Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Санда қалай тіл үйренді? | «Жас Өркен» танымдық порталына қош келдіңіздер!

Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жас-өркен торабы

Жолданған уақыты: 08:20 - 2020/07/07

Нақты Көзі: http://zhasorken.kz/?p=33819

Санда Әбдіғали – Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің түлегі. Шетел тілдері педагогикалық факультетін бітірген. Alpha Academy тіл мектебінің негізін қалаушы. Ағылшын тілін Advanced, француз тілін Pre-intermediate және корей тілін Elementary деңгейінде біледі. Алты жылдық шәкірт оқыту тәжірибесі бар. Қазір Италияда Erasmus+ бағдарламасы бойынша жарты жыл халықаралық қатынастар мамандығын меңгеріп жатыр.  Тіл үйрену мен бала оқыту төңірегінде әңгімелестік.

Ұлан: Тіл үйренуге деген қызығушылық неден пайда болды?

– Ең алғаш ағылшын тіліне қызығушылық оянды. Қателеспесем 4-сыныптағы әпкемнің кітабын көргенде пайда болды. Қазақ, орыс тілге қарағанда өзге тілде сөйлеу маған қызық көрінген. Сол уақыттан бастап әпкемнің кітабын алдым да, өздігімнен әріптерді үйреніп, мәтін оқи бастадым. Әрине, ол кезде ешқандай ережені білмеймін, мәтіндерді түсінбеймін. Бірақ маған оқу процесі қызық болды. 5-сыныптан бастап ағылшын тілді мұғалімнен  үйрендім. Бала кездегі тілге деген махаббатым болашағымды айқындады.

Ұлан: Тілді қалай меңгердіңіз? Тиімді әдіс-тәсілін айтып бересіз бе?

– Маған тіл үйренуде шетелдік әндер көп көмектесті. Ол жылдары үйде тек DVD бар, ешқандай компьютер, интернет жоқ. Апайымнан сұрап жүріп өлең сөздерін шығарып аламын да, DVD-ге қосылып айтып, тілімді жаттықтырып жүрдім. Ең алғаш қиналып жаттағаным Enrique Iglesias пен Ciara-ның «Takin’ Back My Love» әні еді. Кейін қолыма телефон тиді. Телефонымдағы ұнайтын әндерімнен диктант жазатынмын. Өлеңді тоқтатып, түсінгенімді параққа түсіремін де, соңында ғаламтордан алған дұрыс мәтінмен салыстырамын. Менің ең тиімді тәсілім осы болған. Тыңдалым мен сөздік қорыма өте қатты көмектесті. Пайдалы әдістің енді бірі – ұялы телефонның тілін ағылшынға өзгерту. Бұл дым емес сияқты көрінгенімен адамның санасына, ақпаратты қабылдауына өте жақсы әсер етеді. Транскриптпен көп жұмыс істеңіз. Себебі ағылшын тілі қазақша, орысша оқу сияқты қандай әріп бар соны айту емес. Арнайы оқу ережелері бар. Сөздіктерді алып транскриптпен жақсылап жұмыс істесеңіз миыңыз кейін автоматты түрде жаңа сөздерді дұрыс оқып үйренеді. Телефонға неше түрлі қосымша бағдарлама орнатып алыңыз. Олардың да тіл үйренуге пайдасы зор. Мен әлі күнге дейін сөздік қорымды толықтыру мақсатында соларды пайдаланамын. Ең бастысы айналаңызды оқып жүрген тіліңізбен қоршаңыз. Яғни видео, кино, шоуларды ағылшынша көріңіз. Айтылғанның бәрін түсіну маңызды емес. Санаңыз бірте-бірте өзге дыбыстарға үйреніп, кейін оқу процесінде үлкен пайдасын тигізеді. Ағылшын тілі қазір барлық жерде. Дүкен, мейрамханалардың атын оқып жүріп біршама жаңа сөз үйренесің. Ағылшын тілінде деңгейлік кітап өте көп. Электрон емес, кәдімгі кітапты сатып алыңыз. Жеңіл деңгейден күрделісіне қарай көшу арқылы миыңыз сөйлем құрылымын, ақпаратты жәймен қабылдай бастайды. YouTube желісінде өте көп пайдалы видеолар бар. Соларды қарау арқылы да біраз нәрсе үйренуге болады.

Ұлан: Тіл меңгеріп жүргендегі басты қиындықтардың бірі – сөз жаттау, ақпаратты естен шығармау. Бұл сынақтан қалай өттіңіз?

– Міндетті түрде үйренгеніңізді қайталап, тест тапсырмаларын орындап тұрғаныңыз жөн. Бұл жаңа білімді ойыңызға бекіту үшін керек. Мен өзімнің жеке Инстаграм парақшамда оқырмандарыма арнап күніне бір жаңа сөз салып тұрамын. Кейде тіл үйренуге қатысты посттарды бөлісемін. Осындай пайдалы Инстаграм парақшалар көп. Құр босқа мәні жоқ парақшаларды көргенше күнде Инстаграмның өзінен біраз жаңа нәрсе үйренуге болады.

Ұлан: Ағылшын тілінен бөлек француз тілін қолға алыпсыз. Оқу процесі қалай өтіп жатыр?

– Бұл ағылшыннан кейінгі қызығып оқи бастаған тілім. Университет қабырғасында жүргенде екінші тіл ретінде таңдап, бірден ғашық болдым. Себебі тіл өте сұлу, нәзік. Алайда ережесі өте қиын. Бұл сабақ бірінші курстың екінші жарты жылдығында басталды. Алайда мұғаліміміз көп уақытын жеке жұмыстарына жұмсаумен болып, сабақ дұрыс өтпейтін. Біз тек оқу ережелерімен жақсылап жұмыс істеп, французша қатесіз оқуды үйрендік. Грамматика, лексикасымен қосымша курста тереңірек таныстым. Алматы қаласындағы Alliance Francais мектебінде екі деңгейлік курсты тәмамдадым. Тіл мектебі мені француз тілімен жақын таныстырып, махаббатымды қайта ашты. Тілді күнделікті өмірде қолданбаған соң біраз нәрсе ұмыт болды. Дегенмен жақында қайта қолыма алып, грамматикасын қайталап жүрмін. Ол үшін мен тағы да сол қосымша бағдарлама, видео сабақтар, өлең, киноларды пайдаланамын. Жақында телефонымды француз тіліне ауыстырдым.

Ұлан: Жақында Инстаграм парақшаңыздан кәріс тілін үйреніп жүргеніңізді байқадым. Бұған не түрткі болды?

– Бұл тілге деген қызығушылық оянады деп ешқашан ойламаппын. Бірақ Оңтүстік Корея мемлекетінің мәдениеті, музыка, кино салалары мені бұрыннан қызықтыратын. Қай сала болсын өзгелерге нағыз үлгі болар мемлекет деп ойлаймын. Корейше сериал мен киноларды субтитрлармен көретінмін. Әндерін де тыңдаймын. Алайда ғаламтордан оқып білмесең жаңа дүниенің бәрі жұмбақ емес пе?!. Ал мен бұрыннан тыңдаған дүниемнің мәнін түсініп үйренуге дағдыланғанмын. Өлең сөздеріне де қатты мән беремін. Тіпті қазақша әндердің мәтіні ұнамаса тыңдамаймын. Содан болар корейше әр тыңдаған әнімді түсініп, киноларын субтитрсыз көргім келді. Осы мақсатпен кәріс әліпбиін қолыма алдым. Басында қиын дегенмен жақсылап жаттап алсаңыз әрі қарай өте оңай. Ең қызығы, кәріс тілі біздің қазақ тіліне біраз ұқсайды. Сөйлем құрылысы, жұрнақтар, жалғаулар барлығы бірдей. Мен бұл тілді өздігімнен үйреніп бастадым, алайда бәрібір жол сілтейтін адамның керегін түсіндім. Осылайша онлайн курсқа жазылдым. Курстан тіл жайлы негізгі білім алдым. Қазір тегін ресурстарды қолдану арқылы өзімді жетілдіріп келемін.

Ұлан: Біздің тіл үйреніп жүрген оқырмандарымызға қандай кеңес бересіз?

– Белгілі бір тілді үйрену үшін адамға ең алдымен сол тілге деген қызығушылық пен оқудағы мақсат керек. Яғни сізге бұл тіл ұнамаса, өзіңізді қинап үйретуден пайда жоқ. Екіншіден, мақсатсыз басталған іс қызығушылық жоғалғанда тоқтап қалады. Айтайын дегенім құр үйреніп қоймай, осы үйренгеніңізден өміріңізге пайдалана біліңіз. Махаббат пен мақсатсыз өзге тілдің парағын ашу – құр босқа уақыт кетіру мен өзгенің қалтасын толтыру деп ойлаймын. Білім құр босқа баста жатпауы керек, оның іске асар сәті болғаны дұрыс.

Аружан АБДЕНБАЕВА,
ХАТУ-дың 1-курс студенті.
Алматы қаласы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=10&id=1215123
Пікірлер

Көрші сілтемелер