Ақ халатты жандар ел президенті 17 ақпанда қол қойған заңға қарсы бас көтерген. Сол құжатқа сәйкес денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай жарияланған болатын. Дәрігерлердің ашу-ызасын тудырған тағы бір мәселе – жаңа заң бойынша шетелден медицина қызметкерлерін ақылы жұмысқа алуға болады. Негізі бұл наразылық шеруі 19 ақпанда басталған.
Фернандо Ромеро, медицина қызметкерлері одағының өкілі:
- Бүкіл ел болып президент енгізген заңды айыптаймыз. Осындай ақылға сыйымсыз құжат қабылдап, зиян тигізуді, әділдікті бұрмалауды тоқтатуды талап етеміз. Елдегі жағдай күннен күнге ушығып барады. Бізге түбегейлі өзгеріс керек.