Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жылдам оқуды үйретеді | «Жас Өркен» танымдық порталына қош келдіңіздер!



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жас-өркен торабы

Жолданған уақыты: 12:40 - 2020/07/15

Нақты Көзі: http://zhasorken.kz/?p=33857



«Жастар кітап оқымайды» деген сөздерді жиі естиміз. Олардың кітапқа қызығушылығын қалай арттыруға болады? Кітапты қалай жылдам оқимыз? Бұл техниканы меңгеру қаншалықты маңызды? Осы сұрақтарға Sana орталығының негізін қалаушы Назерке Құлжабай жауап берді. Назерке тек жылдам оқуды үйретіп қана қоймай, оған қоса «Берекелі таң» подкастын жазады. Сонымен қатар, Назерке экобелсенді. Қоқыс сұрыптап, батарея жинайды.

– Алматы қаласының тумасымын. №173 мектеп-лицейді бітірдім. Мектепте оқу үздігі, сынып басшысы, мұғалімдердің айтқанын екі етпейтін тәртіпті оқушы болдым. «Алтын белгі» иегері болдым. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультетінің ақпараттық жүйелер мамандығын тәмамдадым. Бала кезден бастап кітап оқуға ерекше қызығушылық болды. Бірақ ол кезде интернет, теледидар болмады. Сондықтан уақытты қызықты өткізу үшін кітап оқыдық деп ойлаймын. Атам мен әжемнің үйінде кітап өте көп еді. Арасында сол үйге барып, кітап алып оқитын едім.

Кітап оқудың мақсаты өте көп. Адам жеген тамақтан құрылған. Шынында да, біз не жесек, соған қарай өсеміз. Ағзамызға дәрумендер керек дегендей. Кітап оқу да солай. Біз не оқысақ, содан қалыптасамыз. Білім мен тәжірибені кітаптан аламыз. Әр адамның көзқарасы қалыптасуы үшін кітаптағы ақпарат әсер етеді. Сонымен қатар, сөздік қордың молаюы да кітап оқу арқылы қалыптасады. Ойлау қабілетінің қалыптасуы, тез шешім қабылдау осының бәрін кітап оқу арқылы меңгере аламыз. Тек кітап оқудағы нақты мақсат болу қажет.

– Жылдам оқудың пайдасы қандай?

– Оқу мен жылдам оқудың айырмашылығы бар. Жылдам оқу әлдеқайда тиімдірек. Өкінішке қарай, «кітап оқыған пайдалы», «кітап оқы» деп көбі айтқанымен, біз кітап оқымаймыз. Оның себебі де өте көп. Алғашқысы – жалқаулық. Содан соң уақыт жоқ деп сылтау айтамыз. «Кітап түсінбеймін», «кітап оқысам, ұйқым келеді», «ішім пысады», «кітапты есте сақтай алмаймын» сынды проблеманы жылдам оқу шеше алады. Біз жылдам оқыған сайын назарымыздың бәрі кітапта болады. Кітапты ішіміз пыспай әрі жалықпай жақсырақ түсініп оқимыз.

– Эйнштейнше оқу деген не?

– Бізде «Эйнштейнше оқы» деген бес күндік марафон бар. Эйнштейнді бәріміз танимыз. Физик, теоретик, қаншама заңдарды ашқан, 150-ге жуық кітап авторы. Оған қоса, қаншама ғылыми мақала жазған. Өте білімді адамның арқасында қазіргі өміріміз қалыптасты. Алғаш ғарыш кемесінің ұшуы мен интернеттің пайда болуы Эйнштейннің еңбегі. Бұл – марафонның атауы ғана. Бірақ Эйнштейннің осындай білімді болуына кітап оқу әсер еткен. Кітапты сүйіп оқитын болсақ, жетістікке жете аламыз.

– Кітап оқуға қызығушылықты қалай арттыруға болады?

– Ең алдымен өзіңе ұнайтын кітапты оқу керек. Бізде қазір, өкінішке қарай, оқу үшін оқиды. Яғни сабаққа керек кітаптарды оқимыз. «Бәрі оқып жатыр, мен де оқимын» деген мақсат болады. Мектепте балалардың кітап оқуға құлшынысы жоқ. Өйткені олар барлық пәнге қызыға бермейді. Қызыққан немесе қызықтыра білген пәнді балалар әрқашан сүйіп оқиды. Мысалы, әдебиетті жақсы көріп оқитын қыздар еш қиналмай сол пәнді оқиды. Оған ешқандай мотивация қажет емес. Бірақ олар биология сияқты пәндерге жолай қоймайды. Себебі олардың қалауы мүлдем басқа. Сол сияқты қызығушылықты ояту үшін өзіне ұнайтын кітапты оқу керек. Сөйтіп қызығып оқитын кітаптың саны артқан сайын басқа саланы меңгеруге болады.

– Кітап оқудағы лайфхактарды бөліссеңіз…

– Лайфхак өте көп. Бірақ ең басты әрі негізгі ережелермен бөлісейін. Ең бірінші мақсат қойып кітап оқу керек. Бізге түк қатысы жоқ, мамандығымызға байланысты білімімізді көтермейтін кітаптарды емес, тура өзіне қатысты кітаптарды оқу керек. Мысалы, дәл қазір түрлі курстар ұйымдастырып жатқандықтан адамның миы қалай жұмыс істейді, ақпаратты қалай қабылдайды және оны қалай ұзағырақ есте сақтауға байланысты психологиялық кітаптарды оқып жатырмын. Енді осы кітаптардың жанында химия немесе құрылыс туралы кітаптарды оқысам, қазіргі мақсатыма байланысты ешқандай пайдасын тигізбейді. Әр адам өзінің мақсатына қатысты кітап оқығаны дұрыс. Сол кезде ол кітап оған қызық болады. Соңына дейін оқып, ұзақ есте сақтай алады.

Екінші кеңес – қаламмен оқу керек. Бұрын мектепте оқығанда қаламмен оқытушы еді ғой. Қаламды жылжытып отырып кітап оқыдық. Дәл осы әдіс қазір де керек. Біз егер қаламсыз оқитын болсақ, көзіміз кітап бетіндегі барлық жолға түсіп, назарымыз шашыраңқы болады. Бұл көзіміздің нашарлауына да себепкер болады. Кітапты баяу оқуымыздың да себебі осы. Қаламмен оқығанда, жылдам әрі ұзақ уақыт есте сақтай аламыз.

Үшінші кеңес – конспектілеу. Кітап оқыған соң, оның ары кетсе 5%-ы ғана есте сақталады. Қаншама уақыт кітап оқып, оның 5%-ы есте сақтағанша, конспектілеу арқылы 20-30%-ы есте сақтау пайдалырақ. Кітап оқып болған соң не түсініп, не түсінбегенін конспектілеген де дұрыс.

– «Қазір жастар кітап оқымайды» деген пікірге ойыңыз қандай?

– Негізі жастарға қатысты екі пікір бар. Бірінші – кітап оқымайды деген пікір өзекті. Қазір кітапқа бәсекелес нәрсе көп. Ол теледидар, интернет, түрлі ойын. Назарымызды бір нәрсеге ұстап тұру сәл қиынырақ. Планшеттегі ойындар қызықтырып тұрады. Сондықтан кітапқа назар аудару қиын. Дегенмен, курстардың саны артқандықтан кітап оқуға және дамуға сәтті уақыт туып отыр. Адамдарға тек университетте оқып қоймай, дамуға қатысты кітаптарды оқу арқылы басқа саланы меңгеріп жатыр. Сондықтан бұл пікір дұрыс емес деп ойлаймын. Мен оқыған кітаптарымды әлеуметтік желіде жазып, әсерімді бөлісіп отырамын. Оқырмандармен кері байланыс бар.

Назым САПАРОВА

«Ұлан» газеті, №28
14 маусым 2020 жыл

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=10&id=1220631
Пікірлер

Көрші сілтемелер