Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шетелден келгендерді жаңа тәсілмен бақылайтын болады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Bnews.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 11:39 - 2020/10/16

Нақты Көзі: https://kaz.zakon.kz/5044145-shetelden-kelgenderd-zha-a-t-s-lmen-ba.html



Қазақстанның цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елімізге шетелден келетін адамдарды бақылауға арналған "Zertteu" жаңа қосымшасын жасап шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

- "Zertteu" қосымшасы эпидемиологиялық тергеуге көмектеседі. Бұл нені білдіреді? Бүгінде сырттан елімізге келген адам қағаздарды қолмен толтырады. Содан кейін бұл ақпаратты орталық бақылау органына беру керек, бұл орган оны дерекқорға енгізе бастайды, барлығы қосымша уақытты алады және белгілі бір қиындықтар тудырады. Осы істі автоматтандыру үшін біз арнайы мобильді қосымша жасадық, оны сырттан келушілердің телефонына орната алатындай етіп ұсынамыз, сонда олар тиісті жеке деректерді электронды форматта жібере алды, - деді Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Сенаттағы үкімет сағатында.

Бұған дейін министрлік "Saqbol" қосымшасын ұсынған болатын. Бұл хабарлама функциясын іске қосу арқылы Covid-19 диагнозы нақтыланған азамат өз ортасындағы адамдарға соңғы 14 күн ішінде сақ болуын ескертуге мүмкіндік береді.

- Мысалы, егер осы кездесуге қатысқан біреуімізден коронавирус анықталса, қалғандарыңызға "ПТР-тест өткізіңіз, сіз вирус жұқтырған адаммен байланыста болуыңыз мүмкін" деген аноним хабарлама келеді, - деп түсіндірді министр.

Сонымен қатар, барлық мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігінің базасымен біріктірілген.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=1&id=1281546
Пікірлер

Көрші сілтемелер