Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-1713149249 %51 %

Нұрсұлтан Назарбаев "Astana Group" компаниялар тобының басшысын қабылдады - Жаңалықтар | BNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Bnews.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 12:09 - 2019/02/10


Нұрсұлтан Назарбаев

Нұрлан Смағұлов Алматы қаласында "Hyundai" жеңіл көлігін жасау зауытының құрылысы басталғаны жөнінде баяндады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына отандық автомобиль өнеркәсібін одан әрі дамытуға байланысты тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. 

Нұрлан Смағұлов Нұрсұлтан Назарбаевқа "Астана Моторс" компаниясының Алматы қаласында "Hyundai" жеңіл көлігін жасау зауытының құрылысын бастағаны жөнінде баяндады.

"Кәсіпорынның қуаты алғашқы кезеңде 30 мың автомобиль шығаруға жетеді. Ал, келесі кезеңде өндіріс көлемі жылына 45 мыңға дейін артатын болады. Соның арқасында Қазақстан нарығын сапалы әрі қолжетімді "Hyundai" маркалы жеңіл автомобилімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ көлікті ТМД елдеріне экспорттауға жол ашылады. Жобаға бөлінген инвестицияның жалпы көлемі – 25 миллиард теңге. Бұған өз қаражатымыздан бөлек коммерциялық талаптарға сай заемдік қаржы тартылмақ. Зауыт 700 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді", – деді Нұрлан Смағұлов.   

Кездесу соңында Нұрлан Смағұлов Мемлекет басшысына Қазақстан бизнесіне тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқаны және "7-20-25" ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы сияқты көлік саласына несие бөлу бағдарламасы жөнінде шешім қабылдағаны үшін алғыс айтты.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=1&id=947639
Пікірлер

Көрші сілтемелер