Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Kaspi.kz IPO-ның табысты өткені туралы хабарлады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Bnews.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 17:30 - 2020/10/16

Нақты Көзі: https://kaz.zakon.kz/5044213-kaspi-kz-ipo-ny-tabysty-tken-turaly.html



Қазақстанның ірі инновациялық Kaspi.kz компаниясы London Stock Exchange (LSE) және Astana International Exchange-де (AIX) IPO-ның табысты өткені туралы хабарлады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бір депозитарлық қолхат бойынша ұсыныстың бастапқы бағасы $33,75 деңгейінде белгіленді, бұл компанияның нарықтың капиталдануы $6.5 миллиардқа тең екенін білдіреді. London Stock Exchange-дегі бірінші күннің сауда-саттық қорытындысы бойынша Kaspi.kz-тің құны 20% асты.

Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе былай деді:

"Біз әлемнің ең беделді және ірі инвестициялық компанияларын Қазақстан мен Kaspi.kz-тің инвестициялық тартымдылығына сендіре алғанымызға қуаныштымын. Біздің табысты ІРО Қазақстанды әлемнің инновациялық картасына енгізуге және әлемнің ірі инвесторларына біздің еліміздің қарқынды цифрлық трансформациясына қатысуға мүмкіндік береді. Біздің сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсарту туралы миссиямызға сәйкес, біз елдегі ең танымал супер-қосымша Kaspi.kz-ті ары қарай дамытамыз және клиенттеріміз бен серіктестерімізге, Қазақстанға бұдан да жоғары табыс әкелеміз".

Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы және тең құрылтайшы Вячеслав Ким былай деп атап өтті:

Kaspi.kz тарихы он жылдан астам уақыт бұрын басталды. Мен осы мүмкіндікті пайдаланып компанияның табысқа жету жолында маңызды рөл атқарған біздің ерекше талантты және адал командамыздың әрбір мүшесіне алғыс айтқым келеді. Ең басынан-ақ біз елімізді цифрландырудың алдыңғы қатарында жүрдік. Қазақстанда мемлекет инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін өте қолайлы мүмкіндіктерді ұсынып, қалыптастыруда. Осының арқасында бізде Kaspi.kz сынды инновациялық және технологиялық компаниялар қалыптасуда. Біздің табысты ІРО Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын жаңа деңгейге көтеріп, басқа қазақстандық компанияларға әлемдік нарық капиталына шығуға мүмкіндік береді деп сенеміз.

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. Біздің инновациямыздың негізінде өз саласындағы жалғыз және елдегі ең танымал, 7 миллионнан астам қазақстандық қолданатын мобильді суперқосымша Kaspi.kz тұр. Kaspi.kz мобильді суперқосымшасының көмегімен біздің клиенттеріміз төлем және аударым жасап, жеке қаражаттарын басқарады және жеткізу қызметімен тиімді онлайн зат сатып алады. Kaspi.kz-тің

10 000 қызметкерінің әрқайсысы күн сайын біздің сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартып, инновацияларымызбен таңқалдыру үшін бар күшін салады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=1&id=1281856
Пікірлер

Көрші сілтемелер