Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматыдан Ақтауға бағыт алған ұшақта жолаушы "есікті аш" деп шу шығарған



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Bnews.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 15:48 - 2020/10/16

Нақты Көзі: https://kaz.zakon.kz/5044192-almatydan-a-tau-a-ba-yt-al-an-sha-ta.html



Алматы - Ақтау рейсінің жолаушысы бортта бүлік шығарды. Оны ұшақтағы жолаушылардың арқасында сабасына түсіру мүмкін болды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Эйр Астана" баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 қыркүйекте FlyArystan KC 7175 рейсі кезінде Алматы - Ақтау бағытына ұшып шыққан ұшақта жолаушы экипаж мүшелеріне агрессив көрсеткен, кейін белгілі болғандай, ол мас болған. Бүлікшіл жолаушы балағат сөздер айтып, адамдарды итеріп, әбден тулаған. "Бетперде тағыңыз" деген талаптарды орындамаған.

- Қолында "Алматы-Ақтау" бағытына билеті барына қарамастан, ол "Шымкентке баруым керек" деп шу шығарып, ұшақтың есігін ашуға әрекет жасады. Бортсеріктер тәртіпсіз жолаушыны ережеге сай, шектеу белгілерімен оқшаулаған. Алайда жолаушы одан босап шығып, стюардессаны тұншықтыра бастады. Мұны көрген ұшақтағы әуесқой спортшылар оған көмекке келді. Экипаж мүшелерімен бірге олар бүлікшіні сабасына түсіріп, ұшу кезінде өз бақылауларында ұстап, көмектесті. Ақтауға келгеннен кейін зорлық-зомбылық көрсеткен жолаушы полицияға тапсырылды, деп хабарлады әуе компаниясындағылар.

Жолаушыға ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі, 434-бөлігі 1-бөлімі, 566-бөлімінің 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді ішу, ұсақ бұзақылық және әуе кемесінде өзін-өзі ұстау ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ол экипаж мүшелерінен және басқа жолаушылардан кешірім сұраған жоқ.

Кейіннен әуе компанияның басшылығы спортшылар - Боханов Нұрлан мен Тұрабеков Манасқа алғыс айтып, FlyArystan билеттері мен қызметтерін сатып алуға ұшақ үлгілері мен ваучерлер сыйлады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=1&id=1281757
Пікірлер

Көрші сілтемелер