Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қостанай облысы әкімінің орынбасары жаңадан тағайындалды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Bnews.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 16:24 - 2020/09/16

Нақты Көзі: https://kaz.zakon.kz/5040172-ostanay-oblysy-k-m-n-orynbasary-zha.html



Архимед Мұхамбетов жаңа орынбасары - бұрын Қарасу ауданының әкімі қызметін атқарған Виктор Ионенконы таныстырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Виктор Николаевич Ионенко Қостанай облысының тумасы. 1970 жылы 31 қазанда Таран ауданы Асенкритовка ауылында дүниеге келген.

1992 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын "инженер-механик" мамандығы бойынша бітірген.

Виктор Ионенко Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланған облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Сергей Карплюктің лауазымына тағайындалады.

Атқарылатын лауазымда Виктор Ионенко көліктік инфрақұрылым, жолдарды қалпына келтіру және жөндеу, құрылыс, сәулет, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жергілікті масштабтағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, азаматтық қорғаныс мәселелеріне, өз құзыреті шегінде облыс әкімі аппараты бөлімшелерінің, облыс әкімдігі басқармаларының, "жасыл экономиканы" дамыту, жетекшілік ететін бағыттары бойынша шекара маңындағы ынтымақтастық мәселелеріне басшылық етеді.

Еңбек өтілі:

- Николаевский кеңшарының машина-трактор паркін пайдалану инженері (1992-1994);
- "Монтажник" прорабы
- "Монтажник" фирмасының директоры
- "Костанайсельхозстроймонтаж" АҚ Таран филиалының бастығы, ЭЛСП режимі бойынша инженер, техқадағалаудың бас маманы, Таран аудандық мәслихатының хатшысы, Таран АЭЖ директорының орынбасары, Костанайэнерго БАҚ Таран АЭЖ директоры, "КЭСК" МКК Таран АЭЖ директоры, "Костанайэнергоорталығы" ЖШС Таран АЭЖ бастығы, "ЭПК-forfait" ЖШС Қостанай Горэлектржелісінің бастығы (1994-2000);
- Қостанай облысы Денисовка ауданының әкімі (2010-2013);
- "Костанайстройтехнологии" ЖШС директоры (2013-2015);
- Қостанай облысы, Меңдіқара ауданының әкімі (2015-2017);
- Қостанай облысы, Қарасу ауданының әкімі (2017 жылдан бастап).


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=1&id=1261480
Пікірлер

Көрші сілтемелер