Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-20937296235 %65 %
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-22815282531 %69 %

Қызылорда облысының үздік кәсіпкерлеріне 1 млн теңгеден берілді - Жаңалықтар | BNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Bnews.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 12:57 - 2019/02/10


Қызылорда облысының үздік кәсіпкерлеріне 1 млн теңгеден берілді

Қазіргі таңда экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігі, яғни 90 мыңнан аса бөлігі шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылған.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылының қорытындысы бойынша өткен кеңесте шағын және орта бизнесті дамытуға қосқан үлесі үшін кәсібін жаңадан бастаған үздік кәсіпкерлер марапатталып, оларға 1 млн теңгеден сыйақы берілді, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жиынға облыс кәсіпкерлері, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, екінші деңгейдегі өңірлік банктер мен қаржылық даму институттарының басшылары, сондай-ақ өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Облыс басшысы Қырымбек Көшербаев жаппай кәсіпкерлікті дамыту арқылы 3 маңызды мәселе шешіліп жатқанын атап өтті: біріншіден, ол салық базасының ұлғаюы, екіншіден – жаңа жұмыс орындарының құрылуы және үшіншіден - қоғамдық-саяси ахуал тұрақтылығының жақсаруы.

"Біз өткен жылы жалпы бюджеті 32 млрд. теңге болатын арнайы "Жол картасын" әзірледік! Бұл қаражаттың 3 млрд. теңгеден астам бөлігін "Стартап" жобаларына бағыттадық. Ал биылғы жылы әртүрлі қаржы көздерінен 34 млрд. теңге қарастырдық.  Сонымен бірге, қайтарымсыз гранттар, шағын несиелер мен несиелерді алудың қадамдық іс-әрекеттерін, типтік бизнес жоспарларды әзірлеп, жобаларды сүйемелдеу үшін әрбір ауылдық округке облыстық деңгейден жауапты лауазымды тұлғаларды бекіттік", - деді аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев.

2018 жылдың басында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 37 450 бірлікті құраса, бүгінгі күні олардың саны 42 342 бірлікті құрайды. Яғни, бір жыл ішінде облыстағы жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнестің саны 4 892 бірлікке ұлғайып, өсім өткен жылмен салыстырғанда 13,1 пайызды құрады.

Сонымен қатар, қазіргі таңда экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігі, яғни 90 мыңнан аса бөлігі шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылған.

Айта кеткен жөн ағымдағы жылы несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін 750 млн. теңге қаралған болса, күні кеше облыстық мәслихаттың сессиясында қосымша 150 млн. теңге және шағын және орта бизнес субъектілерімен алынған несиені ішінара кепілдендіруге 100 млн. теңге бөлінді. Микро және шағын бизнес жобаларын қаржыландыру мақсатында биыл Өңірлік инвестициялық орталыққа 1 млрд. теңге қаржы бөлінді.  Бұдан басқа, "Даму" қорынан шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін 800 млн. теңге тартылады. Қаражат бизнес үшін соңғы мөлшерлемесі жылдық 8 пайызбен, Өңірлік инвестициялық орталық арқылы 10 млн. теңгеден 20 млн. теңгеге дейін 5 жыл мерзіммен берілетін болады.

Облыс әкімі кеңеске қатысып отырған екінші деңгейдегі өңірлік банктер мен қаржы институттарының басшыларына "Кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламалары бойынша жастардың бизнес жобаларына, сондай-ақ өңдеуші өнеркәсіпті одан әрі дамытуға басымдық беру қажет" екендігін айтты.

Кеңес қорытындысы бойынша "Үздік жас кәсіпкер", "Үздік ауыл әкімі", "Үздік бекітілген жауапты тұлғалар" (куратор) номинациялары бойынша, сондай-ақ кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері марапатталды.  Аудандардан және облыс орталығынан  ісін жаңадан бастаған 8 үздік кәсіпкер 1 млн.теңгеден ақшалай сыйақы алды. Ал ауыл әкімдері мен ауылдық округтерде жаппай кәсіпкерлікті дамытуға жауапты лауазымды тұлғалар құрмет грамоталары мен сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ, аудандық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлеріне Құрмет грамоталары табысталды.

Айта кетерлігі, шағын және орта бизнес саласындағы үздіктерді анықтау жөніндегі комиссия құрамына облыстық мәслихаттың хатшысы, "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының бірінші орынбасары, облыс кәсіпкерлері, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ қаржы институттарының өкілдері кірді.

"Осы қабылданған және алдағы уақытта қабылданатын шаралардың барлығы өңір бизнесінің дамуына қолайлы жағдайлар туғызады деп ойлаймын. Бірақ кәсіпкерлерден жұмыстарды одан әрі жандандыруды күтеміз", - деді аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=1&id=947672
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Елордада МӘМС жарнасын 1 min
«ҚазМұнайГаз» еншілес ұ 5 min
Созақтық полицей жолда 7 min
"Қалалық тұрмысты 15 min
Бір белдеу, бір жол ақп 15 min
Президент қаламгер Әбд 15 min
ШҚО-да сыбайлас жемқорл 16 min
Түркістан облысында бұр 25 min
Шинжяң орталықтың меже 1 sagt
Жаңа мемлекеттік бағдар 1 sagt
Побережье Уэльса. 1 sagt
Ғалымдар бекітілмеген л 1 sagt
Назарбаев Нарухитоның т 1 sagt
Елордаға қанша дәрігер 1 sagt
Ақтөбе іргесіндегі ауыл 1 sagt
Елордаға қанша дәрігер 1 sagt
МЖӘ жобалары бойынша ин 1 sagt
Жапонияның жаңа императ 1 sagt
Еліміз орта, бастауыш м 1 sagt
Жұмекеннің бір шедеврі 1 sagt
Елбасы Владимир Зеленск 1 sagt
Елордадаға қанша дәріге 1 sagt
«КІТАПХАНАДАҒЫ ӨНЕР ТҮН 1 sagt
Құрылыс саласының үздіг 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Қазақстандықтар жаңа от 1 sagt
Сарапшылар Алматы ауасы 1 sagt
Әбу-Дабиде ең ежелгі та 1 sagt
Шешуші жарыста 3:1 есеб 1 sagt
Алғашқы Президентіміз 1 sagt