінде торт пісірдік. Пішінін кітапхана ғимаратының үлгісінде жасадық. Торттың айналасын қоршадық та, үстіне ашылып тұрған кітаптың формасын жасадық. Бұл шаңырақаралық байқау болғандықтан, бисквиттерді жатақханадағы бес қыз дайындады. Гүлмайра, Назерке, Саяжан, Назгүл есімді сыныптас құрбыларымның еңбегі ерен. Келесі күні басқа оқушылар кремін жасап əкелді. Құрамына 6 жұмыртқа, қант, ұн, жұмсартатын дəмдеуіштер қостық. Бисквиттердің өзін жасауға үш сағаттай уақыт кетті. Тортымызды таныстырғанда шығарманың мазмұнын айтып бердік. Қазылар алқасы таныстырылымға да қарайды екен. Жазушының балалық шағы мен басынан кешкен оқиғаларын баяндап бердік. Ерекше əсер сыйлайтын кітапты оқуға кеңес береміз. Осындай керемет жобаға қолдау білдірген ата-аналарымызға алғысымыз шексіз, – дейді Қуаныш. «Бұл тортты аналардың құрметіне жасадық. Шығарманың желісі қазақ əйелінің тауқыметі мен төзімділігін суреттейді. Аналарға құрметімізді осылай білдіргіміз келді», – дейді сыныптасының сөзін қостаған Назгүл.

 

Арай ЕМЕЛЬЯН, «Қарақия» шаңырағының қатысушысы:

– Жарыстың талабына сəйкес тортты 15 минутта безендіру керек. Үйден қамырын ғана дайындап əкелдік. Біз «Тирамису» тортын дайындағандықтан, креміне ерекше көңіл бөлдік. Кремін аяқтай салысымен безендіруге кірістік. Ұйымдастырушылар тағы да бес минут беріп, бас-аяғы 20 минутта тортты жасадық. Құрбым Мариям Оспан екеуміз шаңырағымыздың намысын қорғауға тырыстық. Жарыс талабы бойынша бір ата-ана көмекші болу керек еді. Айзада əпкемнің көмегінің арқасында лезде жасап тастадық.

Қарсыластарымыз да өте мықты болды. Аспаннан торт жауған күн болып есте қалды. Қазақстанның ең үздік заманауи прозалық шығармалардың тізіміне енген Светлана Назарованың «Мой зеленоглазый аруах» шығармасын бейнеледік. Қазақ халқының наным-сенімдері мен үлкендерге құрмет көрсету керектігі насихатталады. Ауылға деген сағынышыңды басады. Қазақ ауылының өмірін суреттейтін көркем шығарманы біліп жүрген жөн. Көпке дейін жарыстан алған əсерден арыла алмай жүрдік, – дейді Арай.

Қазылар алқасының шешімімен Э.Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесі негізінде «Маңғыстау» шаңырағының қатысушылары пісірген торт «ең үздік торт» деп
танылды. «Қарақия-1», «Ақорда-2», шаңырақтары жүлделі ІІ орынды иеленсе,
«Қарақия-2», «Саура» жəне «Ақорда-1» шаңырағы үшінші орыннан көрінді.

P.S. Оқушылардың жарыса айтқан əңгімелері қызыққа толы. Ұлдардың да білек сыбана кіріскендерін айтады. Жыл басынан бері 50-ге жуық кітап оқыпты. Естіп алып сүйсіндік. Кітапқұмар балалар көп болғай!

Дайындаған
Гүлдана НҰРЛЫХАНОВА

«Ұлан» газеті, №7
12 ақпан 2019 жыл

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=10&id=948836
Пікірлер

Көрші сілтемелер