Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21302109642 %58 %

Жезқазғанның мерейтойына орай қалада әлеуметтік жаңа нысандар ашылады - Жаңалықтар | BNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Bnews.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 12:39 - 2019/02/10


Жезқазғанның мерейтойына орай қалада әлеуметтік жаңа нысандар ашылады

Қаланың 65 жылдығына байланысты Жезқазғанда "65 игі істер" жоспары құрылды.

Қарағанды облысында биыл Жезқазған қаласының 65 жылдығы атап өтіледі, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты. Мыс өлкесінің астанасы Кеңгір кентінің орнында пайда болған. Кейінде ол Үлкен Жезқазған деп атауын өзгерткен. 
Қаланың 65 жылдығына орай Жезқазғанда "65 игі істер" жоспары құрылды. Ол жайлы қала әкімі Қайрат Бегімов халық алдындағы есептік кездесуі барысында мәлімдеді. 

"Осы жылы бізге қыруар жұмыс атқаруымыз керек болады. Себебі бұл жыл маңызды, қоғамдық-саяси, тарихи мәні бар оқиғаларға толы. Ол – "Жастар жылы" және Жезқазғанның 65 жылдық мерейтойы. Бұл өзіміздің жетістіктерімізді көрсетуге және туған өлкеміздің дамуына күшімізді шоғырландыруға жол ашатын мүмкіндік", - деді қала әкімі Қайрат Бегімов. 

Қала әкімі "65 игі істер" жоспарына енгізілген анағұрлым маңызды жобаларды атап өтті. Ол – жаңа көпқабатты үйдің құрылысы, кеңес беру-диагностикалық орталықтың ашылуы, Ғарышкерлер гүлзарын, "Жастар" саябағын, Қаныш Сәтпаев атындағы алаңды қайта қалыпқа келтіру және т.б. Алдағы уақытта жаңа бизнес нысандары да ашылады деп жоспарлануда. 

2019 жылы Жезқазғанда 900 орынға шақталған жаңа мектеп салынады. Жоба құны – 1,9 млрд теңге.
Әкімнің айтуынша, қаланың екі мектебінде биылғы жылы ІТ-кабинеттер жабдықталады. Алты мектепте құрылғылар мен асханалардағы жиһаздар жаңартылып, спорт жабдықтары сатып алынады деп жоспарлануда. 

Жақын арада қалада жаңа спорт нысандары – 320 орынға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені, еспе спорт түріне арналған кешен пайда болады. Олардың құрылысы осы жылы басталады. 
Мемлекеттік жекеменшік әріптестік бойынша бизнесмендер жалпы сомасы 5 млрд теңгеге жобаларды жүзеге асырады, деп мәлімдеді Қайрат Бегімов. Сонымен қатар Таэквондо орталығы ашылады деп жоспарлануда. Екі ірі жоба көшелерді жарықтандыру және көгалдандырумен байланысты. 
Қалада сонымен қатар жаңа супермаркет пайда болады. Онда кәсіпкерлер әлеуметтік-бағдарланған бағалар орнатуға уәде беріп отыр. 
Жезқазғандықтар "Сарыарқа" газ құбыры магистралінің құрылысына үлкен үміт артып отыр. Ауқымды жоба Елбасының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. 

"Газ құбырын тарту шалғайдағы тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді және аймағымыздың дамуына оң әсерін тигізері хақ", - деді Жазқазған қаласының әкімі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=1&id=947660
Пікірлер

Көрші сілтемелер