Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Әйгерім Бейбітқызы: Швейцарияны қауіпсіз ел болғаны үшін таңдадым | «Жас Өркен» танымдық порталына қ



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жас-өркен торабы

Жолданған уақыты: 18:40 - 2020/06/19

Нақты Көзі: http://zhasorken.kz/?p=33739



Әйгерім – Павлодар қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі. Швейцарияда Franklin University оқу орнында халықаралық қатынастар мамандығы бойынша білім алып жатыр. Кейіпкеріміз Швейцариядағы оқудың артықшылығы мен шетелдегі өмірі туралы айтып берді.

– Әйгерім, бұл университетке қалай оқуға түстіңіз?

– Университетке Common Application интернет порталы арқылы түстім. Бұл сайт Американың жоғары оқу орындарына немесе америкалық білім ұсынылатын университеттерге түскісі келетін түлектерге арналған. Ұсынылған елдердің ішінде Еуропа мемлекеттері де болған еді. Швейцарияда білім сапасы жоғары екені бәріне белгілі, сол себепті Franklin University оқу орнына құжаттар тапсырдым. – Қандай құжаттар тапсырдыңыз? – Кез келген шетел оқу орнына түсу үшін арнайы тіл емтихандарын тапсыру қажет. Мен IELTS тестілеуінен өткен болатынмын. Оған қоса, мектептегі бағаларымды көрсететін транскрипт, мадақтамалар, алғыс хаттар мен арнайы эссе сұрақтарына жауаптарымды тапсырдым.

– Бұл оқу орнында білім алудың артықшылығы мен кемшілігін атай аласыз ба?

– Университет Швейцария және Америка Құрама Штаттарының дипломын береді, яғни қос диплом жүйесі. Университетті бітірген кезде жұмыс табу үшін артықшылық боларына сенімдімін. Кемшіліктеріне келетін болсақ, шетелде оқитын әр студент сияқты отбасымды сағынамын.

– Не себептен Швейцарияны таңдадыңыз?

– Швейцария елінің оқу бағдарламасы жоғары деңгейде. Оған қоса, бұл әлемдегі ең қауіпсіз елдер тізіміне кіреді. Қазір түрлі жаңалықты көресің, естисің, сол себепті ата-анам үшін бұл маңызды критерийдің бірі болған еді. Швейцария елін таңдауымның тағы да бір себебі – мәдениеттің әртүрлілігі. Университетте алпыстан аса әртүрлі ұлт өкілі оқиды. Олардың тұрмыс- салтымен танысу мен үшін үлкен тәжірибе.

– Ол жақтағы жастар мен ұстаздарыңыз сізді қалай қарсы алды?

– Ұстаздарым Еуропа мен Америкадан келген мамандар. Мектеп ұстаздарынан қатты ерекшеленеді, себебі университетте ешкім артыңнан жүгіріп, кітап оқы деп айтпайды. Барлығы студенттің өзіне байланысты, ұстаздар студенттердің
жауапкершілігіне үміттенеді. Жастар туралы айтсам, көбіне арамызда америкалық студенттер ерекшеленеді. Олар әрдайым сұрақ қойып, жауап беруге әзір. Кейде мұғаліммен келіспеген жағдайлар да болады. Олармен салыстырғанда, Азия мемлекеттерінің жастары көп сөйлемейді, мұғаліммен дебат ұйымдастыруға да әзір емес. Жауап бергің келсе, ұстаз сені әрдайым тыңдауға әзір.

– Студенттерге қандай жағдай жасалған?

– Бұл университет студенттерге арналған клубтар ашып, оқушылардың қабілетін дамытуға бар күшін салады. Мысалы, дебат ұйымдастырады, театр және ән салу үйірмелері бар. Спортпен айналысамын деген студенттер үшін фитнес орталық және футбол, баскетбол секілді секциялар ашылды. Көпұлтты оқу орны бола тұра, университет әр елдің ерекшелігіне көңіл бөледі. Мысалы, Үндістан, Қытай секілді үнемі күріш жейтін студенттерге арнайы ас мәзірі бар. Мұсылман студенттер үшін шошқа еті жоқ арнайы тағамдар бар. Осының бәрі университетті жақсы жағынан көрсетеді деп ойлаймын.

Сұқбаттасқан Мерей Ауғали, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Мұса Шорман ауылы.

«Ақ желкен» журналы, №6
Маусым, 2020

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=10&id=1204230
Пікірлер

Көрші сілтемелер