Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-13946291737 %63 %
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-158524716 %84 %

Цеснабанктің Директорлар кеңесін Шигео Катсу басқарады - Жаңалықтар | BNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Bnews.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 11:36 - 2019/02/10


Цеснабанктің Директорлар кеңесін Шигео Катсу басқарады

Банктің жаңа басшысы болып First Heartland Bank Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары тағайындалды. 

Назарбаев Университетінің Президенті, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Қамқоршылық кеңесінің Төрағасы және Назарбаев Қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Шигео Катсу "Цеснабанк" АҚ Директорлар кеңесін басқарды, деп хабарлайды BNews.kz Назарбаев Университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шигео Катсу мырза 2010 жылдың желтоқсанынан бастап Назарбаев Университетінің Президенті болып табылады. Шигео Катсу мырза осыған дейін Дүниежүзілік банкте 30 жыл бойы түрлі қызмет атқара отырып, Азия, Африка және Еуропа елдеріндегі қаржы секторындағы реформаларды басқарды, түрлі басшы лауазымдарды, сондай-ақ Еуропа өңірі бойынша вице-президент лауазымын атқарды.

"Ал бұрын "First Heartland Bank" АҚ (FHB) Басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарған Бекжан Пирматов "Цеснабанк" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Ол банктік жүйеде 2004 жылдан бастап жұмыс істейді", - делінген хабарламада.

Бекжан Пирматов өзінің мансаптық жолын Корпоративтік қатынастар басқармасында жетекші маман ретінде бастаған болатын. Кейіннен ол "Каспий Банкі" АҚ, "Банк Тұран Әлем" АҚ және "HSBC Bank Kazakhstan" АҚ ЕБ және "Қазкоммерцбанк" АҚ сияқты жергілікті және шетелдік банктерде корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлімшелерді басқарды.

FHB-ке дейін ол Еуропалық қайта құру және даму банкінде (ЕҚДБ) жетекші банкир болып жұмыс істеді, өнеркәсіп, коммерция, агробизнес және табиғи ресурстар секторында ірі корпоративтік клиенттермен жұмыс жүргізу үшін жауапты болды. Бекжан Пирматовтың корпоративтік банкинг, тәуекелдерді басқару және жобалық қаржыландыру саласында үлкен тәжірибесі бар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=1&id=947622
Пікірлер

Көрші сілтемелер