Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Талғат Шәйкен, кәсіпқой боксшы: Масқатым – кәсіпқой бокстың шебері болу | «Жас Өркен» танымдық порта



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жас-өркен торабы

Жолданған уақыты: 01:00 - 2020/07/26

Нақты Көзі: http://zhasorken.kz/?p=33924



Жасөспірімдер арасында боксшы Талғат Шәйкенді білмейтіндер кемде-кем. Жақында ол кәсіпқой боксқа ауысты. Жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2018 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы атанған боксшы
Тайсон Фьюри, Билли Джо Сондерс сынды бокс жұлдыздары бар британдық MTK Global менеджерлік компаниясымен келісімшартқа отырды. Дебюттік
жекпе-жегін елімізде өткізетін Талғатпен әңгімелесудің сәті түсті.

19 жастағы спортшы Токио Олимпиадасына жолдама ала алмаған соң уақыт
созбай кәсіпқой боксқа ауысып, кәсіпқой бокстың шыңын бағындыруды көздейді.

– Маған жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарынан кейін кәсіпқой боксқа ауысу туралы ұсыныс түсті. Бірақ негізгі мақсатым Олимпиада ойындарына лицензия алып, Токио төрінде топ жару еді. Лицензиялық әлем чемпионатына қатыспағандықтан, кәсіпқой боксқа ауысу туралы шешім қабылдадым. Ата-анам- мен, бапкерлеріммен ақылдасып, MTK Global  менеджерлік компаниясының ұсынысын қабылдадық. Ендігі жоспарымыз –
кәсіпқой бокстың ең биік шыңына жетіп, биік белестерін бағындыру.

Талғат басқа боксшылар сияқты мұхит асып, кәсіпқой бокстың отаны  саналатын Америкаға аттанбады. Өйткені оның шеберлігіне, қайсарлығына таңдай қаққан әлемдегі ең үздік менеджерлік компанияның өзі ұсыныс жасады.

– MTK Global әлем боксындағы үздік менеджерлік компания екенін бәрі біледі. Әлемнің ең үздік боксшылары саналатын Тайсон Фьюри, Билли Джо Сондерс те осы компанияның тұтынушылары. Одан бөлек, Жанқош Тұраров ағамыз  бастаған біраз қазақстандық боксшымен де жұмыс істейді. Жалпы MTK Global боксшылар үшін бар жағдайды жасап, үлкен жекпе-жектерді ұйымдастырып жатыр. Сондай-ақ промоутерлік компанияның ұйымдастырған бокс кештерін әйгілі ESPN арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Егерде жақсы өнер көрсетсем, Top Rank, Golden Boy сынды промоутерлік компаниялар  ұсыныс жасайды.

Талғат дебюттік жекпе-жегін MTK Global промоутерлік компанниясының Қазақстандағы  филиалы ұйымдастырған бокс кешінде өткізеді. 18 шілде күні  Алматы қаласында жоспарланған турнирде ол отандасымен жұдырықтасады. Алғашқы жекпе-жегінде қазақ боксшысымен кездесу Талғат үшін аздап қиындық тудыратыны анық.

– Әрине, алғашқы жекпежегіңде отандасыңмен жұдырықтасу оңай болмас. Бұл ретте спортшылардың еш кінәсі жоқ. Коронавирус пандемиясына  байланысты өзге елдердің спортшыларымен жекпе-жек өткізу мүмкін емес. Сондықтан қазақ бауырларымызбен жұдырықтасуға тура кеп тұр. Шыны керек, дебютімді өзге елде өткізгім келді.

Шаршы алаңда қарсыластарын талай рет сұлатқан Талғат 2018 жылы жастар арасында  Азия чемпионы атанып, жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының күміс медалін иеленді. Бұл оның спорттық мансабындағы ең үлкен жетістіктерінің бірі. Сондай-ақ ересектер сапына  ауыса сала, бірқатар ірі турнирде мықтылығын көрсетті.

– Аллаға шүкір, осы уақытқа дейін әуесқой бокста біраз жетістікке жеттім. 2018 жылы жастар арасында Азия чемпионатында топ жарып, көк туымызды желбіретіп, Әнұранымызды шырқатқан сәт әлі есімде. Дәл осы жылы Аргентинада жасөспірімдер арасында өткен Олимпиада ойындарында да үздіктер қатарынан көріндім.

Финалға дейінгі қарсыластарымды уақытынан бұрын ұтып, финалда төрешілердің бармақ басты, көз қысты әрекетінің құрбаны болдым. Ақтық сындағы қарсыласым, ресейлік Илья Поповпен үшінші мәрте финалда жолықтық. Төрешілер үшінші рет жеңісімді тартып алды. Ал ересектер арасындағы алғашқы жарысымды 2019 жылы Қазақстан спартакиадасында өткізіп, жеңімпаз атандым. «ҚР Президентінің Кубогы» халықаралық турнирінің финалында Абылайхан Жүсіповке есе жібердім. Жеңіске жетуге аздап тәжірибе жетіспеді. Дегенмен Абылайхан да мықты боксшы.

Талғаттың да үлгі тұтар боксшылары бар. Соларға қарап бой түзеп, солардың
жетістіктеріне жетуді армандайды.

– Кез келген спортшының үлгі тұтар тұлғасы болады. Маған Серік Сәпиев пен украиналық Василий Ломаченко ұнайды. Серік ағамыз әуесқой боксшылардың ішінде шоқтығы биік, өзіндік стилі бар спортшы. Екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған Василий Ломаченконың да кәсіпқой бокстағы стилі ерекше. Шаршы алаңдағы қимыл-қозғалысы мен шапшаңдығы көз ілестірмейді. Аз уақыттың ішінде чемпиондық атақтарға қол жеткізіп, теңдесі жоқ екенін көрсетті. Бұйыртса, осылардың деңгейіне жетіп, олар жетпеген жетістікке жету үшін барымды саламын. Маған сенім артқан ата-анамның, бапкерімнің және барлық жанкүйерлердің үмітін ақтаймын.

Айтпақшы, Талғат Ақмола облысының Көкшетау қаласында дүниеге келген. Бокс үйірмесіне ағасы ертіп апарған. Қазір інілері де былғары қолғапты серік еткен екен.

– Көкшетау қаласында туыпөстім. Әкемнің есімі – Аманжол, анам – Нургиза. Рахат есімді ағам, Саят есімді інім бар. Рахат ағам он жасымда бокс үйірмесіне ертіп апарды. Қазір інім де бокспен айналысып, әжептеуір нәтижеге қол жеткізіп жүр.

Талғаттың алға қойған мақсаты айқын, арманы асқақ. Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы атанып, барлық белбеудің иегері атануды көздейтін боксшының айдарынан жел есе берсін дейміз.

Дәурен Түлкібай

«Ақ желкен» журналы, №7
Шілде, 2020

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=10&id=1227775
Пікірлер

Көрші сілтемелер