Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


БҰҰ бас хатшысы екпеге күмәнмен қараушылардың көбеюіне қатысты алаңдаушылық білдірді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Bnews.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 10:57 - 2020/09/17

Нақты Көзі: https://kaz.zakon.kz/5040289-b-bas-hatshysy-ekpege-k-m-nmen.html



"Коронавирус адамзат баласына үлкен қауіп төндіріп отыр". БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш ұйымның 75-сессиясы шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдармен кездесіп, осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Бас хатшы адамзат баласы мұндай дағдарыспен алғаш рет бетпе-бет келіп отырғанын тілге тиек етіп, індетпен бірлесіп күресуге шақырды. Әлемде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 1 миллионға тақап қалғанын және дертке қарсы дәріні іздестіруді жалғастыру қажеттігін жеткізді. Халық арасында вакцинаға деген сенімсіздік барын айтып, екпе туралы жалған ақпаратпен күресуге шақырды", деп БҰҰ бас хатшысының сөзін келтіреді "Хабар-24".

Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:

– Коронавирустың таралуымен қатар, оған қарсы вакцинаға қатысты алыпқашпа сөздер көбейді. Пікір алуандығы адамдардың екпеге деген күдігін арттырып, күмән тудырды. Яғни вакцинаны мойындамау, керек десеңіз сенімсіздік белең алды. Дәл қазір дерт қысып тұрған шақта алып-қашпа әңгімелерге балта шабу керек. Әйтпесе вирусты еңсеру қиынға соғады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=1&id=1261993
Пікірлер

Көрші сілтемелер