Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жақсылық Үшкемпіров – жүрген жолы, атқарған ісі көпке үлгі спортшы - Қазақстан және әлемдегі соңғы ж



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 18:40 - 2020/08/02

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/413452-zha-syly-shkempirov-zh-rgen-zholy-at-ar-an-isi-k-pke-lgi-sportshy






Қазақ спортында ауыр қайғы. 70-ке таяған шағында Қазақстанның еңбек ері, Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров дүниеден озды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Даңқты спортшы жаһан жұртына елімізді танытып қана қоймай, талай қайырымды істерімен есте қалды. Жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеп, туып өскен ауыл-аймағын көркейтуге атсалысты.

Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы Жамбыл облысы Свердловск ауданында дүниеге келген. Даңқты балуан грек-рим күресiнен елімізден шыққан Тұңғыш Олимпиада чемпионы әрі әлем біріншілігінде топ жарды. Кәсіби спорттан кейін қоғамдық істерге белсене араласты. Қазақстанның еңбек ерi, «Барыс», «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері атанды. 2019 жылы Қазақстанда марқұмның өмірі жайлы «Жақсылық» деп аталатын көркем фильм түсірілген.

Жақсылық Үшкемпіров, Қазақстанның еңбек ері, олимпиада чемпионы:

– Халқыма рзиамын. Сол жердегі 15 мың халықтың мен кілемге шығар кездегі маған деген қолдауы, «Жақсылық» деген дауыстан жігерлендім. Міне, соның арқасында жеңімпаз атандым. Өзімнің, халқымның, елімнің мерейін тасытып, қазақтың қандай ұлт екенін көрсеткеніме шын жүрегімнен қуандым.

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров жастардың спортқа бет бұруына көп ықпал етті. Түрлі халықаралық жарыстарды ұйымдастырып, өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстанып, олардың ірі додаларда топ жаруы үшін де аянбай еңбек етті.

Жақсылық Үшкемпіров, Қазақстанның еңбек ері, олимпиада чемпионы:

– Жас буындар өсу керек. Келешек солардың қолында. Ертеңгі үлкен азаматтардың орнын басатын сол азаматтар. Сондықтан да мен жастарды ойлай отырып, халықаралық жарыстарды 20 жылдан аса өткізіп келе жатырмыз. Әлі де талай өткіземіз. Құдай аманшылық берсе, халық болып, ел болып әр облыстарда өткіземіз. Оның мақсаты – әрбір қалада, әр облыста жастар білсін менің қандай азамат екенімді, олар да сондай да бір қарапайым қазақтың балалары, менің артымнан еріп, Олимпиада чемпионы болу үшін жастар жарысын ұйымдастырамын.

Қазақстанның еңбек ері Жақсылық Үшкемпіров ата-кәсіппен де айналысты. Меценат болып, талай қайырымды істер атқарды. Өзі туып-өскен ауыл-аймағының көркеюуіне атсалысты. Талай қазақстандыққа әлеуметтік көмек көрсетіп, ілкімді істер атқарды.

Жақсылық Үшкемпіров, Қазақстанның еңбек ері, олимпиада чемпионы:

– 15 шақырым жерге газ тартқызып, осында әкелдірдім. Сол кезде ең бірінші қуанған аналарымыз болды. Әйтепесе, сол үйдің отымен кіріп, күлімен шығатын сол кісілер ғой. Сондықтан да аналарымыз абыройымды көтерді. Осындай іске жарағаныма қуанамын.

Алып тұлға Жақсылық Үшкемпіров талай қайырымды істерімен ел есінде мәңгі қалады. Атқарған жұмысы бұл ғана емес. Балабақша, спорт нысандарын да ашып, жастарға көп көмек көрсетті. Біртуар азаматтың жүрген жолы, атқарған ісі көпке үлгі. Қош бол, Жақсылық аға...

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1232321
Пікірлер

Көрші сілтемелер