Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Орманшы мәртебесін көтеру мәселесі қаралып жатыр - Мағзұм Мырзағалиев



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 03:10 - 2020/10/19

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/ormanshy-martebesin-koteru-maselesi-karalyp-zhatyr-magzum-myrzagaliev


ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев орман шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін күн биыл 18 қазанға тура келіп отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қиындығы мен сан-түрлі тәуекелдеріне қарамастан, еліміздің орман қорын сақтап, жаңғырту табанды еңбек етіп келе жатқан азаматтар қандай құрметке де лайық. Себебі орман кешені - экологиялық қауіпсіздіктің кепілі»,- деп жазды ол Twitter парақшасында. 

Министр қазір орманшылар мәртебесін көтеру мәселесі қаралып жатқанынан хабардар етті. 

«Орманшылар - баға жетпес ұлттық байлығымызды қорғап, келер ұрпаққа жеткізушілер. Олардың зор еңбегін ескере отырып, біздің министрлік орманшылар статусын көтеру мәселесін қарастырып жатыр. Жасыл табиғатты аялау - әрқайсымыздың міндетіміз. Сондықтан барлық ел азаматтарын орман қорына ұқыпты қарап, оны қорғаушыларға қолдау көрсетуге, жұмыстарын бағалауға шақырамын»,- деді Мағзұм Мырзағалиев. 

Еске салайық, орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі 2017 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1282893
Пікірлер

Көрші сілтемелер