Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-18518216236 %64 %
2019-07-19552224339 %61 %
2019-07-20360161838 %62 %

Аягөз – болашақ архитектор | «Жас Өркен» танымдық порталына қош келдіңіздер!



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жас-өркен торабы

Жолданған уақыты: 12:20 - 2019/02/11



Аягөз Ғабдуллина – болашақ архитектор. Кипрдегі Cyprus International University студенті. 4-курста оқиды. Аягөз 2015 жылы Астана қаласындағы №52 гимназияны бітіре сала, білім қуып шекара асады. Шетелде білім алып жатқан қызымыздан оқырман үшін барынша пайдалы ақпарат алуға тырыстық. Cyprus International University – Кипр астанасы Никосия қаласына 5 шақырым жерде орналасқан. Университеттегі 9 факультет бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша мамандар дайындайды. Шетелдердегі 16 университетпен серіктес.

Алғашында тілдік тосқауылға тап болған кейіпкеріміз бүгінде көп дүниеге көзқарасының өзгергенін тілге тиек етті.

– Кипр – қауіпсіз əрі тыныш мемлекет. Халқы өте мейірімді, кез келген жағдайда көмектесуге дайын тұрады. Кипрде посткеңестік елдің тұрғындарына көзқарас жақсы. Түркітілдес халықтарға жақсы қарайды. Оқу жүйесінде арнайы жеңілдіктер де қарастырылған. Мысалы, оқу ақысы 6200 еуро, 50 пайыздық жеңілдік бар. Кипр 1960 жылға дейін Ұлыбританияның отары болған. Жерорта теңізінде орналасқан. Астанасы – Никосия қаласы.

– Аягөз, біздің білуімізше, архитектор мамандығы шығармашылық емтиханды талап етеді. Оқуға тапсыру процесі қалай өтті? Толығырақ айтып берсең. Көп талапкерлер үшін осы процесс өте маңызды.

– Бұл мамандықта тегін оқу мүмкіндігі аз. Мен де ақылы бөлімде оқитын болған соң, ҰБТ тапсырмадым. Қыс мезгілінде оқуға керек барлық құжатты жинап, тапсырдым. Ағылшын тілі өте маңызды. Сол себепті IELTS-ты Қазақстаннан тапсырдым. Ақылы оқу үшін айтарлықтай талаптар жоқ. Ең алдымен, тіл білуіңіз керек. Орта білімді растайтын құжат, мотивациялық эссе, дипломдар мен грамоталар, кей кездері SAT сұрайды. Бұл жақтағы оқытушылар дамыған мемлекеттерде білім алып келген, өз ісінің нағыз мамандары, білікті ұстаздар. Қоршаған ортадан бастап, өмір сүру деңгейіне дейін көңілім толады. Өмір сүру жағдайы аса қымбат емес. Яғни, сапасы ақысына сай.

SAT – («Scholastic Aptitude Test» жəне «Scholastic Assessment Test», қазақшалағанда «Мектептік бағалау тесті» деген мағынаны береді. АҚШ-тың жоғары оқуларына түсуге арналған стандарт тест. Алғаш рет тəжірибеде 1901 жылы қолданылған.

Кипр студенттері қосымша табыс табу мақсатында жұмыс істесе болады. Жастардың басым бөлігі кітапханада, кафелерде жұмыс істейді. Бірақ ол оқитын мамандыққа байланысты, мысалы архитекторлардың аптасына оқу сағаты 30 болса, бизнес мамандығындағы студенттер тек 15 сағат оқиды. Сол себепті бəрі жұмыс істей алмайды, – дейді кейіпкеріміз.

Студенттерге арналған жеңілдіктер

– Посткеңестік елдердің студенттеріне оқу ақысына қатысты жеңілдіктер қарастырылған;

– Университет жатақханасында тұрып, асханасынан тамақтанатын болсаңыз, оқу ақысына жеңілдіктер беріледі;

– Тегін автобустар (яғни, университетте оқитын кез келген студентті қаладағы басты орындарға жеткізіп тастайтын тегін маршруттар. Таңғы 7-ден түнгі 12-ге дейін жүреді);

– GPA көрсеткіші ең жоғары болса, тегін оқуға мүмкіндік береді;

– Күнделікті өмірде, қоғамдық орындарда арнайы жеңілдіктер бар.

Жұмыстарым көрмеге қойылды

– Оқу бітірген соң, мұнда қалып жұмыс істеу əзірге ойымда жоқ. Егер қалатын болсаңыз, түрік тілін білу керек. Бүгінге дейін біраз жұмысым көрмелерге қойылды.

Бастапқы кезде біраз қиындық болды. Үй жалдау оңайға соқпады. Өздерінің шарттары бар. Бұл жақта жергілікті тұрғындардың басым бөлігі түрік тілінде сөйлейді. Оқу тілі ағылшын болған соң, сол тілге ыңғайланып қалған едім.

Аягөздің айтуынша, Кипр жастары бос уақыттарын мүмкіндігінше пайдалы дүниелерге жұмсауға тырысады. Қазақстан жастарынан айтарлықтай айырмашылық жоқ дейді. Бір ерекшелігі – мамыр айының аяғынан бастап, қазанның ортасына дейін жастар белсенді түрде теңіздерге барады. Оған себеп Кипр – Жерорта теңізінде орналасқан.

– Шетелде оқығысы келетін қазақстандық студенттерге айтар кеңесіңіз…

– Ең бастысы – оқу, жақсы білім алу. Егер ақылы оқуды таңдасаңыз, онда екі есе көп күш салыңыз. Ешуақытта ақылы оқуды ақшамен жаба алмайсыз.

– Рақмет, Аягөз! Оқуда табысты болыңыз! Сəтті сызбаларыңыз өміріңіздің сəніне айналсын!

Əңгімелескен Нарқыз ЕРЕС,
СДУ студенті

«Ұлан» газеті, №7
12 ақпан 2019 жыл

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=10&id=948060
Пікірлер

Көрші сілтемелер