Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Маңғыстау облысында мас жүргізуші өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды - Қазақстан және әлемде



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 23:00 - 2021/01/14

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-i-a/item/448949-ma-ystau-oblysynda-mas-zh-rgizushi-mir-bojy-k-lik-zh-rgizu-y-ynan-ajyryldy



Маңғыстау облысында мас жүргізуші өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды


Маңғыстау облысының тұрғыны өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірнеше мәрте мас күйінде ұсталған азаматқа қатысты Қарақия аудандық соты осындай үкім шығарды. Ол 2019 жылы алкогольдік ішімдік ішіп, көлік жүргізгені үшін үш жылға көлік басқару куәлігінен айырылған еді. Шектеу мерзімі өтпей жатып, заңды тағы бұзған. Бір ай бұрын Қарақия ауданындағы Құланды ауылының маңында көлікті мас күйінде құжатсыз жүргізіп ұсталды. Былтырдан бері мас күйде көлік басқарған азаматтарға қатысты жаза қатаңдатылды. Өткен жылы Маңғыстау облысында спирттік ішімдік ішіп, көлік айдаған 152 адамға сот үкімі шыққан.

Гаухар Нұрханова, облыстық соттың баспасөз хатшысы:

- Бұл жолы қылмыстық құқықбұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін ол Қылмыстық кодекстің 346-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, өмір бойы көлікті басқару құқығынан шектелді. Және 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1335755
Пікірлер

Көрші сілтемелер