Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Чемпионның тағдыры: Атлантадан Сиднейге дейін | «Жас Өркен» танымдық порталына қош келдіңіздер!



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жас-өркен торабы

Жолданған уақыты: 08:00 - 2020/05/28

Нақты Көзі: http://zhasorken.kz/?p=33621



Карантин кезінде өткен тарихты еске түсіріп жатырмыз. Осыған дейін бір кездері атой салған, бірақ осы күні ел есінен шыға бастаған футболшылар, спорттық гимнастика өкілдері туралы жазғанбыз. Бұл жолы қазіргі бес сайыстан 1996 жылғы Атланта олимпиадасының чемпионы Александр Парыгин туралы айтпақпыз.

Алдымен, бессайыс спорты туралы қысқаша ақпарат беріп өтейік. Шыны керек, қазіргі бессайысты жұрт біле бермейді. Семсерлесу, суда жүзу, конкур, нысананы көздеп ату мен жүгіруді біріктіріп, бессайыс деп атаған жарыс түрі ежелгі Грекияда пайда болған. Бірақ заман ағымына сай етіп өзгертіп, қазіргі бессайыс деп аталып жүрген спорт түрі алғаш Олимпиада ойындарының ұйымдастырылуына мұрындық болған, Халықаралық Олимпиада комитетін 1896-1916, 1919-1925 жылдары басқарған Пьер де Кубертеннің бастамасымен 1912 жылы Олимпиада бағдарламасына енді.

Қазақ спортшылары үшін де бессайыс қиын спорт түрі емес. 1982 жылы марқұм Тимур Досымбетов қазақ жастары арасында осы спорттан әлем чемпионы атанды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары да табысты басталды. 1994 жылы Азия ойындарындағы командалық жеңіс, 1996 жылғы Олимпида ойындарындағы Александр Парыгиннің толағай табысы еске түседі.

Алматыдағы Қ.Ахметов атындағы Республикалық арнайы мамандандырылған мектеп-интернат колледжде тәлім алған Парыгинді 1996 жылы чемпион атанады деп ешкім күткен жоқ.

Бір жыл бұрын әлем чемпионатында 10-орыннан аспағаны тағы бар. Ол кезде бұл спорттың элиталық өкілі болып, ресейлік Эдуард Зеновка мен Дмитрий Сватковский, венгр Акош Ханзели мен Янош Мартинек, италиялық Чезаре Торальдо, француз Себастьян Делейн саналатын. Алайда, мұхиттың әр жағындағы додада бәрі басқаша болды.

1996 жылғы ойында қазіргі бессайыс ережесі өзгеріп, бес турнирдің барлығы да бір күнде өткізілді. Бұл спорт­шыларға айтарлықтай қи­ын­дық тудырды. Қазіргі бессайыстағы шешуші жарыс жүгіруге арналған. Александр

мектепте оқып жүрген жылдары жүзумен айналысқан. Ату шеберлігіне оны спортқа еңбегі сіңген бапкер А.Бабушкин баулыды. Қылыштасуды Қазақстанның ең мықты деген бапкерлері үйретті. 1996 жылғы Олимпиадада Парыгин бессайыстың алғашқысы – дүбірлі тапаншамен атуда 11-орын алды. Қылыштасудан үміті ақталып, бірінші орынға ие болды. Жүзуден 21-орынға тұрақтады. Атқа салт мініп жүруден екінші орынға ие болды. Соңғысы жүгіру болатын. Мәреге бір жарым айналым қалғанда қазақстандық спортшы ресейлік Зеновты басып озды. Александр Парыгин осылайша жігерінің арқасында жеңіске жетіп, жанкүйерлерін таңғалдырады. Мамандар сенсацияға балады. Осы сәтті әйгілі фотограф Генри Шварц таспалаған екен.

– Атлантаға дейін алғашқы әлем чемпионатымда жақсы өнер көрсеттім. Көрсеткішім – 10-орын. Сондықтан 1996 жылғы Олимпиада ойындарына кемі қола жүлде үшін бардым. Менің алдымда өзім қазіргі бессайысты үйренген бірнеше спортшы жүгірді. Соңғы жағында өліп шаршадым. Бірақ ішкі жан-дүниемде бірдеңе темпті ұстап тұруға көмектесті. Ал Зеновтың құлаған сәтін өз көзіммен көрмедім. Көпшілік ол мені артымнан ұстаймын деп құлаған деп айтады. Шыны керек, ондай ештеңе сезбедім. Тек алдыға жүгіре беріппін. Мәреге жеткенде қарсыласымның құлағанын айтты, – дейді Александр Парыгин.

Олимпиадан кейін көп нәрсе өзгерді. Парыгин елге танымал болып шыға келді. Атлантада Қазақстаннан барған үш спортшы чемпион атанды. Олар Василий Жиров (бокс), Юрий Мельниченко (грек-рим күресі) және Александр Парыгин.

Мемлекет әрқайсысына 50 мың доллардан сыйақы үлестірді. Ол жылдары бұл көп ақша болатын. Сосын демеушілер тағы 50 мың доллардан, элиталық ауданнан пәтер, көлік, өзге де сыйлықтарды берді. Александр теледидар мен газет беттерінен түспейтін. Ел чемпионымен мақтанатын.

– Бұл естен кетпес уақыт болатын. Әлем түгелдей дерлік менің аяғым астында секілді көрінді. Қазақстанды бәрі таныды. Шын мәнінде жұлдызға айналдым, – деп еске алады Парыгин.

1997 жылы әйелімен және бір жастағы ұлымен Аустралияға кетті. Әлбетте, спортшыны жасыл құрлықтағы елдің намысын қорғайды деп шақырғаны белгілі. Александрдың өзі және оған қамқор болған функционерлер Аустралияда тұрғанымен, Қазақстан намысын қорғайтынын айтты.  Бірақ бәрі де түсінікті еді. Азаматтық ауыстыру – уақыт еншісіндегі жұмыс еді. Парыгинге Тынық мұхитының жағалауында алаңсыз дайындық жасап, жайлы өмір сүруіне уәде етілді. Бірақ бәрі ол ойлағандай болған жоқ.

– Басында бәрі жақсы еді. Сидней олимпиадасына дайындалып жүрдім. Сосын Аустралия азаматтығының болашағы жоқ екені белгілі болды. Мені шақырған азамат денсаулығына байланысты қызметінен кетті. Ал оның орнын басқандарға Парыгиннің бар-жоғы бәрібір еді. Сөйтіп, далада қалғандай болдым…

Дегенмен, Александр бірден бәрінен айырылды деуге келмес. Басында Қазақстанның көк төлқұжаты да бар болатын. Ол Қазақстан атынан жарыстарға қатысып жүрді. Бірақ нәтижесі төмендей берді. Медаль туралы айтудың өзі артық. Аустралияға қоныс аударған соң, Олимпиада чемпионы тіпті әлем кубогының кезеңінде 32 финалистің қатарына да ене алмады. Осыған дейін жинаған спорттық бабын жылдам жоғалтып алды. Сол себепті мамандар 2000 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алмағанына таңғалған жоқ.

Сидней Олимпиадасынан кейін Александр Аустралия азаматтығын алды. Алайда ол жақта ешкімге Олимпиада чемпионы қажет болмады. Төрт жылдықтың басты додасы аяқталды, Аустралияда қайтадан тыныштық басталды.

– Аустралияда крикет пен фути (аустралиялық футбол) және регби танымал. Крикет және фути ойыншылары бай әрі беделі жоғары. Бессайысшылар және өзге де спорт түрінің өкілдері өздеріне ғана үміттену керек. Мемлекет жалпы алғанда үлкен спортты қаржыландырмайды. Олимпиада чемпиондары жасыл құрлықта құрметке бөлене қоймайды, – дейді спортшы.

Оның өміріндегі ең басты оқиғалар 1996 жылы орын алды. Сол жылы Олимпиада чемпионы атанды, дүниеге ұлы келді. Бұл бақытты сәттер еді. Спорттың шыңына жеткен. Оның жетістігі Атланта олимпидасының ерекше жеңістерінің қатарына қосылды.

Жеке өмірі де ғажайыптарға толы болатын. Сүйікті жары, сүйкімді ұлы, пәтер, көлік, ақша, танымалдылық… Бірақ оның бәрі өткен күннің еншісінде. Аустралияда көп нәрсе оған сабақ болды. Отбасымен ажырасты.

– Олимпиадан кейін мені көшеде танитындар көбейді. Венгрияға барғанымда кедендік бекеттен тексермей-ақ өткізді. Өйткені ол жақта қазіргі бессайыс су добынан кейін №2 спорт түрі. Өз ақымақтығымнан Қазақстаннан кеттім. Оған қатты өкінемін. Жас болдым, энергия тасып тұрды. Қасымда тоқтатын ешкім болмады. Ертеңімде ойламадым. Қазақстанда елдің батыры болсам, мұнда жағдай керісінше өрбіді. Сосын өзіме сұрақ қойып көрдім: «Не үшін Аустралияға бардым?» Мұнда әйеліммен ажырастым. Өмір біршама өзгерді, – деп өкінеді Парыгин.

Чемпион қазір құрылыс саласындағы бизнеспен айналысады.

Бек ТӨЛЕУОВ

“Ұлан” газеті

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=10&id=1188320
Пікірлер

Көрші сілтемелер