Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстандағы ең жас университет 1100 грант бөледі | «Жас Өркен» танымдық порталына қош келдіңіздер!



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жас-өркен торабы

Жолданған уақыты: 20:00 - 2020/07/05

Нақты Көзі: http://zhasorken.kz/?p=33805



EXPO-2017, ақпараттық технологиялар, цифрландыру… Бұл ұғымдар сендерге жақсы таныс шығар? Ал осының бәрінің басын қосқан білім ордасы бар екенін білесіңдер ме? Ол – Astana IT University. Университет 2019 жылы қыркүйекте алғашқы студенттерін қабылдады. Қазақстандағы ең жас жоғары оқу орны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылған. Astana IT University EXPO-2017 қалашығында орналасқан. Жоғары оқу орнының басты мақсаты – әртүрлі сала мамандарын технологияға бейім етіп дайындау, пәнаралық технологиялар негізінде цифрлық экономика саласын білікті мамандармен қамтамасыз ету. Astana IT University – Орталық Азиядағы цифрлық трансформация саласындағы жетекші орталық. Жыл сайын осы университет 1100 талапкерге арнайы грант бөледі. Грант жеңіп алу – әрбір талапкер үшін маңызды мақсат. Ал 1100 арнайы грантқа тек Astana IT University- оқу орнына тапсырған талапкерлер арасында конкурс болады. Демек, бұл талапкерлер үшін мүмкіндікті көбейтіп, бәсекелестікті азайтады. Арнайы грантты жеңіп алу үшін не істеу керек? Университет мамандарынан сұрап білдік.

Арнайы грант алудың үш ережесі

1100 арнайы грант 2020-2021 оқу жылында цифрлық журналистика, компьютер ғылымдары, ІТ менеджмент, телекоммуникациялық жүйелер, киберқауіпсіздік, медиатехнологиялар, өнеркәсіптік автоматтандыру, үлкен деректерді талдау (Big data analysis) және бағдарламалық инженерия мамандықтары бойынша бакалавриатқа қабылданатын талапкерлерге бөлінеді.

Арнайы грантқа өтініш беру үшін қарапайым үш шартты орындау керек. ҰБТ-ны сәтті тапсырып, ағылшын тілінен онлайн тестілеуден өтіп, мемлекеттік грант конкурсына қатысарда egov.kz порталы арқылы Astana IT University кодын бірінші таңдау ретінде көрсету керек. Мемлекеттік гранттың 1100-і тек осы университетті таңдаған студенттерге берілетін болады.

Мемлекеттік білім грантын тағайындау бойынша конкурсқа қатысуға өтініштер 2020 жылдың 13-20 шілде аралығында қабылданады. Конкурсқа түсуші өтініште университеттің 522 кодын және өзі таңдаған білім беру бағдарламасының тобын көрсетуі керек.

Шығармашылық мамандыққа тапсыратын талапкерлер мемлекеттік грант конкурсында тек бір мамандық бойынша бақ сынайы алады және алдын ала екі шығармашылық емтихан тапсыруы керек. Шығармашылық бағдарламалар тобын таңдаған талапкердің шығармашылық емтихандағы ұпайлары бейіндік пәннің ұпайының орнына есептеледі. Ал ақылы бөлімге қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.

AITU-ға оқуға қабылдану үшін…

*ҰБТ-дан кемінде 50 балл жинау керек. Оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы бойынша кемінде 5 балл және әрбір бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл жинаған жинау керек.

*Ағылшын тілінен арнайы онлайн тест тапсыру керек. Болмаса IELTS кемінде 5.0 TOEFL кемінде 460 балл жинағаны туралы сертификаты болуы керек. Университетке қабылдауға B1 деңгейіне сәйкес келетін нәтижемен Aptis сертификаты да жарамды. Егер әлі мұндай емтихан тапсырып үлгермегендер болса, 2020 жылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларының InterPress тіл орталықтары берген B1 деңгейіндегі сертификаттар та жарамды.

Astana IT University 3 жылда маман дайындайды

Astana IT University ректоры міндетін атқарушы Серік Өмірбаевтың айтуынша, студенттердің шетелдік жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігі бар. Сондықтан бакалавриатқа қабылдарда талапкерлерге ағылшын тілінен онлайн тест тапсыру немесе арнайы тіл білу сертификатын табыстау талап етіледі.

«Біздің университетте инновациялық білім беру бағдарламасы, техниканың соңғы үлгісімен жабдықталған аудитория, әлемдік IT компаниялардың зертханалары, коворкинг-орталықтар, жоғары білікті оқытушылар – АҚШ, Ұлыбритания және Германияның жетекші университеттерінің түлектері бар. IT индустриясындағы отандық және халықаралық компаниялармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейміз, Astana IT University студенттері Huawei, Microsoft, Kaspersky, CISCO, Lenovo, HP компаниясының базасында тәжірибеден өтеді. Сондай-ақ, шетелдік жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіндік береміз»,дейді Astana IT University ректоры міндетін атқарушы Серік Өмірбаев.

Astana IT University «Талантты студент – дарынды оқытушы – табысты ел!» ұранын ұстанады. Басқа жоғары оқу орындарында бакалавриат 4-5, тіпті одан да көп уақыт оқытылса, бұл университетте бар болғаны үш жылдың ішінде дипломы бар маман болып шығуға болады.

«Біз нарықтың қажеттілігін нақты бақылаймыз. Бұл біздің білім беру бағдарламаларымыздың мазмұнын дұрыс қалыптастыруға, инновациялық білім беру технологиялары мен стратегияларды қолдануға, ІТ саласының ең білікті мамандарын тартуға көмектеседі. Astana IT University студенті болғысы келетін әрбір талапкерге біз өз әлеуетін жүзеге асыруға және тек үш жыл ішінде IT индустриясы саласындағы ең табысты маман болуға 

мүмкіндік береміз. Сондықтан Astana IT University әр студенті осы мақсатқа жету үшін өз күш-жігерін жұмсауы керек», – дейді Серік Өмірбаев.

Astana IT University қандай мүмкіндік ұсынады?

Astana IT University EXPO аумағында орналасуы кездейсоқ емес. Дәл осы жерде Халықаралық IT технопаркі орналасқан. Astana IT University студенттері Astana Hub экожүйесінде IT технология саласындағы Startup жобаларын зерттеп, дамыта алады.

Университет жатақханасы заманауи құрылғылармен жабдықталып, студенттерге сабақ оқуға, шығармашылықпен айналысып, спортта белсенді болуға жағдай жасалған.

Жетім студенттер мен мүгедек студенттер тегін бөлме ала алады. Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасыдан шыққан студенттерге, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы орташа күнкөріс кірісінен төмен отбасылардан шыққан студенттерге 20% жеңілдік беріледі.

Дана МАРАТОВА

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=10&id=1214382
Пікірлер

Көрші сілтемелер