Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Боран, көктайғақ. Алдағы демалыс күндердің ауа-райы болжамы жарияланды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Bnews.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 13:03 - 2020/10/16

Нақты Көзі: https://kaz.zakon.kz/5044164-boran-k-ktay-a-alda-y-demalys-k-nderd.html



Аптаның соңында республикамыздың басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болады. Салдарынан еліміздің басым бөлігінде жылы және жауын-шашынды ауа-райы сақталады, деп хабарлайды zakon.kz.

Еліміздің тек солтүстік-батысы мен солтүстік облыстарына Обь шығанағынан келетін циклон әсерінен жауын-шашын жауып, жел күшейіп, ауа температурасының одан әрі жоғарылай түседі. Алайда, 18 қазанда еліміздің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда Солтүстік-Батыс антициклонының ауып келуіне байланысты күн суытады. 19 қазанда суық циклон еліміздің орталығы мен шығысына ойысады. Ауа температурасы түнде 0-8 градусқа дейін күрт төмендейді, күндіз 5-15 градус жылы болады, сондай-ақ кей жерлерде қар жауып, тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін деп болжанады, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Қазақстанның қалған аумағы жылы болып, көбінесе жауын-шашынсыз болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=1&id=1281627
Пікірлер

Көрші сілтемелер