Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Сенат сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Bnews.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 11:51 - 2020/09/17

Нақты Көзі: https://kaz.zakon.kz/5040299-senat-sybaylas-zhem-orly-a-atysty-za.html



Сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарады, деп хабарлайды zakon.kz.

Заң жобасын Мәжіліс 10 қыркүйекте мақұлдады, бірақ оны Сенат қабырғасында екінші оқылымда талқылау кезінде түзетулер енгізу қажет болды. Сенат cпикері Мәулен Әшімбаев бұл заң жобасы өткен сессиядағы палата отырысында бірінші оқылымда қаралып, жан-жақты талқыланғанын жеткізді.

"Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мемлекеттік басқару жүйесіндегі негізгі басымдықтардың бірі екені белгілі. Президентіміздің Жолдауында да нақты тапсырмалар берілді. Сондықтан қазіргі таңда тиісті заң жобасына жүйелі түрде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша қосымша шаралар енгізіліп жатыр", – деді Мәулен Әшімбаев.

Заң мемлекеттік қызметшілердің отбасы мүшелеріне кез келген сипаттағы және құнды сыйлықтарды беру мүмкіндігін болдырмауды көздейді.

Сенат депутаты Андрей Лукин, өз кезегінде, жұмыс тобы тиісті талдау жасап, мүдделі мемлекеттік органдармен кездесулер өткізіп, нәтижесінде заң жобасына жаңа түзетулер енгізілгенін айтты. Екінші оқылымнан кейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=1&id=1262041
Пікірлер

Көрші сілтемелер