Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстан мектептерінде ұлттық идеология қай деңгейде жүріп жатқанын білудің бір жолы осы | “Адырн



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Адырна торабы

Жолданған уақыты: 01:30 - 2021/02/24

Нақты Көзі: https://adyrna.kz/post/60759


Қазақстан мектептерінде ұлттық идеология қай деңгейде жүріп жатқанын білудің бір жолы осы
174
БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ОСЫНДАЙ ЗЕРТТЕУ ӨТКІЗСЕ...
Ресейде өте қызық зерттеу жүргізілді. Мектеп оқушыларына "сіз үшін кім батыр" сұрағы қойылған. Сонымен жауаптар келесідей:
1. Оқушылардың 26,2% ата-анам, досым, туысым деп жауап беріпті.
2. Оқушылардың 10,1% оқушы Темір Адам, Наруто, Өрмекші Адам депті.
3. Оқушылардың 5,4% Кеңес-Герман соғысының ардагерлері мен әскерилер деп тіл қатыпты.
4. Жауап берушілердің 3% Юрий Гагаринді батыр санайды екен.
5. 2,6% оқушы Путинді батырға балапты.
6. 2,4 % дәрігерлерді батыр санайды.
7. 2,1 % төтенше жағдайлар қызметкерлері мен полицейлерді қаһарман деп ойлайды.
8. Оқушылардың 2% спортшылар мен шетел әртістерін батыр деп ойлап жүр екен.
9. 1% жауап берушілер Жуков, Ленин, Кутузовты батыр санайды.
10. 0,7% оқушы Зоя Космoдемьянскаяны нағыз батыр дейді.
Оқушылардың 23,4% сұраққа жауап беруден бас тартқан.
Бұл дұрыс зерттеу, бізде осындай зерттеу керек деп санаймын. Оқушылар кімді батыр санайды, кім олар үшін үлгі? Олардың жауабына қарап-ақ біз мектептегі ұлттық құндылық деңгейін, идеологияны нақты біле аламыз. Әрине зерттеу нақты әрі шынайы жүрсе.
Оқушылар ата-анасын, туыстарын, достарын батыр санаса, кешегі ел қорғаған батырларды, ақындарды, Алаш арыстарын, Кенесары мен Кейкіні, Әлихан мен Ахметті, Мағжан мен Міржақыпты айтып жатса жақсы. Ал егер оларды емес Сталин, Ленин, Жуков, Петрларды айтса, онда өте үлкен идеологиялық жұмыс істеу керек болады. Асхат Аймағамбетов мырзаға кішігірім ұсыныс қой. Тегін жасауға болатын дүние негізі, шығынсыз. Аттас, бір өтінішті жерге тастамашы!
Асхат ҚАСЕНҒАЛИ,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер
Редакция таңдауы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=61&id=1359916
Пікірлер

Көрші сілтемелер