Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматыда «Сен жалғыз емессің!» – мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мейірімділік акциясы ө



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жас-өркен торабы

Жолданған уақыты: 11:20 - 2020/06/02

Нақты Көзі: http://zhasorken.kz/?p=33652



«Сен жалғыз емессің!» 1 маусым – Дүниежүзілік балалар күніне арналған игі шараны «ITeachMe» біліктілікті дамыту орталығы», Орталық Азияның Еуразия қоры мен «Шеврон» компаниясының демеушілігімен «Qolda» жедел жәрдем бағдарламаласының аясында ұйымдастырды. Шараға Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі М.К. Қикымов қолдау көрсетті.

Акция күн сайын көптеген сынақтардан өтіп, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-
аналарды қолдауға бағытталған.

«Сіздің үйіңізге соңғы рет ертегі кейіпкері қашан келіп еді? Жаңа жылда келген шығар», –
дейді Захира Бегалиева,«ITeachMe» біліктілікті дамыту орталығының» директоры. «Бұл
дәстүрді өзгерту біздің қолымызда. Сондықтан, біз ертегілердің жарқын және сиқырлы
кейіпкерлерімен, сыйлықтар, шарлар алып, көтеріңкі көңіл-күймен ерекше экипажды
дайындадық. Біз мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 30 отбасыға барып, өзіміздің
позитивті энергиямызбен бөлістік. Біздің ойымыз – әр бала ғажайыпқа сену керек».

Рафаиль 12 жаста. Ол сурет салғанды, әр нәрсені құрастырғанды жақсы көреді.
Музыкалық аспаптарға да жаны жақын. Кеңестік мультфильмдерді, комедияларды тек
қана дискіден көргенді және оларды жинақтағанды ұнатады. Бөренеден салынған үйде
тұрғанды армандайды.

Руслан 5 жаста, сөйлемейді, айналасында болып жатқанның барлығын түсіне
бермейді. Ол жүзумен, иппотерапиямен айналысады. Екі жылдың ішінде жүзуді игеріп
алды, нәтижелері жаман емес. Анасы айтқан ертегілерді тыңдағанды, кітап оқып бергенін
жақсы көреді.

«Біз бәріміз қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатырмыз, және әр адам үшін оқшаулану кезеңі күш пен шыдамдылықтың қиын сынағына айналды. Бірақ көптеген мүгедек адамдар үшін «өзін-өзі оқшаулау кезеңі» өмір бойы өтеді. Шынында, мүгедектігі бар баланың қоғамның тең құқықты мүшесі болуы көбінесе қиынға соғады. Тұрғын үйлердің кіреберістері, баспалдақтар, сатылар мен шекаралар кедергі болып тұр. Бірақ балалар, сынақтарға қарамастан, өздерінің таза жандарына, ертегілерге, ғажайыптарға және жақсы адамдарға сенеді»,- дейді Альмира Юсупова, 11 жастағы Шухрат Юсуповтың анасы.

«ITeachMe» біліктілікті дамыту орталығы» «Qolda» жедел жәрдем жобасы аясында мүгедектігі бар адамдарға, баласы мүгедек аналарға және зейнеткерлерге, жетім-жесірлерге, жалғыз басты зейнеткерлерге және көпбалалы отбасыларға гуманитарлық, психологиялық және консультациялық көмек көрсетіп жатыр.

ITeachMe құзыреттілігін дамыту орталығының
Баспасөз қызметі

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=10&id=1191869
Пікірлер

Көрші сілтемелер