Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Мария Агапова: Жаныңда жүргеннің бәрі дос, сені ұрғанның бәрі дұшпан емес | «Жас Өркен» танымдық пор



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жас-өркен торабы

Жолданған уақыты: 09:20 - 2020/07/09

Нақты Көзі: http://zhasorken.kz/?p=33842



Бір кездері аралас жекпе-жек спортында жылдам дамып келе жатқан Ultimate Fighting Championship (UFC) ұйымына мүше болу біздің спортшыларға арман еді. Ал қазір олардың қатары көбейіп жатыр. Шавкат Рахмонов бастаған жігіттердің қатарына қыздардан Мария Агапова да қосылды. Ол бұл ұйыммен осы жылдың ақпан айында келісімшартқа отырды. Негізі Агапова UFC қатарына былтырғы жылдың тамыз айында-ақ өтіп кетер еді, дегенмен америкалық Трэйси Кортестен ұтылып, келісімшарттан құр қалып қойғаны бар. Осы жеңі-лістен кейін Мария Invicta FC промоушені аясында екі мәрте айқасқа шықты. Қыркүйек пен қазандағы жекпе-жекте ол қарсыластары – америкалық Алекса Коннерс пен бразилиялық Марилия Сантосты бірінші раундта уақытынан бұрын жеңді. Осы жетістіктердің арқасында UFC Агаповаға қайтадан назар аударды. Сөйтіп, келісімшартқа қол қойды.

– Армандар орындалады. Менің бір татуымда осылай деп жазылған. Мен оны білетінмін. Өмір бойы көксеп, тер төккен мақсат орындалды. Бапкерлеріме, менеджерлер мен серіктестеріме көп рақмет. Мен тіпті үмітім үзіліп, арманым енді орындалмайды деп түңілген кездерде де жаттығу үшін залға баратынмын. Ал енді UFC қатарындамын, 2020 жылы осы жерде жекпе-жекке шығамын. Мұнда бүкіл әлемнен спортшы-лар жиналған – біз бір үлкен отбасымыз. Осы отбасының мүшесі атанғаным үшін өте бақыттымын. Жақында кітап жазамын. Барлық жанкүйеріме рақмет. Осы уақыт аралығында бір нәрсені түсіндім – жаныңда жүргеннің бәрі дос емес, сені ұрғанның бәрі дұшпан емес, – деп жазған болатын Мария Агапова.

Ал жақында ол UFC on ESPN 10 турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жергілікті спортшы Ханна Сайферспен кездесті. Бұл жекпе-жек карантиндік шараларға байланысты көрерменсіз өтті. Сайферс бар-жоғы 2 минут 42 секунд шыдады. Отандасымыз 3 минутқа жетпейтін уақыт ішінде қарсыласының осал тұсын тапты. Жекпе-жек алдында ақшасыз АҚШ-та өмір сүрудің жоспарын құрған Мария бұл жеңісі үшін 50 мың долларға қол жеткізді. Мария Агапова 1997 жылы 7 сәуірде дүниеге келген. Кереку өңірінің тумасы жекпе-жек түрлерімен жастайынан айналысқан. Әуелі кикбокстың әдіс-тәсілін үйренсе, сосын классикалық бокс үйірмесіне барды. Спортпен айналысу арқылы эмоциясына ие болуды үйренген. Әйтпесе, оған дейін бойындағы агрессияның бәрін көшеде төбелеспен шығарған. 2017 жылы Агапова Астанада өткен ММА-ден бесінші әлем чемпионатында топ жарады. Осыдан соң кәсіпқой спортқа ойысады. Грозныйдың «Ахмат» клубы сапында екі жекпе-жегін сәтті өткізді. Сосын танымал Fight Nights Global промоушенімен келісімшартқа отырды. Бұл ұйым аясындағы алғашқы жекпе-жегінде ресейлік Юлия Куценконы ұтып, одан кейін беларусь қызы Лилия Казактан айласын асырған. Арада 1 жыл өткенде 2018 жылы шілдеде Қытайға барып, Heroine FC ұйымының чемпионы атағына ие болды. Титулдық жекпе-жекте қытайлық На Ляньді бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңген. Былтыр ол UFC-мен келісімшартқа отыруға жақындай түсті. Сол үшін АҚШ-қа келді. Агапованы UFC басшысы Дана Уайт өз турниріне шақыртқан. Ең танымал промоушенге ауысу үшін ол АҚШ-та жергілікті Трэйси Кортезді жеңуі керек болды. Бірақ Мария төрешілердің шешімімен қарсыласына есе жіберді. Бұл оның карьерасын-дағы алғашқы жеңілісі болады. Өзінің айтуынша, мұхиттың арғы жағына ақшасыз барған. Бірақ соған қарамастан арманынан бас тартқан емес.

– Тіпті, көшеде өмір сүруге тура келетіндей жағдай да болды. Бомждар секілді қалай тұру керектігін жоспарладым. Заттарымды сақтау камерасына өткізіп, шатыр сатып алып сонда тұрамын деп шештім. Жаттығу жасау, жуыну, телефонды қуаттауды спорт залында реттеуге болады. Ал түнеп шығу маған әбден қиындық тудырды. Көгершіндерді өлтіріп, оларды қуырып жеуге де дайын болдым. Бірақ үйге қайтып оралу туралы мүлдем ойлаған жоқпын. Тамаққа ақша жетпегенде клубтағы достарым және менеджерім көмектесті. Осындай қиын сәтте қасымнан табылған жандар солар болды, – дейді спортшы.

Дегенмен, ол тоқтап қалмады. Көп ұзамай америкалық Invicta FC промоушенімен келісімшартқа қол қойды. Жоғарыда айтқанымыздай, екі жекпе-жек өткізіп, екеуін де жеңді. Ал биыл арманы болған UFC ұйымының мүшесі атанды. Алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұрынғыдай ақша іздеп қиналмайды.

– АҚШ-тағы өмірім қатты өзгерді. Келісімшартқа қол қойғалы ақша туралы ойламайтын болдым. Дәмді тамақтар жеймін, алаңсыз көп ұйықтаймын. Бар ойым тек жаттығуда. Осы күні өз рахатыммен өмір сүремін, – дейді ол.

Мария жекпе-жектен бөлек, сурет салумен айналысады. Оның Америкада өмір сүруіне салған картиналары да көмегін тигізді. Суреттерін сатып, тамаққа ақша тапқан кездері болған.

– Сурет салу арқылы көп ақша тапқан жоқпын. Маған көбінесе менеджерім беріп отырды. Ал картина үшін тиын-тебен табатынмын. Аптасына бір сурет саламын, соған 80-100 доллар алатынмын. Кейде 20 долларға әзер өткізесің, кейде тіпті тегін беруге тура келеді. Жалпы, осы уақытқа дейін картина сатып, 2000 доллар жинаған шығармын, – деп еске алды Агапова.

Спортшы өзін талантты адам деп санайды. Картинка салады, кітап жазады. Бір кездері туған жері Павлодарда түнгі клубта күзетші болып та жұмыс істеген. Бірақ енді Қазақстанға оралмайтынын, туыстарымен шетелде кездесе алатынын айтып отыр. Павлодар мүлдем ұнамай қалған. Бұл қалада іші пысады, оған тыныш қалалар ұнамайды екен.

– Мұнда келгеннен не ұтамын? Тіпті, жаттығатын залым да жоқ. Бәлкім, қазір таныла бастаған соң шақыратындар болар. Бірақ одан маған пайда жоқ. Спортшы ретінде өсу болмайды. Керісінше, нәтижелерім құлдырай бастайды. Ал қазіргі жаттығып жүрген жерімде атақты спортшы өте көп, – дейді Мария.

Оған бір орында отырған мүлдем ұнамайды, үнемі өзгерісті қажетсінеді. Сондықтан үлкен қалаларда тұрғанды жақсы көреді.

– Павлодар адамдардың ашушаң, агрессияға толы болуына ықпал ететін қала. Қаптаған зауыттар ауаны ластап жатыр. Мұның бәрі адамдарға әсер етеді. Әрине, ондай өмірді де ұнататындар бар. Алматыдан келген құрбыма Павлодар ұнап қалған болатын. «Мұнда бәрі тыныш, жанға жайлы екен» дейді. Ал маған ондай өмір ұнамайды. Өзгерісті қажетсініп тұрамын. Экшнді жақсы көремін. Үлкен қалаларда тұрған қолайлы. Алматыға ғашықпын, – дейді UFC өкілі.

Мария бірнеше жыл бұрын еттен бас тартқан, қазір – вегетариан. Еттің орнына сүттен жасалған тағамдар жейді. Оған себеп – адамдардың жануарларды өлтіруі екен.

– Жануарлар өмір сүру үшін бір-бірін жеп жатады. Ал адамдар асқазанның қамы үшін жануарларды өлтіреді. Аюды өлтіріп, етін жеп, терісінен киім тігіп киеді. Қазір оның бәрін алмастыратын мүмкіндік жеткілікті. Сондықтан жануарларды өлтірудің қажеті жоқ. Диета ұстап жүргеніме үш жыл болды. Тамақтану жүйесін бір жүйеге келтіріп алдым. Диетологым екеуіміз ақуыз мөлшері дұрыс, спортшыға арналған вегетариандық диета жасадық. Ақуызды сүзбе, ірімшік, кейбір соя өнімдерінен алуға болады. Ет жеуді алғаш тоқтатқандар – алғашында көмірсулар сосын жемістердің барлық түрін жейді. Бұл оларды ауруға шалдықтырады. Диета ұстағанда баланс болу керек. Ақуыздар, майлар, көмірсулар туралы білу керек, – дейді Мария.

Бек ТӨЛЕУОВ

«Ұлан» газеті, №25
23 маусым 2020 жыл

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=10&id=1216633
Пікірлер

Көрші сілтемелер