Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Иммунитетті көтеру үшін не істеу керек – иммунолог Қатия Тәжиевамен сұхбат



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 12:42 - 2020/09/17

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/immunitetti-koteru-ushin-ne-isteu-kerek-immunolog-katiya-tazhievamen-suhbat_a3695691


Иммунитетті көтеру үшін не істеу керек  – иммунолог Қатия Тәжиевамен сұхбат

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2019 жылдың желтоқсанында Қытайда пайда болған жұмбақ инфекцияны ДДСҰ coronavirus disease, COVID-19 деп атады. Бүгінде 30 млн жуық адам ауырып, 1 млн жуық адам қайтыс болғанда, бұл аурумен күрес тым өзекті екенін түсінікті.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда өртенген пәтерден 3 адам құтқарылды Қазақстанда 3916 адам коронавирустан емделіп жатыр Жамбыл облысында дәрі-дәрмектің екі айлық қоры қалыптастырылуда

Адамзат бұған дейін де талай инфекциямен бетпе-бет келген болатын. Алайда, мұндай ауқымды пандемия бұған дейін әлем тарихында болған емес.

Адам иммунитетінің әлсіреуіне не ықпал етуі мүмкін? Оны қалай күшейтуге болады? Бұл туралы №11 емхананың педиатр дәрігері, иммунолог Қатия Тәжиевадан сұрап білдік.

- Қатия Нұрыллақызы, адамның иммунитетінің әлсірегенін қалай білуге болады ?

- Иммунитет немесе иммундық жүйе – бұл оны сырттан келетін барлық заттардан (вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар және т.б.) қорғайтын және істен шыққан немесе ескірген өз жасушаларының жойылуын бақылайтын дене жүйесі (мысалы, бізді ісік ауруларынан қорғайтын иммунитет). Жиі суық тию, температураның ұзаққа созылуы, созылмалы шаршау, буындар мен бұлшықеттердегі ауырсыну, ұйқының бұзылуы, жиі бас ауруы, терідегі бөртпелердің пайда болуы - осының бәрі иммундық жүйенің жұмысының бұзылуының көрінісі.

Адамның иммундық жүйесі тұқым қуалаушылыққа байланысты, өйткені ол құрсақта 50% және қалған бөлігі өмір салтына байланысты қалыптаса бастайды. Адамның иммунитетін сақтауға әсер ететін үштік - бұл дұрыс ұйқы, физикалық белсенділік және рационалды тамақтану.

- Әлемде КВИ екінші рет жұқтырған адам барын ескерсек, бұл вирусқа қарсы иммундық жады сақталмайтыны белгілі болды?

- Вирустар әртүрлі болады. Олардың ішінде мутацияланатын (өзгеретін) және мутацияланбайтын түрлері бар. Вирустық антиген түскеннен соң ағзада қорғаныш реакциясы ретінде антиденелер түзілетінін білеміз. Егер антидене мутацияланбайтын антигенге қарсы түзілсе, ол ұзақ уақыт сақталады, мысалы қызылша вирусы. Ал, егер антидене антигеннің мутацияланатын түріне (тұмау вирусы, короновирус) қарсы түзілсе, ол ұзақ уақыт сақталмайды. Сондықтан біз тұмау вирусын жылына бірнеше рет жұқтырып алуымыз мүмкін.

- Осы тығырықтан шығар жол бар ма?

- Әлбетте, егер барлық жер бетіндегі адамдар тазалық пен гигиена шараларын ұстанса, вирус жойылатын еді. Жеке бас гигиенасын сақтау жұқпалы аурудың ең негізгі профилактикасы болып табылады. Қол гигиенасын сақтау, қолды жиі сабынды сумен жуу немесе алкоголь бар антисептикпен өңдеу, түшкіретін немесе жөтелетін адамдардан қауіпсіз қашықтықта болу, басқа адамдармен қарым-қатынас болған жерде бетперде кию, көзді және мұрынды лас қолмен ұстамау, жөтелгенде немесе түшкіргенде ауызды және мұрынды шынтақ буынымен немесе орамалмен жабу керек. Егер адам өзін жайсыз сезінсе, үйде болғаны дұрыс. Дене қызуы, жөтел пайда болып, тыныс алу қиындағанда медициналық көмекке жүгіну шарт. Науқас адам неғұрлым тез дәрігерге барса, соғырлым толық сауығуға мүмкіндігі жоғары. Осылайша ол өзін қорғап және вирустар мен басқа инфекциялардың таралуына жол бермейді.

- Адамның иммунитетінің әлсіреуіне қандай факторлар ықпал етуі мүмкін?

- Адам дұрыс тамақтанбайтын болса, ағзасында дәрумендер жетіспеушілігі пайда болады. Демалыс пен физикалық еңбектің үйлесімі бұзылғанда, үнемі депрессия, стресс, ұйқының бұзылуы иммунитетті әлсірете түседі. Алкоголь, есірткі, темекіге тәуелділік сияқты зиянды әдеттер. Кей адамдарда белгілі бір аурумен байланысты иммунитет әлсірейді. Жүре пайда болған иммун тапшылығы аурулары, антибиотиктерді ұзақ қабылдау, ауыр операциялар және ішек инвазиялары, паразиттер де ағзаның қорғаныс қабілетін төмендетеді. Қазіргі заманда адам ағзасын әлсірететін факторлар бұрынғыдан көп. Адамдарда қозғалыс азайды, тамақтану дәстүрі бұзылды.

- Ағзаның қорғаныш қабілетін, иммунитетті қалай күшейтуге болады?

- Денсаулықты сақтау және иммунитетті нығайту бәрінен де маңызды, әсіресе көктем-күз айларында. Сондай-ақ, жедел респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) немесе тұмаудан көп зардап шегетіндер иммунитетке назар аудару керек. Иммунитетті қалпына келтіру және сақтау арнайы иммунитетті күшейтетін препараттарды пайдалануға болады. Бірақ денсаулықты нығайтудың көптеген қосымша әдістері бар. Дұрыс тамақтану - вирустар мен аурулардан қорғаудың кілті және дененің қорғанысын жақсартуға ықпал ететін маңызды фактор. Тамақтану сандық және сапалық жағынан ұтымды болуы керек. Саламатты өмір салтын сақтау, физикалық белсенділік, таңғы жаттығу, жүгіру, жаяу жүру, жүзу, серуендеу, зиянды әдеттерден аулақ болған маңызды. Иммунитетті арттыру үшін стреске қарсы тұруды үйрену керек. Стресс және тұрақты жүйке кернеуі дененің қорғанысын төмендетеді, суық тиюді, бас ауруын, психикалық бұзылуларды тудырады және тіпті қатерлі ісікке әкелуі мүмкін.

- Қазақта «ас - адамның арқауы» деген жақсы сөз бар. Иммунитетке ықпал ету үшін қандай тағам ішкен дұрыс?

- Иммунитетті нығайту үшін дәрумендер мен минералдар қажет. Олардың жетіспеушілігін мультивитаминді кешендердің көмегімен толтыруға болады, бірақ табиғи түрде дәрумендер мен минералдар алған дұрыс. Сонымен қоса әртүрлі шөптердің жапырақтары мен тамырларынан алынатын тұнбалар мен шырындар да бар. Тамыр дәрі (женьщень) тұнбасы, қытай лимоншасы және лимон қосылған көк шәй, итмұрын шырыны өте пайдалы. Пайдаланардан бұрын нұсқауларын оқыңыз, ағзаңызға жақпай қалуы мүмкін, абзалы дәрігерден кеңес алғаныңыз жөн

- Әңгімеңізге рахмет


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1262083
Пікірлер

Көрші сілтемелер