Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Американың әскери академиясына түсу үшін… | «Жас Өркен» танымдық порталына қош келдіңіздер!



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жас-өркен торабы

Жолданған уақыты: 13:40 - 2020/05/29

Нақты Көзі: http://zhasorken.kz/?p=33641



Мақсат Омар – Шымкент қаласының тумасы. №1 ер балаларға арналған білім-инновация лицейінің түлегі. Қазір АҚШ-тың Колорадо штатындағы Әскери әуе күштері академиясының курсанты. Ақпан айында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған төрт мыңға жуық курсанттың ішінен Мақсат бокстан Wing Open-020 чемпионы атанды. Курсантпен шетелдегі әскери білім туралы әңгімелестік.

2016 жылы мектепті бітіріп, Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтына тапсырдым. Екі апта полигонда болып, жаттықтым. Бірақ оқуға түсе алмадым. Бір жыл бос болдым. Келесі жылы Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтына оқуға қабылдандым. Бір жыл оқыдым. Бір күні институт әкімшілігі Америкада төрт әскери академияда оқуды жалғастыруға болады деген хабарландыру айтты. Іріктеуден өтсек, шетелде оқимыз. Мені бұл ұсыныс шабыттандырды. Емтиханның барлығын тапсырып, жолым болды. Отбасымда ата-анам, үш бауырым бар. Інім де әскери салада оқиды. Екеуміз бір жылда оқуды аяқтаймыз. Қарапайым отбасында тәрбиелендім. Қазір шетелде әскери білім алу заңы өзгерген. Бірақ нақты қандай бап екені есімде жоқ. Шетелде әскери мамандықты оқығың келсе, бірінші еліңде Қорғаныс министрлігіне қарайтын кез келген әскери институтта оқу керек. Шетелде оқығысы келетін қазақстандық Ақтөбедегі авиация мектебі, Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтына оқуға қабылдану керек. Бірінші курстан кейін шетелге тапсыруға рұқсат. Мектепті бітіргеннен кейін бірден шетелге оқуға түсе алмайсың. Қазақстандағы білім жүйесі рұқсат етпейді. Шетелде әскери мамандықты игеру үшін де халықаралық стандартқа сай емтихан жүйесінен өтесің. Талапкер физикалық  тесттен бөлек, IQ және ағылшын тілінің деңгейіне арналған бірнеше сынақтан өтуі тиіс. Мен SAT емтиханын  физика мен логика пәнінен тапсырдым. Ағылшын тілін білу деңгейіңді анықтайтын TOEFL сынағынан сәтті өттім. Осы сыннан сүрінбегендер ауызша емтиханға өтеді. Телефон арқылы сөйлесіп, сұрақтарға жауап бердім. Сол жылы елге арнайы Америкадан майор кісі келді. Жазбаша кезеңнен өткендерден норматив жаттығу, турникке тартылып, кеудені жерден көтеріп жүгіру деген сынақ алды. Соңында өздері ұсынған тақырыптардың бірін таңдап, эссе жаздым. Барлығы сәтімен аяқталып, Америкаға оқуға түстім. Қазақстанда құрлық әскерінде оқысам, Америкада әуе күштері әскерінде оқимын. Үлкен айырмашылық осында. Қазақстан мен Америкадағы әскери академиялардың оқыту жүйесінің айырмашылығы көп. Біздің елде төрт жыл бойы әскери саланы ғана оқытады. Бұл жақта бакалавр кезеңі жеке мамандыққа арналады. Кәдімгі мемлекеттік университеттерде білім алатын  студенттер тарихшы, инженер мамандығын оқыса, бұл жақта да тура сондай мамандықты төрт жыл оқи алады. Бірақ әскери форма киіп жүреміз. Төрт жылдан кейін екі мамандықты растайтын диплом беріледі. Оқуды бітірейін деп жатқан кезде осы мамандығыңның ішіндегі профиль салаңды таңдайсың. Мысалы, біреу ұшқыш, енді біреу инженер боп шығып жатады. Ал Қазақстанда тек әскери мамандығыңды ғана оқып шығасың. Үлкен айырмашылық сонда. Тағы бір айта кететіні, мұнда 5 жылға келісімшартқа қол қояды, ал әскери жұмысын бітірген соң, азаматтық мамандығы бойынша инженер немесе ұшқыш болып жұмысын басқа салада да жалғастыра алады. Қазақстанда ондай нәрсе қарастырылмаған. Бұл жақта білімге қатты мән береді. Алғаш түскенде оқудан шығып қалам ба деген қорқыныш болды. Өте қатты талап қойылады, тәртіп күшті. Көшірмеу мәселесіне қатты мән береді. Алдыңғы жылы көшіргені үшін оқудан шығарылған курсанттар бар екен. Әскери саладан гөрі, қарапайым мамандыққа көбірек мән беріледі. Маған бұл жүйе онша ұнамады. Студенттік кезекшілік болады. Әскери оқу өте аз болып жатыр. Әскери академияда оқығасын, әскери оқу сабақтары мен жаттығулардың көбірек болғанын қалаймын. Кейбір курстанттарға бұл жүйе ұнайды. Жаттығу жасап, жаның қиналмайды. Қарапайым студенттер сияқты сабаққа дайындаласың. Қазақстанда жүргенде неше түрлі сынақ тапсырып, ату сабақтары, автомат жинау тәсілдері секілді түрлі практикадан өтесің. Күндіз де, түнде де сынақ жаттығуларын жасаушы едік. Дегенмен, екі жақтың да әскери оқу жүйесінің берері мол. Академияда 4 мыңнан астам курсант білім алып жатыр. 60-қа да жетпейтін шетелдік студент бар. жылына 60 адамнан артық студент қабылдамайды. Біздің топта 17 шетелдік студент оқиды. Қалғандары – америкалықтар. Бір-бірімізбен татумыз. Жақын тартып, көмектеседі. Алғашқы кезеңді әркім әртүрлі өткізді. Біреулер қиналды, енді біреулер тілді жақсырақ біліп, жеңіл өткерді. Біздің елімізді танымайды. Картаның қай жерінде орналасқанын да білмейді. Оларға түсіндіріп, еліміздің атына кір келтірмей, тәртіпті болып жүрміз. Академиядағы жатақхананың бір бөлмесінде екі курсант тұрады. Курсанттарға стипендия төлеп, тегін жатақхана және тамақпен қамтамасыз етеді. 40 рота бар, соның 29- ротасындамын. Бір ротаның курсантарымен бір үйдің балаларындаймыз,  дейді Мақсат.

«АКАДЕМИЯНЫҢ БОКС ҚҰРАМАСЫНДАМЫН»

Америкадағы Әуе күштері академиясындағы Мақсаттан бөлек Влад есімді жерлесіміз оқыған екен. Өткен жылы оқуын аяқтап, елге қайтыпты. Мақсат та елге оралып, еліміздің болашағына үлес қосқысы келетінін айтты.

  • Биыл 2-курсты бітіремін. Академияға түсу бір бөлек, жауапкершілікті сезініп абыроймен аяқтау – міндет. Елге оралып, әскери салада еңбек еткім келеді. Елімізде әскери оқу жүйесін өзгерту керек. Менің жеке пікірім. Кеңестік жүйе қалып қойғаны жасырын емес. Заманға сай әскери білім жүйесін енгізу керек. Курсанттарға да көбірек бос уақыт беріліп, уақытты тиімді пайдалануды үйрену керек. Қазақстанда бір жыл оқығанда бос уақыт болмады. Ал мына жақта бүкіл уақытты саған беріп қояды. Таңғы және кешкі жиналыс болып тұрады. Америкаға келгенде бос уақытымды қалай пайдаланамын деп ойладым. Тиімді уақыт өткізу дегенді білсем де, практика жүзінде көрмеппін. Болашақ офицерлер үшін уақытты тиімді пайдалану өте қажет. Қазір үйрендім. Қосымша үйірмелерге жазылдым.

Wing Open – Академияның бокстан чемпионаты. Оған оқу орнындағы 4000-нан астам курсанттың кез келгені қатыса алады. Одан бөлек, академияның бокс құрамасы бар, мен сол құраманың қатарындамын. Академияішілік жарыста чемпион болып, Американың облыс деңгейіндегі жарысына жолдама алдық. Бірақ пандемияға байланысты кейінгі шегерілді. Бұрын-соңды спортпен шұғылданбағанмын. Америка келгесін үйрендім. Жоғарыда айтып кеттім ғой, біздің елді америкалықтар танымайды. Соларға таныту мақсатында залға барып, боксты үйреніп алдым. Бұл жағдайға өзімнен басқа ешкім кінәлі емес. Қазақстан елінің азаматы бола тұра, елімді танытуға атсалыспағаным үшін өзім кінәлімін.

Дайындаған Гүлдана НҰРЛЫХАНОВА

“Ұлан” газеті 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=10&id=1189441
Пікірлер

Көрші сілтемелер