Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақмола облысында вакциналаудың екінші кезеңі жүріп жатыр



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 01:50 - 2021/02/24

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/akmola-oblysynda-vaktsinalaudyn-ekinshi-kezeni-zhurip-zhatyr


Ақмола облысында вакцинаның екінші компонентін 200-ге жуық медицина қызметкері алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«QazCovid-In» екінші вакцинасы – Қарағанды фармацевтикалық зауытының өнімі. Ресейлік «Спутник V» вакцинасынан айырмашылығы тек атауында ғана, өзге айырмашылығы жоқ. Әр құтыда бес адамға арналған доза бар», - дейді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нариман Сыздықов. 

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі таңда ақмолалық дәрігерлерге елімізде өндірілген вакцинаның екінші дозасын салу жұмыстары жүргізілуде.

«Облысымызда вакцинаның екінші компоненті 200-ге жуық медицина қызметкеріне салынды. Тағы 1300 адамға екінші компонентін алып, вакициналаудың толық сатысынан өткізіледі. Бұдан бөлек, бірінші кезеңі бойынша педагогтарға және күш құрылымдарының қызметкерлеріне вакцина салу жұмыстары қатар жүргізілуде», – деп толықтырды Нариман Сыздықов.

Айта кетейік, Ақмола облысында вакцина салу жұмысы 24 егу пунктінде жүргізілуде. Кейінірек тағы егу кабинеттері мен көшпелі бригадаларды іске қосу жоспарлануда. 1104 медицина қызметкері жұмысқа тартылып, дайындалды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1359920
Пікірлер

Көрші сілтемелер