Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Балаларды буллинг пен кибербуллингтен қорғауды қалай күшейту керек? | «Жас Өркен» танымдық порталына



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жас-өркен торабы

Жолданған уақыты: 12:00 - 2020/06/02

Нақты Көзі: http://zhasorken.kz/?p=33660



Соңғы кезде жаңалықтардан балалардың, яғни мектеп оқушыларының буллингтен өзіне қол жұмсауын жиі естіп жүрміз. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қашықтан оқығандықтан кибербуллинг те жиі айтыла бастады. Балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейі де өскен. Осы орайда Ұлыбританиядағы Лестер университетінде халықаралық құқық бойынша доктор дәрежесін алған Халида Әжіғұлова ұстаздар мен ата-аналарға арналған балаларды буллинг пен кибербуллингтен қалай қорғау керектігі туралы оқу құралын жазыпты. Газет оқырмандары тек оқушылар емес, ата-аналар мен педагогтар болғандықтан жариялауды жөн көрдік.

Халида Әжіғұлова Ұлыбритания, АҚШ және Ресейдің буллинг пен кибербуллингке қарсы күрестегі үздік тәжірибесін зерттеп, соның негізінде қазақ және орыс тілінде үш оқу құралын дайындады:

1) Буллингке қарсы саясат (мектептер үшін);
2) Буллингке қарсы мінез-құлық кодексі (мұғалімдер, оқушылар, мектеп басшылығы және ата-аналар/заңды өкілдер үшін);
3) Ата-аналарға/ заңды өкілдерге арналған жадынама.

Оқу құралдары буллингті болдырмауға және мектепте қолдануы мүмкін қорлау жағдайларын тиімді шешуге арналған алгоритмдерді егжей-тегжейлі сипаттайды.

Жобаның негізгі мақсаты – мұғалімдерге, оқушыларға және олардың ата-аналарына кез келген адамға қатысты зорлық-зомбылыққа, буллинг және кибербуллингке жол берілмейтіні туралы, сондай-ақ алдын алу, әрекет ету және қорғау шаралары туралы кеңінен ақпарат беру.

Жобаның екінші мақсаты – осы құралдарды жетілдіріп, Қазақстан контексін ескере
отырып, мектептерге арналған кибербуллинг пен буллингтің алдын алу бойынша қазақстандық модельдік инструменттерді әзірлеу.

Буллинг деген не?

Қорлау (буллинг) – басқа адамның жанын ауырту мақса-тында агрессияны қолдану. Қорлау жәбірленушіге ауырт-палық пен қайғы әкеледі. Оның агрессив мінез-құлықтың басқа түрлерінен ерекшелігі – бірне-ше рет қайталанады және жеке адамға немесе топқа бағытталады.

Буллингтің қандай түрлері бар?

  • Қарым-қатынаста – жағым-сыз, ерекше мінез-құлық, «азап-таушы» мінез-құлық, қауесеттің таралуы, әлеуметтік оқшаулану (мысалы, кітаптарын жасырып қою, қорқыту әрекеттері).
  • Физикалық – біреудің мүлкі-не зиян келтіру, итеру, аяқпен тебу, қолмен ұру, ұрып-соғу немесе кез келген күш қолдану.
  • Жыныстық қатынас – қалауынан тыс физикалық байланыс немесе жыныстық қорлайтын пікірлер.
  • Вербалды – ат қою, сарказм, қауесет, мазақтау.
  • Кибербуллинг – интернеттің барлық саласында, соның ішінде электрон пошталар мен интернеттегі чат арқылы буллинг, мәтіндік хабарлар мен қоңыраулар арқылы мобильді қауіп-қатер, тиісті технологияларды, мысалы, камералар мен видеоларды орынсыз пайдалану.
  • Экономикалық-материалдық буллинг – бөтеннің мүлкіне зиян келтіру, бопсалау. Мысалы, күш қолдану немесе қорқыту арқылы бірдеңе, әсіресе ақша беру талабы.

Буллерлер қудалау-қорқыту үшін қолданатын әртүрлі сылтаулар:

  • Қорланған адамның діни көзқарасы немесе сенімі;
    Мүгедектік, ықтимал физика-лық қиындықтар немесе арнайы білім беру қажеттіліктері;
  • Жәбірленушінің нәсілі: мысалы, нәсілшіл аттар, мазақ ету, граффити немесе қимылдар;
  • Жәбірленушінің жыныстық немесе қиялдағы сексуалдығы: мысалы, гомофобиялық қорлау.

Қорқыту үшінші тараптың қатысуымен де орын алуы мүмкін. Мысалы, басқа адам жоғарыда аталған әрекеттердің кез келгеніне қатысқаны үшін ынталандырылады.

Буллинг белгілері мен сипаттамасы қандай?

Баланың мінез-құлқы оның қорланғанын көрсетуі мүмкін. Ересектер мұндай ықтимал белгілерді білуі қажет және мынадай жағдайларға назар аударғаны жөн. Егер бала:

  • Мектепке барудан немесе мектептен қайтудан қорқып, мектеп автобусымен немесе қоғамдық автобуспен жүруді қаламай, өзін мектепке апаруды өтінсе;
  • Өзінің қалыпты күн тәртібін өзгертіп, мектепке барудан бас тартып, сабақтан қашуды бастаса;
  • Өзін-өзі өлтіруге тырысса немесе өлтірем деп қорқытса, үйден қашса;
  • Түнімен жылап немесе қорқыныш сезімі болып, таңер-тең өзін нашар немесе ауру сезінсе;
  • Мектептегі үй тапсырмала-рын нашар орындап, үйге жыртылған киіммен немесе бүлінген кітаптармен келеді. Оның басқа заттары бүлінген немесе «із-түс-сіз жоқ болған». Үйге аш келеді (түскі ас ақшасы ұрланады);
  • Ақша сұрайды немесе ақшаны ұрлай бастайды (ақша сұраған адамға беру үшін). Ақшаны «жоғалтады»;
  • Көгерген не кесілген жерлері бар. Агрессив бола бастайды. Орынсыз әрекеттер жасайды;
  • Тамақ жеуден бас тартады. Жоғарыда аталғандардың бәріне адам сенгісіз сылтаулар айта бастайды;
  • Интернет немесе ұялы телефон қолданудан қорқады. Онлайн хабарлама алғанда, мазасыздана бастайды.

Бұл белгілер мен мінез-құлық басқа мәселелердің болғанын да байқатуы мүмкін. Алайда қор-лануы мүмкін екенін және мінез-құлқын дереу тексеру қажет.

Бұл ескертпелерді мектептер қабылдаса, нұр үстіне нұр болар еді. Жобаны әзірлеп жүрген Халида Әжіғұлова мектептерге барып, буллинг пен кибербуллингке байланысты тренингтер өткізеді. Баланың құқығын қорғап, буллинг пен кибербуллингтен сақтап, болашағына балта шаппайық!

Назым САПАРОВА,
Құралдың қысқаша мазмұны автор
Халида Әжіғұлованың рұқсатымен жарияланды.

Фотолар Халида Әжіғұлованың жеке архивінен және интернеттен алынды.

Ұлан» газеті, №22
2 маусым 2020 жыл

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=10&id=1191908
Пікірлер

Көрші сілтемелер