Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жәнібек – Шахмардан Есенов стипендиясының иегері | «Жас Өркен» танымдық порталына қош келдіңіздер!



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жас-өркен торабы

Жолданған уақыты: 16:40 - 2020/08/20

Нақты Көзі: http://zhasorken.kz/?p=34034



Жәнібек Нәзімбек жалпы медицина мамандығының 5-курс студенті.
Ташкент, Қарағанды, Алматы мен Семейдегі әртүрлі ғылыми конференцияларға қатысқан. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі студенттердің ғылыми бірлестігін басқарады. Былтыр Жәнібек академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының грантын ұтып алды. Жалпы медицина мамандығының студенті бұл грантқа қалай ие болды? Не себепті медицина саласын таңдады? Осы сұрақтарға кейіпкеріміз жауап берді.

– Шымкент қаласының тумасымын. Түрік тілін аздап білемін. Өзбек және ағылшын тілінде еркін сөйлей аламын. Жеке дамуға көп көңіл бөлемін. Бір жылдың ішінде GPA көрсеткішін 3.2-ге көтердім. Адамда ынта болса, ештеңе кедергі бола алмайды. Бірақ бала кезімнен жұмыс талғамаймын. Демалыс орындарында даяшы, бағдарламалау мен ұялы телефондарды жөндеу жұмысымен айналыстым. Мектеп кезінен техникаға жақын болғандықтан маған бұл жұмыстар қиын болмады. Ал даяшы болып жұмыс істеуді ұят санамаймын.

– Дәрігер болуға кім түрткі болды?

– Шамамен екінші, үшінші сынып оқып жүргенімде дәрігер боламын деген шешімге келдім. Бұған әжем мен анам ықпал етті. Ал отбасым маған қандай жағдай мен уақыт болса да, адамдарға көмектесуді үйретті. Бала кезден осындай дағдыны үйренгендіктен, дәрігер болуды армандадым. Былтыр жыл сайын өтетін медициналық форумның шеберлік сабағына қатыстым. Бағытым – онкологиядағы рентгенологиялық бағаның эффектілік терапиясы.

– Есенов стипендиясының конкурсы сізге қалай әсер етті?

– Мен үшін бұл конкурс жаңалық болды. Жақсы адамдармен танысқаныма қуаныштымын. Идея талқылайтын құрдастарыммен пікір алмастық. Әртүрлі саладан болғанымызға қарамастан, біз конкурс біткенше дос болып үлгердік. Бәріміз ойнаған ойындар күні кеше болғандай есімде. Тіпті, конкурстың 31 наурыз
күні өткені есімде сақта-лыпты. Бір жыл бұрын болған конкурсты дәл қазір болғандай айтып бере аламын.

– Алған қаражатты қай бағытқа жұмсадыңыз?

– Шынымды айтсам, ақшаны жеке қажеттіліктеріме жараттым. Көзімнің көруі нашарлап кетті. Сондықтан көзімді тексертіп, жаңа көзілдірік сатып алдым. Жақындарыма қаржылай көмек көрсеттім. Оқуға кітаптар сатып алып, жеке кітапханамның қорын көбейттім.

– Оқыған кітаптардың ішінде сіздің өміріңізге әсер еткені бар ма?

– Нейрохирург Пол Каланитидің «Когда дыхание растворяется в воздухе» автобиографиялық кітабы өміріме ерекше әсер етті. Кітапта автор дертке дейінгі және кейінгі өмірін сипаттап жазған. Нейрохирург ретінде ол көп адамды өлімнен арашалап қалады. Бірақ өзі де 36 жасында ауыр дертке шалдығады. Өкпесінен қатерлі ісік табылғаннан бастап бәрі де өзгерді. Ол енді дәрігер емес. Палатада анализдерін күтіп жатқан науқас. Бірақ ауыр дерт нейрохирургке жұмыс істеуіне кедергі болмайды. Пол Каланити өзі ауырып жүрсе де, науқастарға ота жасауын тоқтатпайды. Нейрохирург жақындарына көңіл бөліп, тіпті әкелі болады. Бұл кітапта басты кейіпкер сәттермен өмір сүреді. Өлім жақындап келе жатса да, берілмейді. Кітап маған өмірді бағалауды үйретті. Әр сәт кез келген істі бастауға кеш емес екенін және ешқашан армандардан бас тартуға болмайтынын түсіндірді.

– Медицинадан басқа қандай салаға қызығасыз, Жәнібек?

– Медицинадан басқа қызығатын сала өте көп. Маған зерттеп, жаңалық ашқан ұнайды. Мүмкін бұл хобби де шығар. Мысалы, мен теміржолда логистикамен айналыстым. Кейде байланысшы болып жұмыс істеймін. Маған әр сала қызық және соны тез меңгеріп кетуге тырысамын.

– Болашаққа жоспарыңыз қандай?

– Биыл Шымкент қаласындағы медициналық орталықтың жасалуына қатыстым. Университетті аяқтаған соң, сол орталықта офтальмология бөлімін ашуды жоспарлап жүрмін. Айтпақшы, осы жылдың басында, яғни коронавирус пандемиясы басталғанға дейін DAAD неміс бағдарламасы конкурсының жеңімпазы атандым. Бұл конкурстың жеңімпаздары – әлемнің жоғары оқу орындарының студенттері. Олар ағылшын тілін меңгерген, Германиядағы жоғары оқу орындарында профессорлар мен студенттермен жұмыс істейді. Бір жағынан тәжіри-бе жинаса, бір жағынан білім алып жатыр. Германиядағы үш жоғары оқу орны бізді қабылдайтынын айтты. Бұл конкурста жеңімпаз болып, шақырту алу оңай болған жоқ. Өйткені доцент, PhD доктор, бірнеше жыл жұмыс өтілі бар профессорлар да шақырту ала алмады. Бағым мен бабым қатар шауып, конкурс жеңімпазы атандым. Бірақ, өкінішке қарай, әлемдегі пандемияға байланысты Германияға баруым белгісіз болып тұр. Егер маңдайға бұйырып тұрса, барып білім алармын. Бастысы ешкім ауырмасын. Қазір өте ауыр кезең. Сондықтан бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Қолдау маңызды. Сақтанып жүріңіздер! Денсаулықтарыңызды сақтаңыздар!

– Сұқбатыңызға рақмет!

Назым Сапарова

«Ұлан» газеті, №33
18 тамыз 2020 жыл

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=10&id=1244246
Пікірлер

Көрші сілтемелер